Презентация ұғымы

Мырзахметов Бауыржан Темірханұлы
Астана қаласы, №70 мектеп-лицей
1630
Информатика
Тақырыбы:
Презентация ұғымы

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға презентация ұғымы мен түрлерін электрондық оқулық арқылы мағлұмат бере отырып түсіндіру, оны тәжірибеде қолданып, үйренуіне бағыт-бағдар беру. Негізгі информатикалық терминдерді ағылшын тілінде айтып, үйренуге дағдыландыру.

Оқу нәтижелері

Оқушылар презентация ұғымы туралы біліп, оны тәжірибеде қолдана алды.

Электрондық оқулықпен жаттығулар, https://kahoot.it/#/ тестерін жасап үйренді.

Презентация түрлері туралы мағлұмат алып, оны тәжірибеде пайдалана білді.

Сабақтың көрнекіліктері

Бейнебаян, Perzi слайдтар, Kahoot.it тестері, https://www.classdojo.com/, http://bilimland.kz ресурстары.

Ғаламтор ресурстары

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/ehkspo-degenimiz-ne https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/prezentacziya-uhymy https://kahoot.it/#/

https://www.classdojo.com/

Алдыңғы оқу

«Тілші стратегиясы» арқылы сұрақ-жауап

– Мәтіндік процессор дегеніміз не?

– Мәтіндік процессор не үшін қолданылады?

– Мәтіндік процессорда графикалық объектілермен қалай жұмыс жасаймыз?

– Құжатты қалай сақтаймыз?

Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

 

Басталуы

Сәлеметсіздер ме балалар! (Оқушыларды түгендеу)

Компьютер – сенің көмекшің.

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болғалы отыр. Себебі информатика пәнін ағылшын тілімен байланыстырамыз. Жаңаша оқыту бағдарламасы бойынша Елбасымыз Н.Ә Назарбаев 2019 жылдан бастап 10-11-сыныптар информатика пәнін ағылшын тілінде өтуі керек деп айтқан болатын. Сондықтан қазірден бастап біз информатиканы ағылшын тілінде өтіп, дайындала беруіміз керек. Ендеше заман талабы сай сіздерді ағылшын тілін жетік меңгеруге шақырамын.

Психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды сабаққа байланысты топқа бөлу, топ ережесін құру.

1.  Презентация – presentation.

2.  Слайд – slide.

3.  Сурет – picture.

Топ ережесі:

  •  Ынтымақтастық, ұйымшылдық.
  • Тыңдау, сөйлеу мәдениеті.
  •  Уақытты үнемдеу.
  • Сыйластық, достық қарым-қатынас.
  •  Тапсырмаларды дұрыс орындау.

Танымдық бейнебаян көрсету «Экспо дегеніміз не?» жақсылап тыңдап алыңыздар, сабақ барысында осы ЕХРО-ға байланысты тапсырмалар болады. https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/ehkspo-degenimiz-ne

«ЕХРО» – дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзі елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.

Электронды оқулық арқылы екі тілде бүгінгі сабақты түсіндіріп, сөздікті дәптерге жазып алу. (Оқулық, дәптермен жұмыс).

Информатика

Слайд.

Бейнебаян

 

http://bilimland.kz

 

білімленд

Ортасы

Тәжірибелік жұмыс: http://bilimland.kz

1. Электрондық оқулықтағы 1-3 жаттығуларды орындаймыз (екі тілде).

информатика

2. «ЕХРО-2017» тақырыбында презентация жасау. Тапсырмаларды әр оқушы бағалау парақтарына дескрипторлар арқылы белгілеп отырады.

Электронды оқулық, оқулық. http://bilimland.kz

Сергіту сәті

Үш тілде айту – қазақ, ағылшын, орыс.

Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

(компьютер – компьютер –  computer)

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.

(басып шығарғыш – принтер –  printer )

Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.

(монитор,дисплей, displai)

Ақпараларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

(принтер,басып шығарғыш, printer)

Жақтаулар арқылы шектелген  Экрандағы төртбұрышты аймақ

(терезе, окно, windows)

 

Аяқталуы

«Сиқырлы қапшық» айдары бойынша әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

1.  Презентация дегеніміз не?

2.  Слайд деп нені айтамыз?

3.  Презентацияға суреттерді қалай қоямыз? https://kahoot.it/#/ бойынша тест орындау.

Бағалау. https://www.classdojo.com/ сайтына кіріп оқушыларды берілген смайликпен және балдарын қою арқылы мұғалімнің бағалауы.

информатика

Электронды оқулық, ғаламтор. http://bilimland.kz https://kahoot.it/#/

https://www.classdojo.com/

Соңғы оқу

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/prezentacziya-uhymy

информатика

ресурсындағы тесті орындау.

http://bilimland.kz

Кері байланыс

«Бес саусақ», «Бестік» кері байланыс.

Қағаздың бетіне өз саусағыңызды айналдыра сызыңыз.

Әр саусақтың өзінің орны /позициясы/ бар, сол бойынша өз оларыңызды айтасыңдар.

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.
2. Сұқ саусақ – маған қиын болды.
3. Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады.
4. Төртінші саусақ – менің көңіл күйім.
5. Бесінші саусақ – менің ұсынысым.

 

Қате туралы хабарландыру