Басты құндылық – рухани тазалық пен табиғатқа сүйіспеншілік

Джанкеева Перизат Куанышбекқызы
Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп
1680
Дүниетану
Тақырыбы:
Басты құндылық – рухани тазалық пен табиғатқа сүйіспеншілік

Мақсаты

Оқушыларға Елбасымыз Н. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына байланысты  іс-шаралардың жүргізілуі  жөнінде түсінік бере отырып, туған жердің табиғатын сақтауды түсіндіру, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне зиян келтіретініне көзін жеткізу, рухани сауатты, саналы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері

Табиғат көріністері – суреттер топтамасы, буклеттер, нақыл сөздер, «табиғатты қорғайық» ережелері, тәжірибеге қажетті заттар.  

Дереккөздері

білімлендтвинг.

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/adam-zhane-tabihat

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/atmosferanyng-lastanuy

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution470

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution471 

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution473

twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air

https://twig-bilim.kz/kz/film/wat-is-an-ecosystem

https://twig-bilim.kz/kz/film/oil–spills 

 

Сабақ барысы:

Өтпелі кезеңде адам дүниетанымы мен ойлау жүйесіне сай жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті жетілмей жатқанын пайдаланып, рухани сауатсыз, тіл мен дәстүрлі құндылықтардан айырылған, сөз ұстанымы жоқ, санасы жабық болған сәтте жүзеге асатын түрлі қауіптер қоғамда белең алуда. Ұрпақтың санасын қорғау, уланудан сақтау мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани ахуалы мен сол қоғамдағы рухани парасаттылық құндылықтарының жаңа жүйесін орнықтыруға тиіс екенімізді атап өтті. Сол себепті ұлттық мақсат-мүддемізге сай барлық оқу орындарымызды рухани-парасатты тәлім-тәрбие ортасына айналдыру арқылы білім беру көзделіп отыр.

Адамның рухани тазалығы:

* Ой-сана тазалығы;

* Гигиеналық тазалық;

* Ниет-пиғыл тазалығы;

* Іс-әрекет тазалығы;

* Адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы;

* Қоршаған ортадағы  табиғатқа тазалық.

Дана халқымызда: «Жер бұлағымен сүйкімді, бұлақ құрағымен сүйкімді» деген сөз бар. Демек, туған жердің табиғатын түлету, оның табиғи байлықтарын сақтау және түрлі апаттардан  қорғау біздің міндетіміз.

Мұғалім оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы «Ауа», «Жер», «Су» сөздеріне аударып, осы сөздерге байланысты үстелден заттарды (доп, шар, су құятын ыдыс) таңдап алуды ұсынады.

Оқушылар таңдаған заттарын үстелдегі жазулардың (жер, су, ауа) жанына апарып, топтарға бөлінеді.

– Өздерің  таңдаған зат пен сөздің арасында қандай байланыс бар?

1-оқушы:  Мен шарды «Ауа» сөзінің  тұсына қойдым. Себебі шардың іші ауамен толтырылған. Шардың ішінде ауа болғандықтан көлемі ұлғаяды.

2-оқушы:  Мен допты  «Жер» сөзінің  тұсына апардым. Себебі жер шары доп тәрізді домалақ. Жер де айналып тұрады.

3-оқушы: Су – сұйық зат, оның пішіні болмайды. Суды тек ыдысқа құйып қана қолдана аламыз. Сол себепті мен ыдысты «Су» сөзінің жанына  апардым.

 

1. «Біздің таңдауымыз»

«Ауа тобы»:

ауа тобы

Оқушы: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмірлік өзегі, аңсар арманы – таза ауа.

 

Оқушы:  Болмасын ауа ешкімнің арман, мұңы,

               Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

               Ойлашы, кімге керек боламыз біз,

               Жұтудан таза ауаны қалған күні.

 

Оқушы:  Бола алмас аспан ұя зауалына,

               Жауларды тартар уақыт жауабына.

               Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,

               Улауға жол бермейміз ауаны да.

 

  «Су тобы»:

                     су тобы

Оқушы: Табиғаттың  көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген.

 

Оқушы:     «Сулы жер – нулы жер»

                  «Су-табиғаттың айнасы».

                 «Судың да сұрауы бар».

 

Оқушы:   Су деген тіршіліктің қаны емес  пе?!

                 Су деген тіршіліктің жаны емес пе?!

                 Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат

                 Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

 

Оқушы: Су жүргізер тіршіліктің  тамырын ,

               Су жоқ болса, тірлік  тамам, бауырым,

               Судың біздер біле тұрып маңызын,

               Көр болған соң ұмытамыз қадірін.

 

«Жер тобы»:

жер тобы

Оқушы: Жер – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұя және аялы бесігі, құтты қоныс пен өсіп-өнер  мекені.

Оқушы:  Туған жер – алтын бесік, асыл анам,

           Ауаңмен, ақ сүтіңмен  асыраған.

          Мен-дағы ұлың едім өзің тектес,

           Алысқа несібесі шашыраған.

 

 Оқушы:  Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,

           Жер үстінде аштық  тіршілік есігін.

           Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

            Жер-жаһанды аяла алақаныңда.

 

  2.  «Жер – ортақ үйіміз» (бейнебаян ) https://twig-bilim.kz/kz/film/wat-is-an-ecosystem

    changingecosystems_img01_BA19154

 

Мұғалім:  Жер, су, ауа табиғаттың бір бөлшегі, ал табиғат – адамның  бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне лаззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Осы сұлулық пен әдемілілікті сақтай аламыз ба?

Топтар өз ойларын айтады. Бір топ «Иә, сақтаймыз, өйткені..........», екінші топ «Жоқ, сақтай алмаймыз, себебі..............». Үшінші  топ сарапшылар болып екі топқа талдау жасайды.

3. Шығармашылық тапсырма: «Табиғатты ластайтын заттар»

Оқушылар табиғатты ластайтын заттардың суреттерін салады. Салынған сурет бойынша өз ойларын айтады. Табиғаттың ластануы көбіне адам  қолымен жасалатынын тұжырымдайды.

4. Тестhttps://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip

Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті екеніне көз жеткізу мақсатында оқушылардан «Қалдықтардан төнетін қауіп» деп аталатын тест алынады.

1-нұсқа. Тізімде берілген өнімдерді қалдық сәйкестендіріңіз.                     

 

шыны

Жарамсыз қағаз

алюминий

пластик

Қаңылтыр құты

О

О

О

Йогурт құтысы

О

О

О

Шыны бөтелке

О

О

О

Қатырма қағаз

О

О

О

Газеттер

О

О

О

СД диск

О

О

О

Пластик бөтелке

О

О

О

 

2-нұсқа. Қалдықтардың жойылу мерзімдері.

 

10-15 күн

1 ай

1-3 ай

3-4 ай

1 жыл

2 жыл

100 жыл

500 жыл

1000 жыл

Ас қалдықтары

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлар  мен құстардың саңғырығы, тезегі

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңсе қағаздары

 

 

 

 

 

+

 

 

 

Картон қағаз

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Қурап түскен жапырақ

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Автокөлік аккумуляторы

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Қаңылтыр банкілер

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Шынылар

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

5. «Табиғаттың  ластануы» бейнебаян   twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air

97 

Мұғалім: Табиғаттың  ластануына өнеркәсіптің дамуы  әсерін тигізеді. Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері  https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/adam-zhane-tabihat

Слайдты көрсете отырып оқушыларды ойларын қорытуға жетелейді.

а) Топыраққа әсері: ластанады, құнарлылығы нашарлайды. 

ә) Суға әсері:  мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластанады.

б) Ауаға әсері: қышқылды жаңбырлар жауады, жер бетінің температурасы өзгереді, жанауарлар мен өсімдіктер өледі.

в) Адамға әсері: ағза әлсірейді, бой ақырын өседі, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Қазақстандағы ең көп ластанатын қалалар – Ленингор, Зырян  https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/atmosferanyng-lastanuy

6. Тәжірибе. Судың ластануы.

– Ыдысқа су құю, судың бетіне автол майын құю;

– Нәтижесін болжау (балалардың пікірін тыңдау).

Бейнебаяндағы көрсетіліммен және слайдтағы мәліметтермен салыстыра отырып талдау жасау.  https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution470

https://twig-bilim.kz/kz/film/oil–spills 

7. Қоқыс жинайтын орын тұрмыстық қалдықтар тасталатын жер  https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution471

Ойын: «Қоқысты сұрыптау».

Мақсаты: Қоқыс жәшікке тастауға болмайтын заттарды сұрыптау. https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 75

8. «Қалдықтардың  екінші өмірлері ...»  Жердің ластануын қалай азайтуға болады?  https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution473

Қалдық заттардан қажетті тұрмыстық бұйымдар жасауға болатынына көз жеткізу. Оқушылар қажетсіз  заттардан (СД диск, пакеттер, баклажкалар, қағаздар) жаңа бұйымдар жасайды. Жасаған бұйымдарын қорғайды.

9. Топтық жұмыс. «Ауа, жер, суды ластанудан қорғау» тақырыбында постер қорғау7

топтар 

«Жердің ластануын қалай азайтуға болады?» бейнебаяндағы мәліметтермен салыстырып қорытындылайды.  https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-impacts-pollution473 

10.  «Мен үшін жаңалық болды» айдары.

  • Ең ұзақ сақталатын қоқыс қалдығы – шыны, жойылу мерзімі 1000 жылдан астам.
  • Ең жылдам жойылатын қоқыс қалдығы жануарлар мен қилары 15 күн.
  • Әлемдегі ең лас қала – Чернобыль. Ол жерде бүкіл әлемге  қатерлі атом электр станциясы жарылған.
  • Әлемдегі ең таза қала – Канаданың Калгари қаласы.
  • Қазақстандағы ең көп ластанатын қалалар – Ленингор, Зырян. 

 

Қорытынды

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ», –

демекші, мұң-зарын бізге ашып айта алмайтын табиғатқа болашақ өмірдің тұтқасы ретінде сендер қандай үлес қосар едіңдер?

 

Мен

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:  «Жастар елімізге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы керек» деген болатын. Бұл ең алдымен адамның туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігінен  туындайды. Туған жердің ауасы, суы, нуы – бәрі-бәрі тек жақсылықты бойына сіңірген табиғи таза, мөлдір, рухани құндылықтардың нұрынан құралады.  Ендеше, Отанға деген шынайы махаббатты әркім өзінің адалдығы мен тазалығынан бастайтын уақыт жетті.

Қате туралы хабарландыру