Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия

Сүйрібаев Бақтыбай
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 ЖББМ МКМ
3174
Физика
Тақырыбы:
Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия

 
Сабақтың оқыту мақсаты Температура туралы түсініктерін толықтыру. Температураны өлшеу жолдарын, олардың түрлі шкалаларын және оларды шкалада қолдана отырып, ауыстыру жолдарын үйрету. Энергиялар туралы мәліметтерді жеткізе отырып, ішкі энергия туралы мысалдар келтіру, энергия туралы білімдерін нығайту. Жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, практикалық түрде есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже A Өз бетімен еңбектене отырып, жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Жаңа тақырыпты өз бетімен талдай отырып, ойын қорыта алады. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта отырып, берілген әрбір тапсырмаларды дер кезінде қиналмастан орындай алады. Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, физикалық терминдік тілде сөйлейді.
B Жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Өз бетімен талдай отырып, ойын қорыта алады. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік танытады. Салыстырмалы түрде температуралар шкаласымен жұмыс жасай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, физикалық терминдік тілде сөйлейді.
C Жаңа тақырыптың мазмұнын қосымша көмек арқылы ұғады, салыстырмалы түрде температура шкалаларын ажырата алмайды, тапсырмаларды орындауда ережелерді дұрыс қолдана білмейді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындауда топ мүшелерімен көп араласа бермейді. Қосымша берілген тапсырмаларды көмек көрсету арқылы орындайды.
 

Сабақтың мазмұны

 
Ұйымдастыру Мұғалімнің әс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Уақыт
Амандасу. Түгендеу. «Өрмекші» тренингі арқылы үй жұмысын сұрау. Цельсий, Келвин, Фарингейт, Реомюр арқылы төрт топқа бөлу. Амандасады. Стратегияға белсене қатысады. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады. Топтарға бөлінеді. Бұл бөлімде оқушыларды марапаттау арқылы жігерлендіреді. Тренингке қажетті жіп. Оқушыға арнайы критерий жазылған парақшалар таратылады. 5 минут

Білу

 

http://itest.kz/lekciya_molekula_kinetikalyq_teoriya_negizderi
Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия. - 1

Әр оқушыға үй тапсырмасын қорытындылау үшін арнайы сайтынан алынған бейнеролик көрсетіледі.

Оқушылар компьютерді қолдана отырып, берілген сайттағы мәліметтермен танысып шығады, тест жұмыстарын орындайды.

 

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы ұпай жинақтайды.

 

http://itest.kz/lekciya_impuls және http://itest.kz/exam_test?test_id=435536460


iTest

10 минут

 

Түсіну

 

Жаңа сабақты оқып түсінуге уақыт беріледі,
http://itest.kz/lekciya_zhumys_ehnergiya
сайтындағы мәліметтер қосымша ақпарат ретінде әр топқа бөлек бөлімдері беріліп, онымен мұқият оқып танысулары тапсырылады.

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия

Айтылған әрбір ұғымды меңгереді, өз бетімен орындайды. Берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды, білімдерін топ арасында талқылайды.

 

Оқушылардың белсенділіктері арқылы ұпай беріледі.

 

Интербелсенді тақта, оқулық, қалам, бор,
https://twig-bilim.kz/mindmap/1452/physics/


Twig-Bilim

5 минут

Қолдану Тақырыппен танысып болғансоң, топтарға тиісті проблемалық тақырыптар тасталады. ДЖИГСО әдісі арқылы әр топ өз ойларын түйіндейді. Әдіс талаптары бойынша әрекет жасайды. Қарсылас топтарды мұқият тыңдайды. Өзін-өзі, топты бағалайды. http://itest.kz/lekciya_zhumys_ehnergiya 7 минут
Талдау Жаңа тақырыпқа тиісті 1-жаттығудың әр топқа 1, 2, 3, 4 есептерін орындату. Есептерді өздігінен шеше алады. Өз білімдерін толық қолдана алады. Критерий бойынша ұпайларын қояды. Оқулық, калькулятор. 3 минут
Жинақтау Шығармашылық тапсырма. Өз ойларынан тақырыпқа тиісті постерге салады, оны қорғату. Тапсырманы өздігінен орындай алады. Постер жасайды, қорғайды. Критерий бойынша ұпайларын қояды. Оқулық, қосымша мәліметтер. А3 форматтағы қағаз. 5 минут

Бағалау

 

http://itest.kz/exam_test?test_id=344185824 сайтындағы тест жұмысын орындату.


Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия - 2

Оқушылар тест жұмыстарын орындайды.

 

Жинақтаған ұпайлары бойынша.

 

http://itest.kz/exam_test?test_id=344185824

 

5 минут

 

Үйге тапсырма §2-3 Температура. Температураны өлшеу тәсілдері. Ішкі энергия. Тақырыпты оқып түсіну, қосымша мәліметтерді іздестіру. Жинақтаған ұпайлары арқылы бағалау. Оқулық, интербелсенді тақта. 2 минут
Қате туралы хабарландыру