Прокариоттар. Бактериялардың жалпы сипаттамасы

Қабылова Әсел
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Октябрь ауылы, Октябрь орта мектебі
1792
Биология
Тақырыбы:
Прокариоттар. Бактериялардың жалпы сипаттамасы

 

Мақсаты

Микробиология ғылымының зерттеу саласын мәлімдеу. Микробиология ғылымы пайда болғаннан кейін, бактериялардың пішіні, құрылысы, тіршілік әрекеті толығырақ зерттелгені туралы білім беру. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу.

Міндеттері

 

1. Оқытушылық:

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру; бактериялардың жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік иелері екені туралы мәлімет беру; бактериялардың құрылысы, көбею, қоректену, таралу ерекшеліктерімен танысу, бактериялардың өсімдіктерден айырмашылығын түсіну, түрлерін білу.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың өз бетінше іздену іс-әрекетінің әдістерін белгілі бір дәрежеде белсендірілуіне талаптандыру; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бактериялардың құрылысын талдай отырып, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.

3. Тәрбиелік:

Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге, біржасушалы ағзалар бактериялардың маңызы туралы түсіндіріп, олар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық талаптарды орындап, салауатты өмір сүруге баулу.

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, микроскоп, микропрепараттар, MindMapping, ActivInspire, Presi.com презентацияларын қолдану.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, химия, география.

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Bilimland сайтын қолдану.

Оқытудың түрлері

Жалпылама, жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақ түрі

Жаңа-зерттеу сабақ.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға банан мен алманың таңдатып, топтарға бөлу және осы сабаққа бір-біріне тілек айту.

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру

(1-флипчарт, 1-бет)

 

1) Микроскоппен жұмыс.

 микроскоппен жұмыс

Миға шабуыл.

ActivInspire флипчартын пайдаланамыз:

1. Микроскоп арқылы қараған ағзаны қалай сипаттай аламыз?

2. Берілген ағзаны "жасушалы ағза" деп атауымызға бола ма?

3. Бұл ағзалар қай жерлерде таралған?

1) Тапсырма (банан, 1-флипчарт, 2-бет)

тапсырма 

1. Бананның құрамында адамға қажет қандай заттар бар?

2. Суретке мұқият қараңдар, қандай өзгерісті байқадыңдар?

3. Бұл өзгерістерге бактерияның қандай қатысы бар, қалай ойлайсыңдар?

4. Бананның бүлінген жерін алып тастасақ, ол бактериялардан толық тазара ма, қалай ойлайсыңдар?

5. Бактериялар жайлы не білеміз? Бактериялар туралы не білуіміз керек?

6. Бананды көбірек сақтаудың қандай жолдарын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

 

прокориоттар 

1. Presi.com презентациясы және Bilimland сайтын қолдану арқылы сабақ түсіндіріліп оқытылады, оқушылар берілген мәтін бойынша өздігінен жұмыс жасап, сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексеріп отырады.

Бактериялардың пайда болуы.

2. Жұппен жұмыс жасайды.

а) эукариот және прокариот ағзалар (сурет бойынша жұппен жұмыс, бактерия мен өсімдік жасушасын салыстырады)

Ашылу тарихы.

Бактериялардың түрлері.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

 Лого биолоог

Бактериялардың қоректенуі.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar
Бактериялардың көбеюі.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

IV. Сергіту сәті

(2-флипчарт, 1-бет)

көбею

уқсастық

2) «Сабынмен қолды тазалау» жаттығуы.

V. Алған білімді бекіту

 

1) Жеке жұмыс.

Bilimland сайтындағы биология курсының бактериялар бөлімі бойынша жаттығуды орындау.

1. Суреттерге сәйкес таңдау тізімінен бактерия шоғырларының түрлерін таңдаңыз.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

2. Сол жақтағы ауру тудырушы бактериялардың инфекция тудыратын орындарын оң жақтағы жұқтыру себептерімен сәйкестендіріңіз.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

3. Төмендегі өнімдердің қайсысы бактерияларды пайдалану арқылы алынғанын таңдаңыз

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

2) Топпен жұмыс (2-флипчарт 2-бет).

MindMapping-ті қолданып сызбаны толтыру, сипаттау.

 бактерия

VІ. Сабақты қорытындылау

Bilimland сайтының тест сұрақтары.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/lesson/bakteriyalar

VІI. Рефлексия

 

Оқушылар қанатты сөздер жазылған қағаздарды таңдау арқылы сабаққа байланысты өз ойларын білдіреді.

«Ақылыңа азықты көп беруге тырыс».

Л.Н. Толстой

«Қалай жасау керектігін білсең бәрі де оңай».

Шыңғыс хан

«Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді».

Фуллер Тори Эдвин

VIІI. Бағалау

 

ІХ. Үйге тапсырма беру

 

Тақырыпты оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Шығармашылық жұмыс:

 «Ауру туғызатын бактериялар және оның алдын алу» тақырыбына қысқаша хабарлама дайындау.

 

 

Қате туралы хабарландыру