Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі
9264
География
Тақырыбы:
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Гидросфера, дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ойларын айтуды үйренеді.

Кейбір оқушылар:

Қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасай отырып негізгі түрткі идеяларды анықтайды, саралап талдау жасайды.

Оқу нәтижелері

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі сыйлайды, бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

 

Жоспар

Ресурстар

Сабақтың басталуы

15 мин.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың өту барысы туралы қысқаша түсіндіру. Сыныпты түрлі түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ:  «Өзендер».

2-топ:  «Көлдер».

3-топ:  «Теңіздер».

Бүгінгі бағалау парағымен таныстырып, әрбір дұрыс жауапқа тиісті баға қойылатынын айтып, сабаққа белсенді қатысуларын ескерту.

Үй тапсырмасын сұрау: «Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар» тақырыбы.

Жеке жұмыс. «Алтын қалам» әдісі

1. Эхолот дегеніміз (жаңғырық дыбыс)

2. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы қанша?  (1 сек. 1500 м)

3. ХХ ғасырдың 2-жартысында зерттеулердің нәтижесінде барлық мұхиттардан ---------------------- деп аталатын су асты таулары ашылды. (Мұхит ортасы жоталары).

4. Мұхит түбінің ең үлкен бөлігі?  (қазаншұңқырлар)

5. Қазаншұңқырлардың бедері қандай болады? (жазық)

6. Мұхит түбіндегі шөгінділер өте баяу жиналады екен, жылына қанша шөгінді жиналады? (2 мың жылда 1 см)

7. Материктік қайраң дегеніміз не? (Материктің  мұхитқа  өтпелі, 200 тереңдікке дейінгі бөлігі).

8. Материктік  беткей дегеніміз не? (Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын  бөлігі).

9. Материктік беткей неше метрге дейінгі тереңдікте жатады? (200 м-2800м)

10. Шұңғымалар дегеніміз не? (Мұхиттардың материктерге жапсарлас  өңірінде түзу бағытта немесе  доға тәрізді  иілген  ұзын  және енсіз ойыстар).

11. Шұңғымалар тереңдігі. (5-11 км)

12. Шұңғымалар  ұзындығы. (2000-400 км-дей)

13. Жер шарындағы ең терең шұңғыма? (Мариана шұңғымасы 11022 м).

14. Мұхит ортасы жоталарының ең ірісі. (Орта Атлант жотасы Греландия аралының оңтүстік тұсынан басталып, Антарктида материгіне дейін 18 мың км-ге созылады).

15. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтардың негізгі түрлері. (Таулар, жазықтар мен шұңғымалар).

Жұптық  жұмыс.  «Географиялық есептер»

  1. Бір тәулік ішіндегі температура +5, -3, +6, +4. Тәуліктің орташа температурасын тап.

Шешуі:

5 + 6 + 4 – 3 = 12,

12 : 4 = 3.

Жауабы: Тәуліктің орташа температурысы: +3 градусқа тең.

  1. Әр 1000 метр биіктікке көтерілген сайын ауа температурасы 60-қа төмендейді.  24 : 6 = 4

Жауабы: Таудың биіктігі 4 км = 4000 метр.

  1. Биіктігі 3000 метр болатын тау етегінде барометр 720мм қысым шамасын көрсетті. Ал тау шыңында қандай қысым шамасына тура келеді.

Шешуі:

3000 м : 10 м = 300 м;

720 мм – 300 м = 420 мм.

Жауабы: Тау шыңында барометр 420 мм қысым шамасына тура келеді.

Түстер арқылы  сыныпты қайтадан 3 топқа бөлу.

 

АКТ. Слайд презентация.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физикалық география

6 сынып

74-77 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ. Слайд презентация, қалам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ. Слайд презентация.

 

Сабақтың ортасы

20 мин

Жаңа сабақ. Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Бейнеролик

Әлемдегі су, өзен, көл, теңіз мұхитты көрсете отырып, сабақтың тақырыбын шығару, яғни Жердің ғарыштан түсірілген суретінде Жердің көрінісі қандай түспен бейнеленген? Ал мұхиттар мен теңіздер ше? Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Ал олай болса, біз бүгін гидросфера, дүниежүзілік мұхит бөліктерінің ерекшеліктері туралы білетін боламыз.

«Табиғаттағы судың маңызы» Назарларыңызды экранға аударыңыздар.

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/tabihattahy-sular.

Топпен жұмыс. «Кестемен, картамен, сандармен жұмыс». 

Анықтама. Келтірілген дәйектерді пайдалана  отырып гидросфера анықтамасын жасау.

3-топ тапсырмаларды ауыстырып отырады. Әр топ бір-біріне барып түсіндіреді.

милакатов

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Картамен жұмыс. Мазайка әдісін қолдану арқылы стикерге жазылған тірек сөздерді тиісті жерлерге орналастыру.

Мұхит

Теңіз

Арал

Бұғаз

Түбек

Шығанақ

Мұхиттар

Мұхит суының температурасы мен тұздылығы.

Сандар сөйлейді.

25-50 метр

280 -300

-1,80

-20

+17,50

41 промилле

2-5 промилле

Жеке жұмыс.

1 топ. «Тест»

Гидросфераhttps://itest.kz/kz/geografia

2-топ. «Сәйкестендіру».

с2йкестенж3ру  https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/tabihattahy-su-ajnalymy

3-топ. «Географиялық диктант».

Дүниежүзіндегі ең ірі тұзды көл – кнопё . Көлдегі өсімдіктердің өсуі олардың жоғалуына әсер етеді, оларды кнопё кнопё  алмастырады. Өзендер бөгеттермен бөлінгенде, кнопё  пайда болады. Ашық теңізден мұхиттық бухта арқылы бөлініп жатқан көл кнопё кнопё  көлге айналады.

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/kolder-men-batpaqtar

Ұжымдық жұмыс.  «Ең, ең, ең» (оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту).

1) Ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты.

2) Ең кіші мұхит – Солтүстік Мұзды мұхит.

3) Ең үлкен  материк – Еуразия.

4) Ең кіші материк – Аустралия.

5) Тынық мұхитының ең терең жері – Мариан шұңғымасы.

6) Ең ыстық материк – Африка.

7) Ең салқын материк – Антарктида.

8) Ең жылы мұхит – Үнді мұхиты.

9) Ең үлкен арал – Гренландия.

10) Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз – Дрейк бұғазы.

11) Ең ұзын бұғаз – Мозамбик.

 

АКТ. Слайд презентация.  Bilimlan сайты

 

 

билимленд

 

 

 

 

 

 

 

 

Атлас, кескін карта. 6 сынып.

 

 

 

 

 

АКТ. Слайд презентация.

Физикалық география.

6–сынып, §39, 118 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

айтест

 

 

 

 

 

 

АКТ. Оқулық, Физикалық география.

6-сынып, §39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ. Слайд презентация.

 

Сабақтың аяқталуы

5 мин

Рефлексия.  Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіру, сен қандай аралға саяхат жасар едің.

рефлексия

 

 

Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні:____________________  Cыныбы:_________

Кезеңдер

Бағасы

1

 «Алтын қалам»

 

2

«Географиялық есептер»

 

3

«Кестемен, картамен, сандармен жұмыс»

 

4

«Тест»

 

5

«Сәйкестендіру»

 

6

«Географиялық диктант»

 

7

«Ең, ең, ең»

 

 

Қорытынды

 

 

«5» өте жақсы

«4» жақсы

«3» орташа

«2» төмен

 

Қате туралы хабарландыру