Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Безендіру шаблондары. Презентацияларды құру
Орынбекова Индира
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласы, №2 Ш.Уалиханов атындағы
2346
90
Физика
Тақырыбы:
Безендіру шаблондары. Презентацияларды құру
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Безендіру шаблондары арқылы презентацияның дизайнымен жұмыс жасау. Анимациялар арасындағы айырмашылықты ұғыну. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Безендіру шаблоны арқылы презентацияның дизайнын құра алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: Анимацияның қазіргі кездегі ақпараттық технология саласында қолдану маңыздылығын ұғына отырып топпен жұмыс жасай алады. |
|
Кейбір оқушылар: Мультимедиялық презентация артықшылықтарын түсіне отырып қолданады және талдайды. |
|
Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер: Дизайн, түстер сызбасы, фонның мәнерлері, фонның пішімі бұйрығы, безендіру шаблоны, слайдтардың үлгісі. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | |
Талқылауға арналған тармақтар: | |
Тақырып деген не? Слайдтың түстер сызбасына не кіреді? | |
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? | |
Программа ұсынған тақырыптардың біреуі көңілдеріңнен шықпаса не істейсің? Слайдтың түстер сызбасын қалай өзгертеміз? |
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: | |
Безендіру шаблонын компьютерде орындаңдар. 9-мамыр мерекесі тақырыбында 5 беттен тұратын слайд құрастыру. | |
Алдыңғы оқу | PowerPoint бағдарламасын іске қосу және программа құрылымы туралы жалпы түсінік. |
Жоспар
Сабақтың кезеңдері. Уақыты | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Бағалау | Ресурстар |
Басталуы 3-4 минут 5-7 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеремін. «Гүлдер» әдісі арқылы топқа бөлу. Топтарға бағалау парақшаларын тарату. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Тұсаукесерлер туралы жалпы мәліметтер тақырыбын, PowerPoint бағдарламасын іске қосу және программа құрылымы туралы және қолданысы туралы білімдерін көрсете білуі. «Жалғыз аяқ жол» әдісі арқылы сабақты сұрау, толықтырып бекіту. |
Өзін-өзі бағалау. «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау. |
Оқу құралдары. Интербелсенді тақта. |
Ортасы 25 минут |
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын айта отырып, сабақтың мақсатын жазамыз. bilimland.kz сайтындағы информатика пәнінің 6-сыныбындағы сабақтың түсіндірмесі бойынша түсіндірілім жасау. Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/prezentacziya-korsetu-kezindegi-baptau-tasilderi «Бау ағашы мен алма ағашы» сергіту сәтін ұйымдастырып, bilimland.kz сайтындағы Видеожинақ+оқытушы фильмдер+информатика+электронды кітаптар дегеніміз не? Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/informatika/lesson/ehlektrondy-kitaptar-degenimiz-ne видеосын көрсетіп оқушы ойын сергіту. Жаңа тақырыпты игеру кезеңі: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданып, жаңа тақырыпты бөліп беремін. Әр топ бойынша түсіндірме жұмысын орындатамын. «Микс» әдісі бойынша тақырыпта кездесетін тірек сөздер мен терминдерді пайдалана отырып топта жаттығу жасату. Тірек сөздер, терминдер мен ұғымдар: Дизайн, фонның мәнерлері, безендіру шаблоны. 1 топ: Өлең шығарады. 2 топ: Өлеңді әнге қосады. 3 топ: Тұжырымдамаларын суретпен жеткізеді. |
Жаңа сабақтың критерийлерін құру: 1. Тақырыпты аша білу; 2. Топтық бәсекелестікке ұмтылу; 3. Өзара көмектің болуы; 4. Уақытты ұтымды пайдалану. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдану. |
bilimland.kz сайты, түрлі түсті маркерлер. Слайдтар. А3 қағаздары. Смайликтер. |
Аяқталуы 10 минут |
Дарынды және талантты балаларға сыни ойлауын дамытатын кеңейтілген, жоғары деңгейлі 9-мамыр мерекесі тақырыбына 5 беттен тұратын слайд құрастыру тапсырмасын практикалық жұмыс ретінде компьютерде орындауға беру. «Білім депозиті» әдісі арқылы сабақты бекіту. Жинаған ұпайлар санын шығарып, өз-өздерін бағалау. |
«Идеал кілем» әдісі. | Компьютер, жапсырма қағаз, идеал кілемнің суреті. |
Үйге тапсырма | §28, 189 беттегі Тұсаукесерді безендіру тақырыбын түсіне оқу, 193 беттегі «Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындау. |
Қосымша ақпарат: Үйінде компьютері бар оқушылар «Менің үздік сыныбым» тақырыбына слайд құрып келеді. Үйге тапсырма қоңырауға дейін беріліп, баға жариялы түрде қойылады. |
||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірмелі материалдар және жеңілдетілген тапсрмалар арқылы қолдау көрсетуге болады. Барынша үлгеретін оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар беру арқылы өз бетінше дамуына мүмкіндік жасау. |
Сабақта бағалаудың формативті түрі қолданылады. Жеке жұмыстар барысында жылдам жауап бергеніне қарай және дұрыс орындағанына қарай мұғалім тарапынан бағаланады. Топтық жұмысты критерий арқылы бағалаймыз. Сонымен қатар оқушы өзінің шамасына қарай «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзін өзі бағалайды. |
Сурет, тарих пәндерімен байланыс орнайды. |
Рефлексия Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жэне неліктен? | ||
Қорытынды: - Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы не білдім? |
Қате туралы хабарландыру