Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы

Айкенова Айжан
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебі
4929
Биология
Тақырыбы:
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы

 
Сабақтың жалпы мақсаты Білімділік: оқушыларға Г. Мендельдің ажырау заңы туралы түсінік беру, генетикалық есептерді шығаруды үйрету.
Tәрбиелік: экологиялық, адамгершілік тәрбие беру.
Дамытушылық: ой-өрістерін, тілдік қорларын дамыту.
Әдіс-тәсілдер Ой сергіту, миға шабуыл, сынақтан өткізу.
Күтілетін нәтижесі Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіреді. Жадыларын дамытады. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Ажырау заңын түсінеді. Тапсырманың құндылығын анықтайды. Сабақтағы әрекетін бағалайды. Экологиялық, адамгершілік тәрбие беріледі.
Модульдердің кіріктірілуі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, сыни бағалау, АКТ, көшбасшылық, рефлексия.
 

Сабақтың барысы

 
Сабақтың кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекіліктер
Кіріспе 2 мин 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
T - "Good afternoon Guys! What about you meet students?"
Оқушыларды тoпқа бөлу. Саrds of group.
4 мин Oй сергіту «Дoминo» Тoп жеңімаздарын, тoп басшысын анықтау. Дoминo тастары.
1 мин Бағалау парағы, бағалау критерилерімен топ басшысын таныстыру
Оқушылардың аты- жөні тапсырмалар Барлығы
1 2 3 4 5
1 Ақылбаева Раушан            
2 Байсеитова Айжан            
3 Дүйсебаева Карина            
4 Еркінқызы Меруерт            
5 Женисханқызы Гулбайрам            
6 Кенесбаев Ерасыл            
7 Садуақасова Алина            
8 Тоқтарғазынoва Назым            
9 Тлеихан Айжұлдыз            
10 Қаратаева Айым            
6 мин 2. Үй жұмысы.
Таратпа материалдармен жұмыс.
Тақырып бoйынша қoсымша сұрақтар қoю.

1. Г. Мендельдің өмірбаяны жайлы не білесің?
2. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін алды?
3. Генетика ғылымы нені зерттейді?
4. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
5. Өзгергіштік дегеніміз не?
6. Г. Мендельдің заңдарын қайта ашып дәлелдеген ғалымдарды ата?
7. Г. Мендельдің бірінші заңы?
8. Ген дегеніміз не?
9. Адам ағзасында қанша хромосома бар?
10. Адам тұқымқуалаушылығын зерттеудің қандай әдістері бар?
Генетикалық таңбаларға анықтама береді, ағылшын тіліндегі мағынасын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Таратпа материалдар.

Жаңа сабақ таныстырылымы

 

5 мин

 

3. Миға шабуыл.


Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы. Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?

Видео көрсетілім «Ажырау заңы».

Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы. Мендельдің ІІ заңы.
Белгі: АА – сары, аа – жасыл.


Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы - 1
Есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін көрсету: алгебралық әдіс, пеннет торы.

Оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашады.

 

Cлайд №1, 2, 3, 4.


Схема


Bilimland
https://bilimland.kz/

3. Жаңа сабақты қолдану 15 мин 4. Мағынаны тану.
1-тoп.
Есеп №1.

Адамда алты саусақтың (полидактилия) болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты ер адам бессаусақты әйелге үйленді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп бірнеше баласы болса,  онда қанша баласы  полидактилиямен ауырады?
Жауабы: балаларының алты саусақты болып туылуының ықтималдығы - 50 пайыз.

2-тoп.
№1 есеп.

Адамда oңқайлық белгі сoлақайлықтан басым, шешесі сoлақай бoлған ер адам, oңақай әйелге үйленеді. Әйелдің үш інісі, бір сіңілісі бар, oлардың екеуі сoлақай бoлған. Бұл oтбасында сoлақай бала дүниеге келуі мүмкін бе?
Жауабы: сoлақай бала туылуы мүмкін, ықтималдығы 25%.

2-тапсырма. Есеп.

Адамда таскерең ауруы рецессивті белгі болып тұқым қуалайды. Егер ата-анасы гетерозиготалы болса, отбасында ауру және сау балалардың туу ықтималдығы қанша пайыз?
Ж: 25% (аа) ауру бала тууы мүмкін.

3-тапсырма. Тoптық жұмыс.
The man with blue eyes, has parents with black eyes. Нe married to woman with black eyes. What generation we will have from this family, if means of black eyes will be dominant.
Answer: the children will be black eyes.
The children 50%
Топтық жұмыс.
Оқушылар топ болып тапсырмаларды орындайды.


Өздік жұмыс, бір-бірін тексереді.


Оқушылар топ болып тапсырмаларды орындайды.
Слайд №5-12.
  5 мин VІ. «Сынақтан өткізу» әдісі.
Тест тапсырмасы.
Жекелей жұмыс. Парақшалар,
Программа zipGrade.
  3 мин VІІ. Рефлексия.
Тәсіл «Мен қандай құспын?»

Сіздің сабақтағы әрекетіңізді бағалауды ұсынамын.
Критерилер 3 балл 2 балл 1 балл
белсенділігі жоғары орта төмен
Сабақ материалы Жақсы меңгердім. Жартылай меңгердім. Нашар меңгердім.
Тапсырманы орындау Өзім істей аламын. Біреу көмектесіп отырса жасаймын. Қиналамын.

Сіз әр критерий бойынша бал қойып, сосын қосуыңыз керек.
- Ал енді сіз қандай құс екенсіз?
Оқушылар А4 парақшаларында берілген сұрақтарға жауап жазады. А4 парақшалары.
  2 мин 8. Бағалау. Мұғалімнің қорытынды бағалауы. Критерий бoйынша топ мүшелерінің жұмысын лидерлері бағалайды. Бағалау парақшалары.
  2 мин 9. Үйге тапсырма.
1. § 23, 101-103 беттердегі тапсырмаларды оқып келу;
2. Есептерді шығару №70-71, 33-бет.
Күнделікке жазады.  
Қате туралы хабарландыру