Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Кестелер. Кестелерді құру
Қойбағар Гүлжан Бүркітбайқызы
Атырау қаласы, №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия
3289
107
Информатика
Тақырыбы:
Кестелер. Кестелерді құру
Сабақтың мақсаты | Кесте құруды үйрену. |
Нәтиже | • Кесте ұғымын түсінеді; • Түрлі тәсілмен кесте құруды біледі; • Кестеге деректерді енгізуді біледі; • Кесте бойымен жылжуды біледі; • Кестелерді түрлендіруді біледі. |
Ресурстар | Оқу есептеуіш техника кешені, интерактивтік тақта, слайдтар, жұмыс дәптері, А3 парақшалары, түрлі-түсті бояулар, тапсырмалар жазылған парақшалар, бағалау бетшесі, www.bilimland.kz. |
Міндеттер | Оқушылардың өзін-өзі оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі. 2 минут |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып оқушыларын түгендеу. Сыныпты 3 топқа бөлу (түс таңдау арқылы) Қызыл түс таңдағандар – сөзшең, қызба мінезді бірақ шынайылықты жақсы көреді екен. Жасыл түс – жігерлі, табанды, мақсат қоя білетін жандар екен. Сары түс – көңілді, сабырлы, білуге құштар жандардан тұратын топ екен. Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріңді өздерін бағалайсыздар. Сондықтан бәріне бағалау парақшасын таратамын. Әр тапсырманы орындау барысында берілген критерий бойынша ұпайларыңызды қойып отырасыздар. |
• Оқушылар сәлемдеседі. • Сабақта жоқ оқушыларды айтады. Түс таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Білу» үй тапсырмасын тексеру. 6 минут |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Лото» ойыны (сұрақ-жауап) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
• Мәтінді пішімдеу дегеніміз не? • Алын-ала қараудың негізгі қызметі қандай? • Мәтінді бірнеше бағандарға бөліп жазу үшін қандай бұйрықтарды орындау керек? • Мәтіндік процессорда тізімдердің қандай түрлерін қолдануға болады? • Мына батырмалардың , қызметтері қандай? |
Сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап берген оқушы өзін-өзі бағалау парақшасына ұпайын қойып отырады. Жауап берсе-1 ұпай. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ребусты шешу арқылы тақырыпты шығару «Түсіну» (12 мин) https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi «Ойлан-топтас-талқыла» топтық жұмыс 1-топ Кесте дегеніміз не? 2-топ Кестені қалай құруға болады? 3-топ Кестелерді безендіру қалай орындалады? |
Ребусты шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығарады. Түсіндірілім бөлімін тыңдайды. Топпен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Өздеріне берілген тапсырманы қорғайды. Әр оқушы өз бағасын қояды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Қолдану» 13 минут |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жеке практикалық жұмыс А деңгейі - Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді жазыңдар. - Кестені безендіріңдер - Кестені «Сабақ кестесі» деген атаумен сақтаңдар.
В деңгейі - Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте құрып, толтырыңдар. - Кестені безендіріңдер.
|
Әр оқушы жеке практикалық жұмыс орындайды. А деңгейінің тапсырмасы бойынша оқушылар 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құрып, сабақ кестесін жазады. Кестені безендіріп, «Сабақ кестесі» деп сақтайды. Оқушылар өз ұпайларын бағалау парақшасына жазады. Тапсырманы толық орындаса -3 ұпай, толық емес болса, орындауына қарай - 1-2 ұпай. В деңгейі тапсырмасы бойынша оқушылар кесте құрып, өз достары туралы мәлімет жазады. Кестені безендіреді. Кестені сақтайды. Тапсырманы орындап болған оқушылар өз тобындағы оқушыларға көмектеседі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті «Тілектер бұрқасыны». 1 минут |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға парақша беріледі. Бір-біріне тілек жазып, қар секілді домалақтап, лақтырады. Келесі оқушы алып оқиды. | Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Талдау». 4 минут. Жаттығулар орындау. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi |
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi компьютерде 2-3 жаттығуды орындау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Жинақтау». 5 минут. Тест тапсырмасын орындау. (дұрыс жауап 80-100% - 2 ұпай, 40-60% - 1 ұпай). https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi • Кері байланыс • Бүгін мен білдім… • Мен үйрендім... • Қиындық тудырды... • Қолымнан келді.. |
Компьютерде bilimland.kz сайтындағы тест тапсырмасын орындау. Оқушылар өз ойларын жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау 1 минут | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өзін-өзі бағалау парақшасы
10-12 ұпай - өте жақсы, жарайсың! 6-10 ұпай - жақсы, бұдан да жақсы қатыса аласын! 3-5ұпай - орташа, келесі сабақта жақсы қатысуға тырыс. |
Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма 1 минут | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
§22 оқу. Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын орындау. | Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
Қате туралы хабарландыру