Модельдің түрлері

Қойшыбаева Гауһар Нұрмұқанқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №47 жалпы орта білім беретін мектеп
1153
Информатика
Тақырыбы:
Модельдің түрлері

Сабақтың тақырыбы

Модельдің түрлері

Сабақтың негізделген оқу мақсаты

Модельдердің өмірде қолданылуын және Google Sketch Up бағдарламасында үшөлшемді модельдерді құруды үйрену.

Жетістіктер критерийлері

Барлық оқушылар:

  • модельдердің түрлерін біледі және ғимараттарды үшөлшемде модельдей алады;
  • www.bilimland.kz сайтынан түсіндіру видеоларын қарап, тақырыпты меңгереді;
  • сайттың көмегімен тест тапсырмаларын, жаттығулар орындап білімдерін тексереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • модельдердің әр салада қолданылуын және олардың мүмкіндіктерін біледі;
  • www.bilimland.kz сайтының ресурстарын тиімді қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

  • өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып, тақырыпты толықтай меңгереді;
  • сайтта берілген тапсырмаларды орындайды;
  • Google Sketch Up бағдарламасында ғимараттың үшөлшемді моделін құрастырады.

Өткен тақырып

Модель және модельдеу.

Қолданылатын
әдіс-тәсілдер

«Сәлемдесу» тренингі, «Миға шабуыл», «Ой қозғау», сайттан видеолар, тест тапсырмалары, жаттығулар орындау, компьютерде тәжірибелік жұмыс.

Жоспар

Уақыт

Жаттығулар

 

Ресурстар

Басталуы

 

«Сәлемдесу» тренингі.

Мақсаты:

– Оқушыларға жағымды атмосфера қалыптастыру.

– Оқушылар түрлі ұлттарың амандасу салттары бойынша бір-бірімен амандасады.

 

Ортасы

 

Үй тапсырмасын тексеру

І Миға шабуыл

Сұрақтар:

1. Модель дегеніміз не?

2. Модельдерді күнделікті өмірде кездестіре аламыз ба?

3. Олар не үшін қажет?

ІІ Оқушылардың ойларын түйіндеу мақсатында www.bilimland.kz сайтындағы видеотоптамадан «Оқытушы фильмдер», «Информатика», «Жасанды интеллект дегеніміз не?» тақырыбында видео көрсетіледі. (https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/informatika/lesson/zhasandy-intellekt-degenimiz-ne сілтемесі бойынша)

ІІІ Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін www.bilimland.kz сайтынан https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-uhymy сілтемесі бойынша тест тапсырмаларын және №1, 2, 3-жаттығуларды орындайды.

www.bilimland.kz

логоо

 

Жаңа сабақты меңгерту

І Ой қозғау

1. Модельдің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Жасанды интеллект модельдің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

3. Мектепте сабақ үдерісінде қандай модельдердің түрлерін қолданып жүрсіңдер?

ІІ https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-turleri сілтемесі бойынша «Модель түрлері» тақырыбында видео көрсетіледі. Оқушылардың видео туралы ой-пікірлері тыңдалады.

ІІІ https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-turleri сілтемесі бойынша «Мәтін» бөлімі арқылы мұғалім оқушылардың ойларын түйіндейді.

ІV Сұрақ-жауап: Балалар, біз өткен сабақта нысандарды модельдейтін қандай бағдарламаны үйрендік? Ол бағдарлама неге мүмкіндік береді? Бүгін қандай нысандарды үшөлшемде модельдегілерің келеді?

ІV Бізге ғимараттарды модельдеуге www.bilimland.kz сайты көмектеседі. https://bilimland.kz/kk/courses/himarattar-men-qurylymdardy-pajdalanu/arxitektura/lesson/azamattyq-himarattardyng-konstruktivtik-zhujeleri-negizi-zhane-irgetasy сілтемесі бойынша «Ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану», Архитектура» «Азаматтық ғимараттардың конструктивтік жүйелері. Негізі және іргетасы» тақырыбында берілген видеоға назар аударамыз. Видеодан оқушылар ғимараттардың моделін жасау барысында неге мән беру керектігін, модельдеу кезеңдерін түсінеді.

 

 

 

 

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Тапсырма: Google Sketch Up бағдарламасында өздері қалаған ғимараттың үшөлшемді моделін құрастырады.

Сергіту сәті: Оқушыларды сергіту мақсатында  www.bilimland.kz сайтынан «Телевизиялық бағдарламалар» 5 минут арасында https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/5-minut-obo-vsyom/lesson/030-tas-dauiri-unggirdegi-mektep-ai-ehtiket сілтемесі арқылы «Тас дәуірі. Үңгірдегі мектеп. Ай. Этикет» тақырыбында қызықты видео көрсетіледі.

Жаңа сабақты бекіту

Бүгінгі өткен жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін www.bilimland.kz сайтынан https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-turleri сілтемесі бойынша тест тапсырмаларын және №1, 2, 3-жаттығуларды орындайды.

Аяқталуы

Сабақты қорытындылау

І Мұғалім https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/model-turleri сілтемесінің «Сөздік» бөлімі арқылы сабақты қорытындылайды.

ІІ Кері байланыс

1. Балалар біз бүгін не үйрендік?

2. Сіздерге жаңа сабақты түсінуге не көмектесті?

3. Білімленд сайтын не үшін қолдандық?

4. Сайттың қандай пайдасы болды?

Үйге тапсырма беру: Интернет ресурсын пайдалана отырып, «3D әлемі туралы қызықты деректер» тақырыбында эссе жазу

 

www.bilimland.kz 

 

Қосымша ақпараттарды www.bilimland.kz сайтынан көре аласыздар.

Қате туралы хабарландыру