Атмосфера және оның құрамы

Хасенова Сандуғаш Мүбәрәкқызы
Астана қаласы, №56 мектеп-лицей
2652
География
Тақырыбы:
Атмосфера және оның құрамы

Оқу мақсаты

Атмосфера құрамын сипаттайды.

Атмосфераның құрылысы мен  қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты

 Атмосфера құрамын сипаттау.

 Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Физика, математика, информатика.

Сабақ формасы

Жеке, жұппен және 4 оқушы біріккен топтық жұмыс.

Тілдік мақсаттар

Атмосфера ұғымын ауызша және жазбаша түсіндіріп, атмосфера құрамын сипаттайды.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктері бейнеленген суреттер мен графиктерді сипаттап түсіндіреді.

Қалыптастыратын құндылықтар

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге,  сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Бағалау критерийлері

Атмосфера ұғымын түсіндіре алады және құрамы мен құрылысына сипаттама береді.

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелей алады, оны түсіндіреді.

Лексика және терминология

Атмосфера,  азот,  инертті газдар,  көмірқышқыл газ, тропосфера, стратосфера, мезосфера,  атмосфераның жоғары қабаттары,  озон қабаты.

Алдыңғы білім

5-сыныпта алған білімдері.

Қолданылатын ресурстар

Суреттер, график, диаграмма, атлас  6-сынып, оқулық  6-сынып.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Жоспарланатын шаралар

Ресурсы

І  Ұйымдастыру

2 минут

 

 

 

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын топтарға біріктіру. (Мүмкін сутегі, оттегі, азот, көмірқышқыл  газы, озон және т.б. Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлау).

Ой қозғау:

Бүгін топтардың атаулары өзгеше.

– Қандай  пікір бар?

– Бүгін сабақ  не туралы болады?

– Қандай  тақырыпты өтеміз?

Презентация

PowerPoint

 

Миға шабуыл

 

ІІ Жаңа тақырып

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдермен таныстыру.

«БББ кестесі» Не білемін?

Тақтаға жазу

 

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфера құрылымы мен құрамы видео көрсетіледі.

Сұрақтар қойылады:

1. Атмосфера дегеніміз не? (Жерді газ қоспаларымен қоршаған қабат)

2. Атмосфераның ең төменгі қабаты?  (тропосфера)

3. Экватор үстінде тропосфера қабатының қалыңдығы қанша? (18 км)

4. Тропосфераның ең жұқа қабаты қайда орналасқан? (полюстерде)

5. Тропосфера қабатында болатын құбылыстар?

6. Ауаның 78 пайызын құрайтын газ?(Азот)

7. Су буы және көмір қышқыл газы қандай процестің жүруіне әсер етеді? (Фотосинтез)

(бағалау: әр сұраққа 1 балдан)

Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс (постер қорғау)

1-топ: Атмосфераның құрамы.

2-топ: Атмосфера қабаттары.

3-топ: Озон қабатының ерекшелігі.

(бағалау:  5  балдық бағалау)

https://bilimland.kz/

видео көрсету

 

 

бағалау

 

https://bilimland.kz/

мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

Бағалау

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

Қосымша ақпарат

Аспан түсі күн сәулелері атмосфера арқылы өткенде, өздерін шашыратушы бұрышына байланысты өзгереді. Бұрыш көлемі кішкентай болса, мысалы, күн шығарда және күн батарда, күн сәулелері ауаның қалың қабаты арқылы өтуі керек. Содан кейін аспан сары немесе қызыл түске боялады. Күн биікте көкжиектің үстінде болған кезде, күн сәулелері атмосфераның жұқа қабаты арқылы өтеді. Содан кейін аспан көгілдір түсті болады.

Күннің батуы

Күннің батуы

Әдемі, шуақты ауа райы кезінде аспан көгілдір болады

Әдемі, күн шуақ ауа райы кезінде аспан көгілдір болады.

Мысалы, атмосфера құрамы күрделі, ол түрлі газдар қосындысынан тұрады (құрамын атайды). 

 Атмосфера қабаттарын атлас картадан талдайды.

Жұптық жұмыс

Кестені аяқта

Атмосфера қабаты

Биіктігі, км

Ерекшелігі

Термосфера

 

 

Мезосфера

 

 

Стратосфера

 

 

Тропосфера

 

 

(бағалау: әр сұраққа 1 балдан)

https://bilimland.kz/

Презентация

PowerPoint

 

 

 

Атлас картамен жұмыс

 

 

 

https://bilimland.kz/

Таратпа қағаздар

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

III Бекіту

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

2 минут

Тест тапсырмасы

1. Бос орындарға тиісті сандарды жаз. Сөйлемді дұрыс аяқтау үшін тиісті санды анықта.

Жер атмосферасының  шамамен озон % азоттан және 

озон % оттегіден тұрады.  Басқа газдар озон % құрайды.

2. Атмосфераның озон қабаты орналасқан бөлігі қалай аталады?

А) Тропосфера

Ә) Стратосфера

Б) Мезосфера

В) Термосфера

Г) Экзосфера

3. Нақты жоғарғы шегі жоқ қабатты анықта.

А) Тропосфера

Ә) Стратосфера

Б) Мезосфера

В) Термосфера

Г) Экзосфера

4. Озон қабатының шоғырлану биіктігі қанша?

А) 25-30 км

Ә) 20-25 км

Б) 25-28 км

В) 28-30 км

Г) 30-35 км

5. Озон қабатының қалыңдығы қанша?

А) 4 см

Ә) 5 см

Б) 10 см

В) 3 см

Г) 1 см

(бағалау: әр сұрақ 1 балдан)

«БББ кестесі» Не білгім келеді?

https://bilimland.kz/

тест тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

ІV  Бағалау

3 минут

Бағалау парағы арқылы бағалау

 

Бағалау парағы

V Үй тапсырмасы

1 минут

Тақырыпты оқу

 

Қате туралы хабарландыру