Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т3. Мәтіндегі мәліметтерді түсіну және болжау. Мұғалімнің сырттай бақылауымен мәтін, диалог, өлең, әндердегі нақты мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді. А5. Медиақұралдар арқылы тілді дамыту. Медиақұралдарды пайдаланып, сөйлеушінің сөйлеу мәнері мен көңіл-күйін түсінеді, сипаттайды және қысқаша мазмұндайды. А4. Сенімді және еркін жауап беру, сөйлеу. Өзіне таныс тақырыптар бойынша дайындықсыз қарым-қатынасқа түседі. |
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың барлығы: таныс тақырып бойынша дайындықсыз қарым-қатынасқа түседі. Оқушылардың көпшілігі: сөйлеушінің көңіл-күйін түсінеді, сипаттайды, қысқаша мазмұндайды. Оқушылардың кейбірі: нақты мәліметтерді түсінеді, өз пікірін білдіре алады. |
Тілдік міндеттер | Әлем, жер шары, күн жүйесі, галактика, ғаламшар. |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері |
Оқыту ресурстары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы
Сабаққа қызығушылығын ояту
7 минут |
Бөлім тақырыбына байланысты бірнеше сурет сынып ішінде жасырылады. Суретті тапқан оқушылар «Ғарыш әлемі» және «Ғарышкерлер» деп екі топқа бөлінеді. Сурет бойынша әр оқушының пікірі тыңдалады.
|
МАН = Мұғалімге арналған нұсқаулық.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы
Мағынаны тану
5 минут
10 минут
2 минут
6 минут
8 минут
|
Тыңдалым алды тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздерді анықтамалармен сәйкестендіру.
Интербелсенді тақтада дұрыс жауап шығады. Топ оқушылары сағаттың тілімен өз жұмысын көршісіне береді. Тапсырманы алған оқушы дұрыс жауабымен салыстыра отырып бағалайды.
Тыңдалым. Мына бейнефильмге назар аударайық. Назар салып, мұқият тыңдаңыздар. «Ғарыш туралы түсінік» фильмі.
http://imektep.kz/garysh-video
Айтылым. Тапсырмаларды орындау. Бейнефильм көрсетілгеннен кейін фильм мазмұны бойынша қысқа шолу сұрақтары қойылады: - Ғарыш деп нені айтады? - Ғарышты алғаш зерттеуші ғалым кім? - Күнді қанша планета айналып жүреді? - Ғарыштың көлемі қандай? - Неге ішкі және сыртқы планеталар деп аталады? - Бейнефильм түсінікті болды ма?
«Ғарыш» бейнефильмі бойынша дифференциациялық тапсырмалар «Ғарышқа сапар» ойыны арқылы орындалады. Екі топтың зымыраны сайысқа түседі. Дұрыс жауап берген топ өз зымыранын жылжытып отырады. Жеңімпаз топ мүшелері мақсатқа жетеді. 1. Ойын «Бос орынды толықтыр». 2. «Артығын алып таста». 3. «Дұрыс немесе бұрыс».
«ПОПС» формуласы. Әр жұпқа ғарышқа байланысты түрлі тұжырымдар беріледі. Тұжырымдарды «Попс формуласына» салып, өз ойларын фактілермен, мысалдармен білдіреді. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... ». Тапсырма: 1-жұп: «Ғарышты зерттеу- маңызды іс». 2-жұп: «Ғарышқа ұшу - зиянды». 3-жұп: «Ғарыш - пайда көзі». 4-жұп: «Ғарышты зерттеу - ғылымды дамыту». 5-жұп: «Байқоңыр - әлемдегі негізгі ғарыш айлағы».
Қалыптастырушы бағалау жұмысы.
(Қарама-қарсы отырған жұптар бірін-бірі бағалайды)
|
Таратпа қағаздар.
Таныстырылым.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы Күтілетін нәтиже
6 минут
1 минут |
Рефлексия.
«Ғажайып галлактика» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді: 1. Сізге қай тапсырманы орындаған ұнады, неліктен? 2. Бүгінгі сабақтан өзіңізге қандай ақпарат алдыңыз? 3. Алған ақпаратыңыз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? 4. Сіз өз біліміңізді көрсете алдыңыз ба? 5. Болашақта ғарыш саласын дамытуға сіз қандай үлес қосар едіңіз? 6. Сіз бүгінгі нәтижеңізге қаншалықты ризасыз?
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Кестедегі әріптерден ғаламшар аттарын тауып, дәптерге жазу. «Күн жүйесі» жайлы деректер іздеп, жаңа деректерді сыныптастарыңмен бөліс. |
Рефлексиялық сұрақтарға жауап жазады. |