Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Сүйрібаев Бақтыбай
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 ЖББМ МКМ
3310
Физика
Тақырыбы:
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

 
Сабақтың оқыту мақсаты Қозғалыс туралы оқушыларға түсінік беру. Қозғалыс түрлеріне мысалдар келтіре отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын үйрету. Практикалық тұрғыда тақырыпқа сәйкес есептер шығара отырып, жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту.
Күтілетін нәтиже

Оқушы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Әртүрлі тақырыпқа тиісті мәселелерді талдай отырып, ойын қорыта алады. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта отырып, берілген әрбір тапсырманы дер кезінде орындай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, тақырыпты түсіндіруде физикалық терминдерді белсенді қолданады.


Әртүрлі тақырыпқа тиісті мәселелерді талдай отырып, ойын қорыта алады. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта отырып, берілген әрбір тапсырмаларды дер кезінде орындай алады. Кішігірім қателіктерін өз бетімен дұрыстай алады.


Жаңа тақырыптың мазмұнын қосымша көмек арқылы ұғады, салыстырмалы түрде қозғалыс түрлерін ажырата алады, тапсырмаларды орындауда ережелерді дұрыс қолдана білмейді. Топта белсенділік таныта алмайды. Қосымша берілген тапсырмаларды көмек көрсету арқылы орындайды.

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру Мұғалімнің әс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар Уақыт
Амандасу. Түгендеу. Сыныпта «Жаңа өмір» тренингі арқылы қалыпты жағдай туғызу. Төрт топқа бөлу. Амандасады. Стратегияға белсене қатысады. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады. Топтарға бөлінеді. Бұл бөлімде оқушылар марапаттау арқылы жігерлендіріледі. Тренингке қажетті жіп. Оқушыға арнайы критерия жазылған парақшалар. 5 минут
Білу «Футбол» стратегиясы бойынша үй жұмысын тексеру. Стратегияда http://itest.kz/lekciya_kinematikanyng_negizi_uhymdary оқушыларға сайтта-ғы мәліметтерді бере отырып, стратегия талаптарын орындату. Үй жұмысын тексеру. Оқушылар компьютерді қолдана отырып, берілген сайттағы мәліметтермен танысып шығады, және стратегия талаптары бойынша әрекет жасайды. Жетон жинау арқылы (жетон санына қарай алдымен жасалған критерийлер) қолданылады. iTest
http://itest.kz/lekciya_kinematikanyng_negizi_uhymdary сайты, оқулық, дәптер.
7 минут
Түсіну Жаңа сабақты оқып түсінуге уақыт беріледі. Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar сайтындағы мәліметтер қосымша ақпарат ретінде әр топқа бөлек бөлімдері беріліп, онымен мұқият оқып танысулары тапсырылады.
Айтылған әрбір ұғымды меңгереді, өз бетімен орындайды. Берілген мәтін бойынша жұмыстанады, білімдерін топ арасында талқылайды Оқушылардың белсенділіктері арқылы ұпай беріледі. Интербелсенді тақта, оқулық, қалам, бор, бағалау кестесі, А3 форматтағы бетшесі, стикерлер. Bilimland сайты. 5 минут
Қолдану Тақырыппен танысып болған соң, тақырыппен байланысты сәйкестік тестін орындату. Әдіс талаптары бойынша әрекет жасайды. Ұпай бойынша. Оқулық, қағаз. 3 минут
Талдау Практикалық тапсырма орындату. Ойыншық автомашина, штатив, секундомер, көлбеу жазықтық. Ойларын түйіндеу. Өз білімдерін толық қолдана алады. Практикалық тапсырманы бұлжытпай орындайды. Критерий бойынша ұпайларын қояды. Оқулық, калькулятор. 10 минут
Жинақтау Қысқа есептер беру, және сол есептердің жауаптары бойынша 4 топқа бөлу. Өз ойларынан тақырыпқа тиісті постерге салады, оны қорғату. Тапсырманы өздігінен орындай алады. Постер жасайды, қорғайды. Критерий бойынша ұпайларын қояды. Оқулық, қосымша мәліметтер, А3 форматтағы қағаз. 5 минут
Бағалау http://itest.kz/exam_test?test_id=560542375 сайтындағы мәліметпен танысып, тест жұмысын орындату. Оқушылар мәліметтермен танысады және тест жұмыстарын орындайды. Жинақтаған ұпайлары бойынша. http://itest.kz/lekciya_bir_qalypty_tuzu_syzyqty_qozhalys 5 минут
Үйге тапсырма §17. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Тақырыпты оқып түсіну, қосымша мәліметтерді іздестіру. Жинақтаған ұпайлары арқылы бағалау. Оқулық, интербелсенді тақта. 2 минут
Қате туралы хабарландыру