Вирустар және фагтар

Бисенгалиева Әсел
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №2 ЖОББМ
2967
Биология
Тақырыбы:
Вирустар және фагтар

 

Сілтеме

 Bilimland
https://bilimland.kz, 10-сынып жалпы биология (жаратылыстану-математикалық бағыты) оқулығы.

Жалпы мақсаттар Оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын ауру түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі Оқушылар тақырып мазмұнын топпен, жұппен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады. Талдау, пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақтың әдісі Топтық, жеке жұмыстар, диалог әдісі.
Керекті құрал-жабдықтар Электрондық оқулық, слайдтар, “Биология және салауаттылық негізі”, “Биология анықтамалығы” әдістемелік журналдары, МАН (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3 негізгі деңгей).
 

Сабақтың барысы

 
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар

Кіріспе
 

Ұйымдастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Топқа бөлу. Түстер арқылы үш топқа (қызыл, жасыл, сары) бөлу.
Топ басшысын сайлау.
 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест тапсырмасы арқылы тексеріледі.

1. Оқушылар амандасады. Оқу құралдарын шығарып, сабаққа дайындалады. Бірдей түстер алған оқушылар бір үштікке топтасады.

- Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды;
- Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді;
- Бағалау парағына топпен ақылдасып, критерийлер бойынша бағалайды.

Түстер (қызыл, жасыл, сары).

 

Негізгі бөлім


Жаңа сабақ

«Қызығушылығын ояту». 

Оқушыларға бейнефильм көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, өткен сабақпен байланыстырады.
Вирустар және фагтар
Мағынаны тани білу.


Жигсо әдісі бойынша тапсырма.
Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.

Оқушылар бейнефильмді көру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/biologiya/lesson/virustar-degenimiz-ne
флипчарт, маркер.

Қорытынды

Бекіту.


1-тапсырма
Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі (Тақырыпта берілген термин сөздердің анықтамасын немесе мағынасын жазу).


2-тапсырма
Вирустардың ерекшеліктері басқа тірі ағзалардан олардың қандай айырмашылығы бар?
Неге көптеген ғалымдар қазірге дейін вирустарды тірі ағзалар деп атауға келіспейді?
Вирустар және фагтар - 2

3-тапсырма.

Сандар сыры.
(Тақырыпты пайдалана отырып, берілген сандардың не екенін жазу).
Оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды;
- Сұрақты түсінбеген оқушыға түсіндіреді;
- Нұсқаларды жинап, жауап парағы бойынша дұрыс жауаптарын оқушыларға тексертеді.
Оқушыларға рефлексия жаздырады, үйге тапсыма береді, қорытынды бағаны айтады;
- Оқушылардың бағаларын журналға түсіреді;
- Қорытындылайды, қоштасады.

- Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды;
Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді;

- Бағалау парағына топпен ақылдасып, критерийлер бойынша бағалайды.

- Бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазып, тақтаға іледі;

- Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазады, қорытынды бағаларын шығарады;

- Бағаларын күнделікке қойғызады, мұғаліммен қоштасады.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/biologiya/lesson/virustar-degenimiz-ne

 

Қате туралы хабарландыру