Әртүрлі форматтағы файлдардың архивтерін құру және архивтен шығару

Жеңісхан Нұргүл
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» ММ
1610
Информатика
Тақырыбы:
Әртүрлі форматтағы файлдардың архивтерін құру және архивтен шығару

Сабақтың мақсаты

Білімділік: негізгі түсініктерді меңгеруіне жағдай жасау: жалпы архив туралы түсінік, берілгендерді архивтеу, архивтік файл, көптомды архив, архивтен шешу, өздігінен шешілетін архивтер (SFX-архив).

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың түрі

Тәжірибелік.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Әңгімелеу, көрсете түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі

Компьютер, интерактивті тақта,  http://bilimland.kz ,3k3vktylресурстары, слайдтар, смайликтер, және т.б.

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин).

2. Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин).

3. Жаңа материалды меңгерту (15 мин).

4. Сергіту сәті. (10 мин).

5. Жаңа тақырыпты бекіту. (5 мин).

6. Үйге тапсырма. (2 мин).

7. Бағалау. (3 мин).

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпқа байланысты пысықтау сұрақтарын қою.

  1. Вирус дегеніміз не?
  2. Вирустан  тазартудың қандай амалы бар?
  3. Қандай антивирустық программаларды білесіңдер?

Жаңа материалды меңгеру

Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар ­– архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрайды. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет. Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы.

Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып-түю, сығу), ал файлды архивтен алу – архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.

Программашылар көптеген архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді.

WinRar және WinZip архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен шығаратын архивтерді құрады. Бұлар интернетте ең танымал архиваторлар.

 Көптомдық архивтер – бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады. Bilimland.kz сайтында дайындалған электронды оқулықты пайдаланып таныстыру.

 https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/murahattau-mindetteri

мұрағаттау

 Сергіту сәті

 

Жаңа сабақты меңгертуге арналған тәжірибелік тапсырмаларды орындамас бұрын бойымызды жазып алайық:

  1. Ол үшін көздiң шаршағанын қалпына келтiретiн  жаттығуларды жасау.
  2. Мойынға және омыртқаға арналған жаттығулар.

 Тапсырмалар:

WinRar архиваторының көмегімен файлдарды архивтеңдер және архивтен шығарыңдар.

1. С дискіде бума құрып, оған Архив деген атау беріңдер.

2. Архив бумасында бірнеше мәтіндік құжаттар құрыңдар.

3. WinRar программасын іске қосыңдар.

4. Файлдарды ерекшелеңіз және Командалар – Файлды архивке қосу командаларын енгізіңдер.

5. Архивтеу параметрлерін беріңдер. 1-сурет Ең алдымен архивтік файлдың атын және оның дискідегі сақталу орнын беру қажет. Одан кейін Rar және Win архивтелулерінің пішімін таңдаңдар.

6. Сол сияқты Архивтің аты және параметрлері тақтасында архивтеу параметрлерін беріңдер:

• архив сығу;

• сығу әдісі;

• сөздің өлшемі;

• том өлшемі;

• жаңарту әдісі;

• архивтеу параметрлері.

7. Файлдарды архивтен шығарыңдар. http://bilimland.kz. сайтында берілген 1–3 жаттығуларды орындаңдар.

мұрағаттау 0

 

мурагаттау

Жаңа тақырыпты бекіту

Бәріміз http://bilimland.kz. сайтында берілген тест тапсырмасына жауап берейік.

мурагаттауу

 

мурагаттау

Үйге тапсырма

Файлдарды архивтеу.

Бағалау

Өзіндік бағалау парақшасын толтыру.

Қате туралы хабарландыру