Планета – ортақ үйіміз
Трансдисциплинарлық тақырып: Планета – ортақ үйіміз. |
Орталық ой: Жануарлар мен өсімдіктердің жойылуы әртүрлі себептерден болады және экожүйедегі тепе-тендікті сақтауға әсер етеді. |
Зерттеу бағыттары: – жануарлар мен өсімдіктердің жойылу себептері; – флора мен фаунаның жойылуының біздің планетамызға әсері; – жануарлар мен өсімдік түрлерін сақтаудағы адамдардың жауапкершілігі. |
|
Тақырыбы: Қорек тізбегі. |
Сабақтың мақсаты: Оқушылар өздері құрастырған қорек тізбегін талдайды, тақырып бойынша тапсырмалар мен тест орындай алады. |
Міндеттері: – оқушылар қорек тізбегі туралы біледі; – қарапайым қорек тізбегін құрастырады, берілген нұсқамен салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды; – тақырып бойынша тапсырмалар мен тест орындау арқылы өздерін бағалайды. |
|
Ресурс: bilimland.kz сайты, А4 қағазы, жауап парақтары. |
Сабақтың барысы:
Кезеңдері/уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қызығушылықты ояту (12 мин)
|
«Атом мен молекула» әдісі арқылы оқушыларды 6 топқа бөлу.
«Әдеттегі қорек тізбегі» атты видео көрсету. Тапсырма: Әр топ берілген табиғи қауымдастыққа байланысты қорек тізбегін құрастырады:
Топтар қағаздарымен ауысып, басқалардың жұмысын қарап шығады. Бір-бірлеріне сұрақ қоюға болады. |
6 топқа бөлінеді Видео көреді
А4 қағазға берілген аймаққа байланысты тізбек құрастырады. Қағаздарымен ауысады, танысады, сұрақтар қояды. |
Мағынаны тану (15 мин)
|
Салыстыр «Судағы қорек тізбегі» мен «Ормандағы қорек тізбегі» атты видео көрсетеді: Оқушылар екі топ (су мен орман) жасаған тізбекпен видеодан көрген тізбекті салыстырады, айырмашылығы мен ұқсастығын табады, атап отырады, мұғалім олардың айтқанын Венн диаграммасында толтырады. Осыдан қандай қорытынды жасауға болады? Не байқадыңдар? |
Видео көреді. Топпен талқылайды, топтың атынан бір оқушы сөйлейді, басқа топтар жауабын толықтырады. Мұғаліммен бірлесіп диаграмманы толтырады.
|
|
2-видео: «Қорек тізбегі арқылы өтетін энергия ағыны» атты видео көрсетеді. Сұрақтарға жауап алу: Осы видеодан кейін ойланып мына сұрақтарға жауап беріңдер: – Егер қоянның саны көбейіп кетсе не өзгереді? – Бүркіттің саны көбейіп кетсе не болуы мүмкін? Қалай ойлайсың? – Экожүйедегі тепе-теңдік сөзін қалай түсінесің? |
Видео көреді.
Әр топ сұрақтарға жауап береді, жауаптарын ортаға салады, басқалары толықтырады. Экожүйедегі тепе-теңдік туралы өздері қорытынды жасайды. |
Рефлексия (5-7 мин)
|
Жеке жұмыс. №1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр. №2-тапсырма. Дұрыс және бұрыс. Тест.
|
Оқушылар топпен ноутбук арқылы тапсырмаларды орындайды (қағазға көшіріп орындатуға болады) мүмкіндік болса барлығының жеке орындағаны жақсы)
|
Бағалау (5-7 мин)
|
Қорытынды беттегі тапсырмалар мен тест нәтижесі бойынша бағалау. 0 қате – өте жақсы 1-3 қате – жақсы 4-5 қате – қайталау керек 6-дан көп қате – түсінген жоқпын |
Топтық бағалау (қағазға орындаған жағдайда өзін-өзі бағалайды). |
Үйге |
Өздері жойылып бара жатқан кез келген жануар немесе өсімдікті таңдайды, оның қорек тізбегіндегі орнын сурет арқылы көрсетеді. |
Күнделікке жазып алады. Мәлімет іздеу, сурет салу. |