Мүктәрізді өсімдіктер. Жасыл және шымтезек мүгі
Негізгі түйінді идея |
Мүктәрізді өсімдіктермен таныса отырып, түрлерін ажырата біледі. |
Оқу мақсаты |
Мүктәрізді өсімдіктердің түрлерімен және табиғаттағы маңызымен танысады. |
Табыс критерийлері (нәтижесі) |
Барлық оқушылар: Барлық оқушылар мүктәрізді өсімдіктердің жалпы сипаттамасымен танысады. |
Оқушылардың көбісі: Мүктәрізді өсімдіктердің кең тараған өкілдерін біледі. |
|
Кейбір оқушылар: Мүктәрізді өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсінеді. |
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Төменгі сатылы өсімдік балдырдың құрылысы және көбеюін меңгерді. |
Сілтеме көздері
|
6 сынып, «Биология» оқулығы, «Өсімдіктер дүниесі», 1 том, «Биология және салауаттылық негіздері» әдістемелік журналы, «Өсімдіктану», интернет көздері «Нур.кз» сайтының материалдары. |
Сабақ барысы |
1. Ұйымдастыру. 2 минут. 2. Қызығушылықты ояту. 7 минут. 3. Мағынаны ашу. 20 минут 4. Ой толғаныс. 7 минут. 5. Бекіту. 5 минут. 6. Бағалау. 4 минут. |
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу, оқу құралдарының толықтығы, оқушыларды әртүрлі гүлдердің түстері бойынша топқа бөліп отырғызу. Үй тапсырмасын гүлді ұсыну арқылы сұрақ жауап ретінде сұрау.
Қызығушылығын ояту: 1. Оқушыларға жұмбақтың жалғасын сұрау арқылы . Тасты жапқан түк кілем, Тамыры жоқ, --------- кілең – деп қызығушылығын оятамын.
Мағынаны тану: Сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Мүктәрізді өсімдіктер туралы бейнефильм көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс. Әр оқушы жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды.
І топ. Мүктәрізді өсімдіктер ерекшелігіне сипаттама. (мәтінге жүгіне отырып, фишбоун әдісі арқылы көрсету)
ІІ топ. Жасыл мүк. (мәтінді оқып отырып, кластер әдісі арқылы қорғау)
ІІІ топ. Шымтезек мүгі. (мәтінді оқып отырып, кесте құрастыру).
ІV топ. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. (мәтінді оқып отырып постер қорғау, суретін салу). Топтағы тапсырмалар бойынша топта талқылау жасайды. |
Оқушының іс-әрекеті: Оқушы білгісі келген сұрақтарға жауап алады.
Қызығушылығы оянады:
Мағынаны тануда:
|
Ой толғаныс. Жеке тапсырмалар. 1-тапсырма. Биологиялық диктант. Жаңа термин сөздерді дәптерге жазады. |
|
Үй тапсырмасы |
П 35. А, Ә, Б тапсырмаларын орындап келу. |
Бағалау парақтары арқылы бағаланады. |
Формативті бағалау. Оқушылар алған бағаларына қанағаттануы және қанағаттанбауы да мүмкін. |