Отын-энергетикалық кешені
Сабақтың әдісі |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. |
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: – Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: – Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: – Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. |
Күтілетін нәтиже |
|
Тілдік мақсаттар |
Айтылым мен тыңдалым дағдылары бойынша топтардың бір-біріне түсіндіруі, топ ішінде үлгерімі төмен оқушыларға үлгерімі жақсы оқушылардың түсіндіруі. |
Ресурстар |
«BILIMLAND» материалдары, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, оқулық, карта, стикер, слайдтар. |
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ барысында «BILIMLAND» материалдары көрсету үшін интерактивті тақтаны, интернет желісін қолдану. |
Пәнаралық байланыс |
Матеметика,қазақ тілі,тарих. |
Алдыңғы оқу |
Дүниежүзілік шаруашылықтың орналасу ерекшеліктері мен топтары. |
Сабақтың барысы:
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы |
Ресурстар |
Сабақтың басы 2 минут |
Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет, белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! |
1-топ: «Көмір өнеркәсібі». 2-топ: «Мұнай-газ өнеркәсібі». 3-топ: «Электр энергетикасы». |
Сабақтың ортасы 20 минут |
– Балалар, оқулығымыздың 213-бетін ашайық. Бүгінгі тақырыбымыз «Отын-энергетикалық кешен». Бұл тақырыпты үйден оқып келуге тапсырғанмын. 1. «BILIMLAND» материалдары бойынша жұмыс. Өнеркәсіп бөліміндегі «Энергия көзі» тақырыбы
Топтарға тапсырма: Отын-энергетика кешені тақырыбы үйден оқуға берілген. Теория үйден, практикалық жұмыс сыныпта. Топтарға тапсырма: 1-топ: Отын-энергетика кешені тақырыбына постер құрастыру. 2-топ: Осы тақырып бойынша сұрақтар тізбегін құрастыру. 3-топ: Кестемен, картамен жұмыс. 25-кесте. Электр энергиясын өндіруден дүниежүзі бойынша көшбасшы елдерді картадан көрсету, есептер шығару. Мұнай дүниежүзі бойынша жылына 3 млрд т өндіріледі. – Дүниежүзі халқына шаққанда жылына әр адам басына шамамен неше тонна мұнай өндіріледі? – Табиғи газ дүниежүзі бойынша жылына 2200 млрд м³ өндіріледі. –Дүниежүзі халқына шаққанда жылына әр адам басына шамамен неше метр куб табиғи газ өндіріледі? |
Оқылым және тыңдалым
«BILIMLAND» материалдарындағы мәтіндер, видео https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/onerkasip/lesson/ehnergiya-kozi
А.Алимовтың төңкерілген сабақ әдісі бойынша
Слайд 2 |
Сабақтың соңы (10 минут) Сабақты бекіту |
«BILIMLAND» материалдарындағы тест және тапсырма жұмыстарымен сабақты бекіту, түсінгендерін тексеру. №1-5 тестерді орындату. |
«BILIMLAND» материалдарындағы тесттер |
Бағалау 3 минут |
Өзін-өзі бағалайды, өзара бағалайды. Сабақ қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы туралы рефлексия жасайды. |
|
Рефлексия 3 минут |
Нені білдім? Нені білмедім? Нені білгім келеді? |
«Интервью» әдісі Оқушылар ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. |
Үйге тапсырма 2 минут |
Параграф 39-40 оқуға, 221-бет, дәптермен жұмыс, шығармашылық жұмыс. |
Слайд 3 |