Алуан түрлі ғаламшарлар
Сабақтың тақырыбы: |
Алуан түрлі ғаламшарлар |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): |
3.4.2.1 Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу. 3.4.2.2 Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру. |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Ғаламшарлардың топқа бөлінетінін біледі, оларды сипаттайды. |
|||
Тілдік мақсаттар: |
Алып ғаламшар. |
|||
Бағалау критерийлері: |
|
|||
Құндылықтарды дарыту: |
Өмір бойы білім алу. |
|||
Пәнаралық байланыстар: |
Дүниетану, өнер. |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім: |
Жер, ғарыш, аспан денелері. |
|||
Сабақтың барысы: |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 4 мин.
7–8 мин.
|
I Ұйымдастыру бөлімі Топқа «Молекула» әдісі бойынша бөлінеді: (Ұ) Күлімдеп күн бүгін де, Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін де, Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін де, Қарады баршаға! – Қандай сөз көп қайталанды? Күн. – Күн дегеніміз не, балалар? (Алдыңғы сабақта білгендерін айтады). ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау: 1. Бүгін біз сол күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы білімімізді тереңдетеміз. 2. Сабақ барысында жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады (оқушылар бағалау критериіне тоқталады). ІІІ Өткенді қайталау: 1. Бірінші сыныпта ғарыш туралы не білдіңдер? 2. Ғарышты қалай зерттейді? 3. Ғарышты зерттейтін жерді не деп атайтын еді? 4. Олай болса балалар, күн жүйесі туралы бейнебаян тамашалайық. (Бейнесабақты 01.09-дан бастап 07.44 минутына дейін көреді). https://imektep.kz/kz/garysh-video 3. Енді «Дұрыс/Бұрыс» ойынын ойнайық. Әр сұраққа топтар кезектесіп жауабын айтады. Қай жауап басым болса, экранда да соны басамыз. https://imektep.kz/kz/game#true_false-1371 |
Интербелсенді тақта, |
||
Сабақтың ортасы 10 мин.
Сергіту сәті 5–7 мин.
|
ІV Жаңа сабақ: Диалог: – Ғаламшарларды атап шығыңдар (Меркурий, Шолпан, Марс, Жер, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран). №78. Жердің ғарыштан көрінісі (1-видео және суреттер, 1 мин). https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh/lesson/zherding-haryshtan-korinisi – Келесі бейнероликті мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап дайындаңдар. 1. Қай ғаламшар ішкі ғаламшарлар тобына жатады? 2. Бұл ғаламшардың ерекшелігі қандай? (кішкентай және тасты). 3. Неліктен Меркурий, Шолпан, Жер, Марс ішкі немесе жер тобы ғаламшарлары деп аталады? 4. Егер бұл ғаламшарлар «ішкі ғаламшарлар тобы» деп аталса, қалған ғаламшарлар тобы қалай аталады деп ойлайсыңдар? №74. Күн жүйесі 7-видео (21 секунд). https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh/lesson/kun-zhujesi Ішкі және сыртқы ғаламшарлар Күн жүйесіндегі сегіз ғаламшар Күнді айнала қозғалады. Сұрақтарға жауап алған соң 2-видеоны (21 секунд) көреді. Болжауларының тура шыққанын немесе теріс болғанын анықтайды. «Қар жауыны» әдісі. Көрген бейнебаян бойынша сұрақ құрастырып, бір-бірімізге лақтырамыз. Келесі бала лақтырылған сұраққа жауап береді. Модельдеу. Алдыларыңда тұрған ресурстарды қолдана отырып күн жүйесінің моделін жасаңдар. Топтық жұмыс: топтық жұмысты бағалайды. Кері байланыс береді. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңыздылығы қандай? Не үшін ғарышты зерттейді, онда ұшады? Ойларыңбен бөліссеңдер. Жердің алуан түрлі жасанды серіктері бар. Олар Күн жүйесін, басқа ғаламшарларды, ғарышты зерттеуге арналған. Метеорологиялық серіктер ауарайын болжауға көмектеседі. Байланыс серігі радио және теледидар хабарларын таратуға арналған, телефонмен байланыс. V Қалыптастырушы бағалау №74. Күн жүйесі тапсырмаларын орындау Tапсырма https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh/lesson/kun-zhujesi сайтындағы бейнематериалдың келесі бетінде көрсетілген дұрыс жауапқа қарап бірін-бірі тексереді. Топ оқушылары сағаттың тілімен өз жұмысын көршісіне береді. Тапсырманы алған оқушы дұрыс жауабымен салыстыра отырып бағалайды. |
Қағаз
Ермексаз, ши, сым, қатырмақағаз
Жеке тапсырмалар, бағалау парағы
|
||
Үйге тапсырма 2 мин. |
Үйде оқулықтағы ақпаратты оқумен қатар төмендегі сілтемелер бойынша бейнесабақты көру. https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/kun-zhane-kun-zhujesi https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh/lesson/kun-zhujesi https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/kun-zhane-kun-zhujesi |
|||
Сабақтың соңы 5 мин. |
Рефлексия Балалар, егер сендер ата-аналарыңа осы сабақ бойынша хат жазсаңдар, не жазар едіңдер? Сәлем хат! Сәлеметсің бе! Мен бүгін сабақта... білдім. Маған сабақта... жұмыс істеу ұнады. Сабақта... түсінбедім. Маған.... түсінуге көмек керек. |
Аяқталатын сөйлемдер жазылған слайд |
||
Дифференциация. Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Топтық жұмыстағы тапсырмалар деңгейі |
Мұғалімнің бақылауы, оқушылардың өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.
|
Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Мысалы: 1. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? 2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? 3. Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? 4. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 5. Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |