Су. Судың қасиеті

Нусупбекова Айнұр Ермековна
Талдықорған қаласы, №2 орта мектеп
4195
Дүниетану
Тақырыбы:
Су. Судың қасиеті

 
Сабақтың мақсаты Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру;
Әртүрлі тәжірибелер жасау нәтижесінде судың басты қасиеттерін және оның шаруашылықтағы маңызын оқушыларға таныстыра отырып, сыни ойлауға дағдыландыру.
Сілтеме

Оқулық «Дүниетану» 2-сынып, мазмұнды суреттер, слайд, «Табиғаттағы су айналымы» бейнекөрсетілімі.

iMektep
http://imektep.kz/tabigattagi-su-aynalimi

Сабақтың әдіс-тәсілдері Интерактивті оқыту әдісі, кубизм, сұрақ-жауап, интервью, көрнекілік, тәжірибе, топтастыру.
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Күтілетін нәтиже - Оқушыларда су, судың қасиеттері, күйі туралы түсінік қалыптасады;
- Топпен жұмыс істеуге дағдыланады;
- Сабаққа қызығушылықтары артады;
- Сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне тілектерін айтысады, топқа бөлінеді.

Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын тағайындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

 

«Аукцион» ойыны

 

- Ауа ластанбау үшін не істеу керек?

- Ауаның қандай қасиеттері бар?

- Ауаның табиғаттағы маңызы.

- Ауаның адам өміріндегі маңызы.

- Ауаның құрамын ата.

- Ауа неден ластанады?

Олай болса, ауасыз тіршілік жоқ екенін білдік.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ауа туралы білгендерін айтады, бір-бірін толықтырады.

Жаңа тақырыпты меңгерту

Жұмбақ жасыру.

 

Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аяғы жоқ, жорғалайды, жүреді

Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,

Жерге тамып түседі

Айтыңдаршы, осыны кім біледі? (Су)

 

Ой қозғау:

 

- Су қандай зат?

- Судың түсі қандай?

- Судың пішіні болады ма?

- Суды қандай жерлерде кездестірдің?

 

Су – тіршілік көзі. Жер бетінің үштен екі бөлігін су алып жатыр.

➢ «Табиғаттағы су айналымы» бейнекөрсетілімін көрсету арқылы судың күйі, айналымы, маңызы туралы түсінік беріледі. http://imektep.kz/tabigattagi-su-aynalimi

➢ Тәжірибе жасап көрсете отырып, судың қасиеттері туралы түсінік беру.

➢ Оқулықпен жұмыс.

 

Іштей оқу, жұппен, топпен талдау.

 

➢ Топтық жұмыс:

1. Судың қасиеттері туралы айт.

2. Қалай ойлайсың, адам өмірінде қайсысы маңызды су ма, әлде ауа ма?

3. Судың пайдасы туралы эссе жаз.

4. Су – бу – мұз осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.

5. Интервью әдісі арқылы топтардан сұқбат ал.

6. Су туралы жұмбақ құра.

Оқушылар берілген жұмбақтың шешуін таба отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Бейнекөрсетілімді тамашалайды.

 

Тәжірибе барысында судың қасиеттері туралы түсінік қалыптасады.

 

Оқулықпен жұмыс жүргізеді.

 

 

 

Топтық жұмысқа қатысады, тапсырмаларды орындайды.

Бекіту

Ойды жалғастыру: «Егер мен...».

Егер мен су болсам...

Егер мен ауа болсам...

Егер мен жер болсам...

Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Қорытынды

– Біз бүгін не білдік?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар өздеріне баға қояды.

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек.

Сабақ бойы алған білімі туралы ойлана біледі.

Үй тапсырмасы

41-43 бет тапсырмаларды оқу, мазмұндау.

Күнделіктеріне түртіп алады.

Қате туралы хабарландыру