Күн мен түн неліктен алмасады?

Кадирова Асель Жеңісқызы
Қарағанды қаласы, «№68 мектеп-интернат» КММ
1228
Жаратылыстану
Тақырыбы:
Күн мен түн неліктен алмасады?

Қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер мен Күннің арасындағы байланысты түсіндіру

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

·         Жер мен Күннің арасындағы байланысты түсіндіре алады.

Оқушылардың көпшілігі:

·         Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді  және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар:

·         Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын  түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері

·         Жер мен Күннің арасындағы байланысты түсіне алады.

·         Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып,  идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады.

·         Жүргізілген бақылау нәтижелерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеп таба алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Жүргізілген бақылау нәтижелерінтүсіндіре алады және сұрақтарға жауап береді

Талқылауға арналған сұрақтар

·         Жер мен Күннің байланысы болады ма?

  • Жер мен Күннің байланысының маңыздылығы неде? Не себепті олар бір-бірімен байланыста?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны тани білу, зерттеу, қорытынды жасау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс көлеңкеге бақылау жүргізу барысында. Бейнелеу өнері пәні топтық жұмыстар барысында сурет салуда.

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Глобус – Жер шарының моделі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері, әдіс тәсілдер

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

1–4 минут

 

 

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

Болжамдық әдіс

(Ұйымдастыру кезеңі)

1.Психологиялық дайындық.

«Армысың,  ару күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

 Үй тапсырмасын қайталау

Ашық күн» (сұрақтарға тез жауап беру арқылы тақтадағы күнді жасырып тұрған бұлттарды тазарту. Әр бұлттың артында сұрақтар бар)

  1. Ауа райы деген не ?
  2. Ауа райы неліктен өзгереді ?
  3. Ауа массасы деген не ?
  4. Ауа массаларының қандай түрлері бар ?
  5. Ауа райын зерттеу не үшін қажет ?
  6. Ауа райын қалай болжайды ?

Формативті бағалау

2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі сабақта Жер мен Күннің арасындағы байланысын  біліп,түсінетін боламыз.

3. Оқушылардан Күн мен Жердің байланысын қалай түсінетінін сұрау.

Білімленд Мектепке дайындық

Балаларға арналған өлеңдер  Көңілді күй

Ауа. Су. Күн райы

№63. Ауаның қасиеттері

Ғарыш әлемі

мультфильм

Сабақ ортасы 

7–30 минут

Зерттеу жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

Оқулықпен жұмыс

1 мин

Сергіту сәті 30 сек

 

 

 

 

 

 

 

Топпен талқыға салу

Жаңа сабақты бекіту

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу

Топтық  жұмыс

3 қатарға топқа бөліну

Семантикалық карта

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

(Ж, Т)Аудитория ішіндегі  бақылау

Жердің жыл ішіндегі Күнді айнала қозғалысын естеріңе түсіріңдер. Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігіне байланысты жыл ішінде күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы өзгеріп тұратынын білесіңдер. Аудитория ішіндегі  жүргізілген бақылау нәтижелері неғұрлым Күн көкжиектен жоғары тұрса, соғұрлым күн сәулелерінің түсу бұрышы үлкейе беретіндігін және түсу уақытының ұзара беретіндігін көрсетеді. Соған орай Күннен келетін жылу мөлшері де өзгереді. Күн сәулелері көлбеу түссе, жер бетін аз жылытады. Бұл Күннен ертеңгілік және кешке қарай келетін жылу мөлшерінің аздығынан айқын көрінеді. Күн сәулесі тіктеу түссе жер бетін көп қыздырады. Мұны түс кезіндегі жылу мөлшерінен-ақ байқауға болады.

31- бет. оқып, талқылау

 Көлеңке ойынын ойнату.

– Өз көлеңкеңді қуып жетіп көріңдер. Сен көлеңкенікөтеріп қолыңа ұстай аласың ба? Көлеңкені қалай жоғалтып жіберуге болады? Не себепті жоғалып кетті? Көлеңке тәулік бойы бірдей бола ма, әлде өзгере ме? Қалай өзгереді? Не себепті бір заттың көлеңкесі ұзын және қысқа болып өзгереді?

 Көлеңке ойынын көрсетіп,нәтижелерді талқылаңыздар. Көлеңке күн мен жасанды жарық көздері бойынша қалай өзгереді екен?

 Күн мен Жердің байланысы туралы бейнематериал көрсету. Күннің жер бетіне түскендегі көлеңкенің пайда болуы туралы әңгіме жүргізу.

 Күннің аспандағы орналасуы мен көлеңкенің өзгеруі туралы қорытынды жазыңыз.

Оқушылармен Күн біздің ғаламшарымызды қыздырмайтын болса, Жерге не болатыны туралы талқылаңыздар. Оларға өз болжамын сурет түрінде ресімдеуге шығармашылық тапсырма беремін.

(Т) Сынып бөлмесіндегі жұмыс

 

Бөлмені қараңғылап қол шаммен бірнеше заттарды пайдаланып, көлеңкенің түзілуін зерттету. А4 форматындағы картон парағынан экран жасап, заттардың көлеңкесін бақылау.

Заттар

Қою көлеңке

Әлсіз көлеңке

Көлеңке жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайда болған көлеңкелердің пішіні мен көлеміндегі айырмашылықтарды өлшеп, оларды түсіндіру.

(Көлеңкенің қалай пайда болғанын түсіндіріп бер. Оны не тудырды?

Ең үлкен және ең кішкентай көлеңкені не тудырады? Көлеңке пішіні мен көлемінің өзгеруін түсіндіріп бер.)

3 топ бір-бірін мимика арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шам, ақ мата, заттар, маркер, ватман

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Күн және күн жүйесі №245 Күн

Дамытушы мультфильм «Ғарыш балалар үшін»

 

 

 

Күн және күн жүйесі №245 10-жаттығу

Рефлексия

АКТ

 1 мин

Сөйлемді аяқта.

«Маған сабақта ... оңай болды»,

«Маған сабақта ... қиын болды».

 

Оқуды бағалау

·         Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөлісу.

·         Жер мен Күннің арасындағы байланысты қаншалықты түсінгендерін бақылау

 

Үйге тапсырма

Күн таңертең нешеде атып, тал түсте қай жерде тұратындығын, кешке нешеде бататындығын бақылау.

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Дифференциация

Қабілеті төмен оқушыларға:

Суреттегі заттарды және олардың көлеңкелерін, түскен жарық көзінің  суретін салуын сұрау.

( Нақты көлеңке жасайтын заттарды беру және көлеңкенің пайда болуын түсіндіріп беруін сұрау.)

Орташа қабілетті оқушыларға:

Қабілеті жоғары оқушыларға:

 Көлеңкесіне қарай анықталатын заттарды беру немесе белгілі бір затты өзгеше бұрышынан ұстап, көлеңкесіне қарай табуды сұрау.

Тәжірибе жасау, бақылауларын түсіндіріп, сұраққа жауап беру топтық тапсырманы қорғау барысын бақылау, түртіп алу, қошемет көрсету арқылы есепке аламын.

Тәжірибе жасау,  бақылау жүргізу  барысында тәртіп сақтау.

Қате туралы хабарландыру