Өсімдіктердің тіршілік ортасы

Құрманалиева Фатима
Астана қаласы, №81 «Astana English School» гимназиясы, мектеп-гимназия
5161
Дүниетану
Тақырыбы:
Өсімдіктердің тіршілік ортасы

 

Мақсаты

- Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы туралы жалпы мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдетуге қолайлы жағдай жасау;

- Өсімдік туралы білімдерін толықтырып, балалардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттырып, сауатты сөйлеу дағдысын ұйымдастыру.

Міндеттері

- Өсімдіктер туралы түсінік беру, өсімдік түрлерін ажырата алуға көмек көрсету;

- Өз ойын толық жеткізе алуға мүмкіндік беру;

- Ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, бағдарлау.

Күтілетін нәтиже

- Өсімдік түрлерін және тіршілік ортасын ажырата алады;

- Мәтінмен, суретпен жұмыс барысында ойын ашық айтады, еркін ой бөліседі;

- Топтық жұмыста сөзді бөлмеуге, сұрақ қоюға, өзін бағалауға үйренеді.

Сабаққа қажетті материалдар

Интерактивті тақта, маркерлер, тапсырма жазылған қағаздар, ойын элементтері.

Психологиялық ахуал

Әрбір сөзім,

Шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір ісім,

Тірек, тірлік, адамдық.

Әрбір адам,

Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ,

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Суреттер арқылы сыныпты үш топқа бөлу. 

Өсімдіктердің тіршілік ортасы - 1

Қызығушылықты ояту

"Суретті болжам" стратегиясы арқылы ой қозғау.

Жаңа тақырып атауын болжау. Әр топқа тапсырма беру.

"Көкөністер" тобы – түрлерін жазу.

"Жемістер" тобы – қасиеттерін жазу.

"Жидектер" тобы – құрамын жазу.

Өсімдіктердің тіршілік ортасы - 2

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

"Өсімдіктердің тіршілік ортасы"

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/#lesson=14715 видео топтамасын көрсету арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Мәтін үш бөлімге бөлініп, үш топқа беріледі. Олар жеке оқып, жұпта, топта талқылайды.

"Көкөністер" тобы – "Шалғын өсімдіктері" тақырыбында "Галереяға саяхат" стратегиясы бойынша коллаж құрастыру.

 "Жемістер" тобы – "Орман-тоғай өсімдіктері" тақырыбында бірігіп сурет салу .

"Жидектер" тобы – "Таулы өлке өсімдіктері" тақырыбында семантикалық картамен жұмыс жасау, кесте толтыру.

Әр топ тақтаға шығып постерлерін қорғайды.

Сергіту сәті

"Көкөністер" тобы – http://imektep.kz/iw_1443.

"Жемістер" тобы – http://imektep.kz/iw_1442.

"Жидектер" тобы – http://imektep.kz/iw_1367.

Әр топқа ойындар ойнату арқылы сергітіп алу.

Ой толғаныс

"Көкөністер" тобы – Венн диараммасы.

"Жемістер" тобы – 5 жолды өлең.

"Жидектер" тобы – Жолаушының қойын дәптері.

Үйге тапсырма

Бөлме өсімдіктерінің түрлері, қасиеттері туралы мәліметтер жинақтау.

Бағалау

Бағалау парақшаларын топ басшыларына тарату.

Топтық жұмысты смайликтер арқылы бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Өсімдіктердің тіршілік ортасы - 3

Смайликтерді өзі қалаған топқа жабыстырады.

Қате туралы хабарландыру