Дүниежүзілік көлік географиясы

Байбатырова Лаура
Маңғытау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы, С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
9031
География
Тақырыбы:
Дүниежүзілік көлік географиясы

 
Сабақ негізделген оқу мақсаты Сабақты АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру және сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Дүниежүзілік көлік кешенімен танысады
Оқушылардың басым бөлігі:
Көлік кешенінің дүниежүзілік экономикадағы рөлі туралы ой қозғайды.
Кейбір оқушылар:
Сабақта презентация орындау кезінде жаңа технологияны меңгеруі бойынша белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстар атқарады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Сабақ барысында ұсынылған тапсырмаларды өзара талқылай, тыңдай отырып білімін қалыптастырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер Құрлық көліктері, су көліктері, әуе көлігі, халықаралық байланыс, теміржол, ұшақ, автомобиль жолдары.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер 1. Диалог: үй тапсырмасын сұрау барысында – өткен тақырыпты еске түсіру, «Ақылды сақа» ойыны сұрақтарына жауап беру кезінде бір-бірінің қатесін түзету
2. Жазылым: жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар бейнежазба және оқулықтан өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазады.
Талқылауға арналаған тармақтар - Өткен сабақты еске түсіру үшін танымдық ойынды пайдалану;
- Жаңа сабақты меңгеру кезінде презентация дайындау;
- bilimland.kz порталының бейнежазбаларынан түсінгендерін өзара талқылау.
Жазылым бойынша ұсыныстар - Топтық жұмыс кезінде қажетті терминдерді дәптерге жазып алу;
- SWOT-талдау жасау арқылы оқушылар сабақты қорытындылайды.
Алдыңғы тақырып Дүниежүзінің ауыл шаруашылығы.

 

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

(Тест - 10 минут, «Ақылды сақа» - 5 минут)
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тест арқылы сұрау.

(Жұптық бағалау: тестті оқушылар дәптерлеріне белгілеп болған соң, көршісі екеуі тесттерін ауыстырады. Тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша бірін-бірі тексереді).

2. «Ақылды сақа» ойыны.
1. bilimland.kz порталының
iTest
«iTest» ресурсы арқылы «Ауыл шаруашылық географиясы» тақырыбы.

1. Сандықша, сақа, 7 асық, презентация.
Дүниежүзілік көлік географиясы - 1

Ойын сұрақтары:

1. Жоғары дамыған елдерде жер қорының біраз бөлігін иеленушілер кімдер? (фермерлер)
2. Латын Америкасындағы жер иеліктері? (Латифундия)
3. Дәстүрлі ауыл шаруашылығының екінші атауы қандай? (Өртеп-кесу)
4. Балық ұны жасалынатын мойва балығы қай елде көп аулайды? (Испания)
5. Шайдың отаны (Қытай)
6. Күнбағыс өсіруден қай ел бірінші орын алады? (Ресей)
Ортасы

Топқа бөліну, жаңа тақырыпты ашу – 3 минут, мұғалімнің кіріспе сөзі – 2 минут, bilimland.kz порталымен жұмыс – 5 минут, топтық жұмыс – 10 мин, бағалау – 1 минут.
Топқа бөлу.
Пазлдарды құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді:

1-топ: Құрлық көлігі
2-топ: Кеме көлігі
3-топ: Әуе көлігі

Миға шыбуыл:
Оқушылар, қандай суреттер құрастырылды? (Автомобиль, кеме, ұшақ)
Бұл суреттерге ортақ не деп ойлайсыңдар? (үшеуі де көлік құралдары)
Көлік дегеніміз не? Оның қандай маңызы бар? (Көлік тасымал құралы, шалғайда орналасқан екі елді мекен, қалалар, өнеркәсіпті аудандарды байланыстырады)
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Дүниежүзінің көлік географиясы.

1. Көлік географиясы жөнінде мәлімет беремін.

2. bilimland.kz порталының бейнежазбаларын пайдалана отырып сабақты толықтырамын.

3. Топтық тапсырмалар. Әр топ оқулық мәтініне сүйене отырып Power Point бағдарламасымен презентация дайындау.

Бағалау: топтық бағалау.
Дүниежүзілік көлік географиясы - 2

Дүниежүзілік көлік географиясы - 3

Prezi.com сайтымен дайындалған презентация.


bilimland.kz порталы - «География» курсы «Көрсетілетін қызметтер аясы» - бөлімі Жер үсті көлігі, Су көлігі, Тасымалдар тақырыптарындағы бейнежазбалар.
Дүниежүзілік көлік географиясы - 4
Оқулық мәтіні, әр топта бір ноутбук, интернет, маркер.

3, 4, 5 ұпай көрсетілген бағалау бетшесі.
Аяқталуы

«Kahoot!» –5 минут, SWOT-талдау – 5 минут, үйге тапсырма –1 минут
Сабақты қорытындылау:
Тест сұрақтары (жеке жұмыс)
Дүниежүзілік көлік географиясы - 5
Дүниежүзілік көлік географиясы - 6





Көлік географиясына SWOT-талдау жасау.
«Kahoot!» ойынын ойнауға қажетті ноутбуктар немесе планшет.
Сұрақтар:
1. Автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша бірінші орындағы ел.
А) Германия.          Ә) Ұлыбритания.
Б) АҚШ.           В) Қытай.

2. Дүниежүзілік жалпы жүк айналымының неше пайызы теңіз көлігінің үлесіне тиеді?
А) 80.           Ә) 50.
Күшті жақтары Әлсіз жақтары

 

 

Даму мүмкіндіктері Даму мүмкіндіктері

 

 


Б) 70.           В) 60.


1. Франция-Ұлыбритания бағытында 2-3 мың км/сағ жылдамдықпен ұшатын ұшақ.
А) Аэрбус. Ә) Боинг-747.
Б) Ил-86. В) Конкорд.

2. “О̕ Хара” әуежайы қай қалада орналасқан?
А) Лондон. Ә) Чикаго.
Б) Даллас. В) Лос-Анджелес.

3. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы.
А) 600 мың. Ә) 1 млн 850 мың.
Б) 1 млн 130 мың. В) 2 млн 100 мың.

4. Ұзындығы 4,5-5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар орналасқан елдер.
А) Ресей, Қытай, АҚШ. Ә) Германия, Аустралия.
Б) Ресей, Канада, АҚШ. В) АҚШ, Жапония, Корея.
  Үйге тапсырма. А) Тақырыпты оқу, мазмұндау.
Ә) «Менің елімдегі көлік кешенінің маңыздылығы?» эссе жазу.
 
Саралау Бағалау Пәнаралық байланыс
Дүниежүзілік көлік географиясы тақырыбы бойынша оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету барысында оларды АКТ арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамын, жаңа технологияны дұрыс пайдалана білуге үйретемін (интернеттен қажетті материалдарды іздеу), сабақта ұлттық ойындармен үйлестіре отырып, оқушылардың ұлттық сал-санасын дамытуға ықпал етемін. Қабілетті оқушылар сабақтағы өзекті тақырыптар бойынша жаңа мәліметтерді іздеп, жаңа технологияны пайдаланудағы шығармашылық жағынан дамуына көмектесемін. Қалыптастырушы бағалау:
Оқушылар бірін-бірі бағалау арқылы әділдікке, шыншылдыққа үйренеді, сабаққа деген ынтасы артады.
Экономика.
Дүниежүзілік көлік кешені географиясының қалыптасуы мен дамуы Жер шары халықтарының экономикалық дамуына елеулі әсер етеді. Себебі бұл сала әр мемелекеттің «күре тамыры» рөлін атқарады.
Рефлексия  
Қорытынды бағалау  
Қате туралы хабарландыру