Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Күрделі функцияның туындысын табу
Асқарбекова Балымкүл Дайрашовна
Астана қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей
5076
135
Алгебра
Тақырыбы:
Күрделі функцияның туындысын табу
Сілтеме | Блум таксономиясы, оқулық. |
Жалпы мақсаттар | а) оқулық: оқушыларға күрделі функцияның туындысын табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, күрделі функцияның туындысын табу есептерін шешуді үйрету. ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту; б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижелері | - Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін жазып бере алады; - Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі; - Күрделі функцияның туындыларын таба алады; - Есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады. |
Негізгі идеялар | - Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау; - Уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру; - Өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру. |
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу; ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру; Оқушыларды 3 топқа бөлу және топ басшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап сәтін ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау. ІІ.1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Интербелсенді тақтадан үйге берілген тапсырманың дұрыс жауабы беріледі. Жұптасып отырған оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмасып, экрандағы есептің дұрыс жауабымен салыстырады. Дұрыс жауапқа 1 балл қойып отырады. Мұғалім оқушылардың үй тапсырмасы бойынша жинаған ұпайларын оқып кетеді. Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өтеді. ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/tuyndynyng-anyqtamasy ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру. Білу. Күрделі функцияны құрастыру ережесі: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy 1-мысал: g(x)=x+1 f(x)=x2 1) y=f(g(x)) y=(x+1)2 2) y=g(f(x)) y=x2+1 Күрделі функцияның туындысын табу ережесі: Y=f(g(x)) Y'=(g(x))'(f'(g(x))' https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy 2-мысал: туындысын табыңыз. |
|
Жалпы топтарға ортақ тапсырма | Түсіну. Қарапайым функциялардың туындысын табуға арналған тапсырмаларды орындау. Жалпы сыныппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату. Экраннан: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy 5-жаттығуды орындайды. № 213. №214 |
Топтық жұмыс жүргізу | Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу. № 215 а) ә) б) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді. Басқа топтар өз ойларын айтады. |
1-тапсырма | Синтездеу. Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер: №216 есептің a), ә), б) нұсқаcын топтаса отырып орындату. |
Қиындықтар кездескен жағдайда бағыт-бағдар беру. |
2-тапсырма | Қолдану: Топқа есептер: №217 а), ә), б) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу. |
- жаттығуларды топ болып жұмыс дәптерлеріне орындау; - бір-біріне сұрақ қою. |
Қорыту | IV. Сабақты қорытындылау. V. Бағалау. • Топ көшбасшысының бағалауы; • Оқушылардың оқытуды бағалауы; • Оқушыларға бағалар қою. |
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy |
Үй тапсырмасы | ІІ тарау, §16, №218, 219. |
Қате туралы хабарландыру