Пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаты |
Пайдалы қазбалар туралы мағлұматтар беру, атауын айтып, шартты белгілерімен картадан көрсете алу. |
Жетістік критерийлері |
Қазақстан қартасынан пайдалы қазбаларды шартты белгілері бойынша табады. Тұрмыста қалай пайдаланатынын анықтайды. |
Тілдік мақсаттар
|
Кенге жататын және кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың атауларын білу, кен орындары, ашық және жабық шахталар, кен қалдықтары, террикон атаулары мен сөз тіркестерін, идеялары мен пікірлерін айтуда, ақпаратты табуда қолдану. |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік, қызығушылық қасиеттері дамиды және өзінің тұратын тұрғылықты мекенінде қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін біледі. |
Пәнаралық байланыстар |
География, ғылымға кіріспе пәндерімен байланысады. |
АКТ |
Iimektep видео, тест. |
Алдыңғы меңгерілген білім |
Заттар мен денелер, табиғи және жасанды дене. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
|||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Жанғыш Кенге жататын Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар суреттері және заттар беріледі, қолындағы затқа байланысты өз тобын тауып отырады. Суреттері бойынша ортақ қасиеттерін табады. |
Ресурстар Құм, бор, әктас, қасық, темір сызғыш, мыс қиындысы, магнит, күміс әшекей, мұнай, газ, көмір, т.б. суреттер мен заттар. |
||||||
Сабақ ортасы 20 минут
|
Жигсо әдісі жойынша бүгінгі тақырып туралы қысқаша мағлұматтар жазылған мәтін берідеді. Мәтінді бір-біріне түсіндіреді. https://imektep.kz/kz/paydali-kazbalar І топ: Жанғыш ІІ топ: Кенге жататын ІІІ топ: Кенге жатпайтын
Оқулық, картаммен жұмыс Оқулықта берілген мәтінді оқып қысқаша мазмұндайды. Қазақстан картасында берілген шартты белгілермен таныса отырып қандай облыста не өндірілетіні жайлы мағлұматтар алады. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар мен кенге жататын пайдалы қазбаларды салыстырады, жанғыш пайдалы қазбалардың ерекшелігіне тоқталады.
Сергіту сәті Өзің жақсы білетін облыста қандай кен бар екен картадан тауып, шартты белгімен белгіле, тағы не бар екенін ойлан.
(Қ) Оқушыларға. «Мен із кесушімін» – Шартты белгілер бойынша жұмыс. – Бұл заттың иісі жоқ, суда ериді, дәмі ащы, магнит тартпайды, бұл сонда қандай зат? ... – Өте жеңіл, адам денсаулығына зияны жоқ, өзі қатты, жылуды тез өткізеді, бұл не? ... – Бұл заттың иісі бар, түсі сарғыш, сұйық, адам денсаулығына, өсімдікке зиянды, оттан абай бол деген жазуы бар. Бұл не? ...
Ойындар Артығын алып тастау https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1580 Дұрыс/бұрыс https://imektep.kz/kz/game#true_false-1488
Дәптермен жұмыс Шартты белгілерді Қазақстан картасына түсіру. Өзің тұратын жерде қандай пайдалы қазбалар бар екен? Тест https://imektep.kz/kz/game#quiz-1537 Сұрақтың жауабын дәптерге белгілеп, жұпта тексереді. |
Видео «iMektep»
«iMektep» «Артығын алып таста» «Дұрыс/бұрыс»
«Бос орынды толтыру» «Тест»
|
||||||
Рефлексия Сабақтың соңы
5 минут |
|
|