Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу

Абдуллаева Феруза
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназия
3029
Информатика
Тақырыбы:
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу

   

Жалпы мақсаты

Құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрете отырып, оқушылардың сыни ойлау арқылы ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Топтық жұмыста талдау және бағалау дағдыларын дамыту. 

Міндеттері

- Тақырып бойынша мағлұмат бере отырып, практикалық жұмысқа баулу; 

- Топтық жұмыс арқылы бірлескен жұмысты ұйымдастыру; 

- Тақырыпты АКТ көмегімен аша отырып, сыни ойлауға жетелеу.

Күтілетін нәтиже

- Топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

- Сыни тұрғыдан ойлауға, өз пікірлерін айтуды үйренеді;

- АКТ тиімді қолдана алады.

Түйінді идеялар

WordPad мәтіндік редакторында графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Иә-жоқ» альтернативті тест алу, топтастыру, «Ойлан, тап» ойыны, «Жемістерді терейік» ойыны, рефлексия.

Ресурстар

Оқулық, слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, электронды оқулық, интернет желісі, 

Bilimland

 www.bilimland.kz сайты.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

1) Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу.

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңменен,

Құшақтап бір алайын.

 

2) Топқа бөлу.  

(Сурет арқылы)

Мұғаліммен амандасып, тренингке қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет арқылы топқа бөлінеді.

Білу кезеңі

«Иә-жоқ» альтернативті тест алу арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

1. Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым. (ия)

2. Компьютер – ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал. (ия)

3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі байт. (жоқ)

4. Бір Кбайтта 1000 байт бар. (жоқ)

5. «Ақпарат» сөзінде 7 байт бар. (ия)

6. Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы. (ия)

7. Пернетақта – ақпарат шығару құрылғысы. (жоқ)

8. Paint – мәтіндік құжаттарды құруға арналған бағдарлама. (жоқ)

9. Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (ия)

10. Мәтіндік редактор – мәтіндік құжаттарды құруға арналған программа. (ия)

Әрбір сұраққа оқушылар жауап беру арқылы үй тапсырмасын еске түсіреді және балл жинайды. Оқушылар жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады.

Түсіну кезеңі

Топтастыру стратегиясы бойынша топтар мәтіндік редактордың және графикалық редактордың мүмкіндіктерін, элементтерін жазады.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/matindeu-zhane-grafikalyq-aqparattardy-ongdeu-quramdastyrylhan

сілтемесі бойынша мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу тақырыбы бойынша видео көрсетіледі.

Әр топ берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

Талдау кезеңі

Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

Оқушылар қойылған сұрақты талдайды. Қандай тәсілдер қолдануға болатынын айтады.

Қолдану кезеңі

 

«Ойлан, тап» ойыны. Жұмбақтар жасырылады.

Жұмбақты мәтіндік редакторда тереді және жауабын Paint-та салады.

Оқушылар жұмбақты шешеді, жауабын үш тілде айтады, компьютерде орындайды.

Сергіту сәті

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/informatika/lesson/telefon-degenimiz-ne сілтемесі бойынша оқыту фильмі көрсетіледі.

Көрген видео бойынша пікірлер алмасады.

Жинақтау кезеңі

«Жемістерді терейік» ойыны арқылы қорытынды сұрақтар.

Жемісті таңдап, қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

Сөйлемді аяқтаңдар:


• Бүгінгі сабақта маған …………… қызықты болды.
• Бүгінгі сабақта маған …………… ұнады.
• Бүгінгі сабақта маған…………… қиын болды.
• Бүгін сабақта мен………………… үйрендім.
• Бүгінгі сабақ маған ……………… көрсетті.
• Болашақта мен ………………………

Сөйлемді аяқтап өз ойларын жазады.

Бағалау  

 

Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

Бір-біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады.

Үйге тапсырма

§25-§26 оқу. Компьютерде WordPad редакторында «Менің сыныбым» тақырыбында эссе жазу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

       

 

 

 

Жұмбақтар

 

Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын. 

                       (Қолшатыр)
 

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.   

                (Шырша)
 

Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.   

                           (Ай)
 

Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсем.   

                       (Жапырақ)

 

Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған. 

                               (Бұлт)

 

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

                              (Күн)

 

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.   

                                   (Алма)

 

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. 

                                           (Жұлдыз)

 

Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

                      (Қалам)

 

Өмірді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай.

                 (Сағат)

 

Доп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.

                    (Қарбыз)

 

Құрлықта жүре білмейді,

Суда жүзе біледі.

Сауыт қылып үстіне,

Күмісті тізе біледі.

                    (Балық)

 

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

                                  (Алма)

 

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

                                   (Ағаш)

Қате туралы хабарландыру