Өрнектер

Жолдыбаева Ләйла
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қарауылкелді орта мектебі
3111
Информатика
Тақырыбы:
Өрнектер

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өрнек туралы мағлұмат беру. Әртүрлі типтегі мәндерді өрнектерде қолдануды үйрету. Арифметикалық өрнектердің жазу ережесімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары

 

Барлық оқушылар:

«Өрнек» терминінің анықтамасын айта алады.

Өрнек құра алады.

Div және mod амалдарының әрекеттерін сипаттай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өрнектің типін анықтай алады.

Арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін айта алады.

Қандай амалдардың жоғары басымдылыққа ие екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

Арифметикалық өрнектерге байланысты өздігінен программа құра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

«Жарқын көңіл күй» тренингі арқылы әдепті, сыпайы сөйлеуге, бір-біріне жақсылық тілеуге үйренеді.

Үй тапсырмасы кезінде текст түсіру арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізіп, нақты, айғақпен және тез сөйлеуге үйренеді.

Бірін-бірі мадақтау арқылы әдепті, жақсы, шынайы сөздер айтуға тырысады.

Топпен бірігіп тақырыпты талдауда, тобына түсінікті қылып сөйлеуге үйренеді.

Дәлелдемеге сүйеніп сөйлеуді үйренеді.

Кері байланыста өз ойларын анық жазып, түсіндіріп айтуға үйренеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Div, mod, integer, real, өрнек, арифметикалық өрнек.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Өрнек сөзін қалай түсінесіздер?

2. Жақшасы бар арифметикалық өрнекті есептеу қалай жүргізіледі?

3. Программалау тілінде бөлшек өрнектер қалай жазылады?

4. Өрнектің типін қалай анықтаймыз?

5. div және mod амалдарының әрекетін сипаттап беріңдер?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

1. Арифметикалық ережелерді жазу ерекшеліктерінің не білетіндіктерін анықтау.

2. Өрнектерді білетін, білмейтінін саралау.

3. Арифметикалық өрнектерге программаны еркін түрде құра алатынын білу.

Ұсыныстар:

 

Алдыңғы тақырып

Өткен сабақта енгізу мен шығару операторларын өтсе, сол тақырыпқа сәйкес осы тақырыпта арифметикалық өрнектерді программаға салып, енгізу және шығару операторларын пайдаланып, программа құра алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

 

2 минут

 

5 минут

 

4 минут

Оқушыларды ұйымдастыру (түгендеу, класс тазалығы)

«Жарқын көңіл күй» тренингінде оқушылар арасында жақсы көңіл күй қалыптастыру.

(бір-біріне жүрекшені беру арқылы есімінің бас әрпінен басталатын мадақтау сөз айту)

«Үш шапалақ» пен өздерін мадақтайды.

Фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) түстеріне қарай 3 топқа біріктіру.

Зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында топпен бірге өткен тақырып жайлы мағлұматтар жазу.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын миға шабуыл ретінде (http://itest.kz/lekciya_sandy_ornekter_aripti_ornekter) математикалық өрнектерді еске түсіреміз.

Информатикадан 30 сабақ  Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,  А.Б. Дәулетқұлов, Алматы  – 2004.

www.itest.kz

 

Ортасы

4 минут

8 минут

4 минут

 

5 минут

3 минут

Жаңа сабақты меңгеру үшін https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/programmalau-tilinde-arifmetikalyq-sojlemderdi-zhazu-erezheleri сайтын пайдаланып әуелі, бейнеролик арқылы меңгеріп аламыз. Сосын «Мәтін» бөлімі арқылы бәріміз бірге талқылаймыз.

Қаншалықты меңгергендерін тексеру мақсатында «1, 2-жаттығу» бөлімімен тексереміз.

 

Оқушыларға топтық тапсырма ретінде «Тест» бөлімі беріледі. Топпен белгілеп, соңынан талқылаймыз.

 

Сабақ барысында сергітіп алу мақсатында Блез Паскаль жайлы мағлұматтар бейнеролигін  (https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/05-blez-paskal-dzhei-ms-gregori-gai-yulii-czezar-kz) қарап аламыз.

Электронды оқулық.

www.bilimland.kz

Bilimland

Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. А.Әлімов, Алматы, 2015 ж.

Аяқталуы

6 минут

 

4 минут

«Ассосация» әдісі арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы, бүгінгі өткен тақырыппен бірге өткен тақырыптарды еске түсіріп сабақты бекіту.

www.bilimland.kz сайтын пайдаланып «Тәжірибелік жұмыс» бөліміндегі тәжірибелік жұмысты түсіндіріп, үй тапсырмасы ретінде беру.

«Түсіндім, қолдандым, тағыда білгім келеді» оқушылармен кері байланыс орнату.

Информатика негіздері журналы.

www.bilimland.kz

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Тәжірибелік жұмыс кезінде барлық оқушылар тек үлгісін жасаса, қабілеті жоғары оқушылар өздерінің тың идеяларын ортаға сала алады.

Зерттеушілік әңгіме, талқылау кезінде тек айтып қана қоймай, компьютерден көрсетіп, дәлелдеу арқылы көрсетеді.

Айтуға қиын және көп қолданыла бермейтін сөздерді айтумен ерекшеленеді.

Б: «Өрнек» терминінің анықтамасын айтып, өрнек құра алады. Div және mod амалдарының әрекеттерін сипаттай алады.

Ә: Өрнектің типін анықтап, арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін айта алады.

Қандай амалдардың жоғары басымдылыққа ие екенін біледі.

А: Арифметикалық өрнектерге байланысты өздігінен программа құра алады.

Ағылшын тілі (ағылшын тілінен енген сөздер)

Математика (математикалық өрнектер)

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау

Компьютер, интерактивті тақта, интернет

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?  Бүгін оқушылар не білді? 

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар сабақты жоспарлағанымдай меңгерді. www.bilimland.kz сайты жұмыс жасау үшін өте ыңғайлы болды. Оқушыларға жеңіл әрі шынайы жасалынған. Осы сайтты пайдалану арқылы сабақ өз мәнінде ашылды. Сыныптағы ахуал жақсы көңілде болды. Мұны кері байланыстан да көруге болады. Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты үйден осы сайт арқылы табуға болатындықтарын,  сабақтың жеңіл түсіндірілгендігін жазды. Бұл арқылы өзімнің жоспарлаған шараларымның тиімді болғанын көрдім. Уақыт жағынан да еш қиналмай, бәрі уақытымен өтті.

«Жарқын көңіл күй» тренингі

Өрнектер - 1

 

Зерттеушілік жұмыс арқылы «мәтін түсіру» жұмысы

Өрнектер - 2

 

 www.bilimland.kz сайтын пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері

Өрнектер - 3

Сергіту сәтінен көрініс

Өрнектер - 4

 

«Ассосация» әдісі кезінде

Өрнектер - 5

 

www.bilimland.kz Тәжірибелік жұмысты үйге беру

Өрнектер - 6

Қате туралы хабарландыру