Сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: |
- Сүтқоректілердің маңызы туралы түсінік беру. - Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру. - Оқушыны жан-жақты, терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. |
|||
Сабақ барысы: |
||||
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар, көрнекіліктер |
Кіріспе |
1 мин
5 мин |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Көңіл күйімізді жаттықтыру» тренингін өткіземін. Біз бақытты баламыз Ойнап-күліп, аламыз. Жетілсін деп санамыз Оқып білім аламыз. (Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Әр топқа сүтқоректілердің суреттері бар қағаздар таратамыз.) І топ: Жәндіктер. ІІ топ: Балықтар. ІІІ топ: Жорғалаушылар. Үй жұмысы: І топ: Балықтың пайдасы. ІІ топ: Қосмекенділердің мекендейтін ортасы. ІІІ топ: Жорғалаушылардың түрлері. Осы тақырыптар бойынша постер қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды. «Бас бармақ» әдісін қолдану. |
Оқушылар түрлі мимикалық іс-әрекет жасау арқылы көңіл күйлерін білдіреді.
Оқушылар постерлерін қорғайды.
Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды. |
Интерактивті тақта, слайд.
Интерактивті тақта.
Постер қорғау.
|
Тұсаукесер |
3 мин |
Оқушыларға СТО үшін видео көрсетіп, қолдарына топқа бөлінуге берілген суреттерге назар аударту, оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын, мазмұнын ашқызу. Дұрыс жауап берген оқушыны мадақтап отыру. (Жарайсың, бәрекелді, тамаша...) |
Оқушылар жауап береді, тақырыпты ашады. |
Интерактивті тақта.
|
Негізгі бөлім |
4 мин
5 мин
3 мин
3 мин
4 мин
4 мин
|
Сүтқоректілер жайлы түсіндіру.
iMektep.kz сайтынан сүтқоректілер туралы видеоролик көрсету.
iMektep.kz сайтынандағы тапсырмаларды орындату. Топтар бір-бірін бағалайды. «Бас бармақ» әдісін қолдану.
Топтық жұмыс. №1 тапсырма Сүтқоректілерді тиісті топтарға жіктеу. Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау. Оқушыларға оқулықтан тапсырма беру. (113 бет, №1 тапсырманы орындау.) Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
Топтық жұмыс. Сәйкестендіру (bilimland-те). Жануарларды сәйкес топқа жіктеу.
№2 тапсырма. Жақсы орындаған топты мадақтау: «Қане, балалар, жарайсыңдар! Басымызды сипап қояйықшы». Бекітуге арналған тапсырмалар орындатамын. Жануарлардың дұрыс атауын және олардың қандай топқа жататынын көрсету.
№3 тапсырма. Топтар бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдану. |
Оқушылар көргендерін есте сақтайды.
Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды.
Кластерді толтырады.
Оқушылар жаңа тақырыппен жұмыс жасайды.
Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды. |
Интерактивті тақта. https://imektep.kz/kz/sutkorektiler
Интерактивті тақтамен жұмыс. https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1234
Постер қорғау.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Флипчарт, ноутбук.
Интерактивті тақтамен жұмыс. |
Қорытынды |
4 мин
2 мин
2 мин |
Қорытынды тест алу.
Үйге тапсырма. Сүтқоректілер жайлы оқу, қосымша дерек жинау. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Рефлексия. Бүгінгі сабақ қалай болды? Кері байланыс. |
Оқушылар тестке өткен тақырып бойынша жауап береді.
Үйде постер немесе буклет дайындап келеді.
Оқушылар бағаланады.
Сабақта түсінгендерін бағдаршам түсімен білдіреді. |
Сүтқоректілердің суреттері.
Бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалайды.
Стикерлер. |