Ай – Жердің табиғи серігі

Әміржанова Гүлбақыт Амангелдіқызы
Астана қаласы, №54 мектеп-лицей
3969
Дүниетану
Тақырыбы:
Ай – Жердің табиғи серігі

Оқу мақсаты

Жердің табиғи серігін анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:  

– Ай Жердің бірден-бір серігі екенін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

– Ай мен Жерді салыстыра алады;

– Айдың Жерді айналатынын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

– Ай мен Жерді сипаттай алады, қызметін ажыратады және фазаларын анықтай алады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, жоғары ойлау деңгейлері.

Бағалау критерийлері

  • «Ай», «серік» сөздерінің мағынасын түсінеді.
  • Ай – Жер ғаламшарының серігі екенін біледі.
  • Ай Жерді айналатынын, біздің ғаламшарға тек бір жағымен көрінетінін айта алады.
  • Айдың массасы біздің ғаламшардан шамамен 81 есе аз екенін біліп, Ай мен Жерді салыстырады.
  • Жасанды және табиғи серіктер туралы біледі, оларды айыра алады. 
  • Зерттеу жұмысы барысында бір-біріне сұрақ қойып, талдайды, Ай мен Жердің көрінісін, көлемін ескере отырып, өз ойын жинақтай алады, өмірде қолданады және Айдың белгілі бір қашықтықта тұрып, Жерді айналатынын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

 

Айтылым және тыңдалым: «Табиғи серік» тапсырмасын орындау кезінде оқушылар оқу ақпаратын тыңдайды. Айдың неліктен Жердің табиғи серігі екені сұрақтар қояды және жауап береді. «Айырмашылығы» және кіріспе тапсырмаларын орындау кезінде оқушылар деректерді айта алады. Оқушылардың ойларын дұрыс тұжырымдауын, оны түзете білулерін қадағалау.

Жазылым: «Сызба» тапсырмасын орындау барысында кейбір оқушылар Ай туралы білгендерін жаза алады.

Оқылым: «Айқыш пен дөңгелек» тапсырмасын орындау барысында оқушылар сөйлемдерді оқиды, өздерінің келісетін-келіспейтіндерін айтады.

Сөздік қор: Бұл сабақтың тірек сөздері «Ай», «серік». Олардың мағынасы сабақ барысында ашылады. Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрауды ұсыну.

Құндылықтарға баулу

  • Ғарыш әлемінің, зерттеу мен тілдің біртұтастығы.
  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

География, көркем еңбек, музыка.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жер мен Күн арасындағы байланыс.

Ресурстар

  • Тартылысты көрсетуге арналған ұзындығы бірдей жіптер;
  • Ермексаз, сусын ішуге арналған түтікшелер, желімді таспа;
  • www.bilimland.kzбилимленд, www.imektep.kzаймектеп, https://www.google.kz/ ресурстары.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабаққа жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Аспан денелерінің атаулары бойынша топқа бөлу. (3 минут)

Картинки по запросу венера Картинки по запросу Марс Картинки по запросу земля Картинки по запросу Сатурн Картинки по запросу Меркурий   

                     Шолпан                     Марс                  Жер                    Меркурий          Сатурн

Оқушыларға адамдардың кемемен, пойызбен қалай саяхаттайтынын көз алдыларына елестетуін сұрау.

– Үнемі бірге сапар шегетін адамдар қалай аталады? (жолсерік)

– Ендеше мына бейнероликке көңіл айдарайық.

https://imektep.kz/kz ресурсында дүниетану пәніндегі «Ғарыш» бөлімінен «Ай» бейнеролигін көрсету.

(05:24-06:16 ) – 1,42 сек

(06:53-07:06 ) – 53 сек

аймектеп видео

Қызығушылықты ояту. (3 минут)

«Табиғи серік». Оқулықтағы суретке назар аударту:

жер к

– Онда не бейнеленген? (Жер және Ай)

– Жердің көрінісі қандай? (ол көгілдір пішінді, құрлықтар көрінеді, атмосфера байқалады.)

– Жер мен Айды салыстырыңдар. Қайсысы үлкен? (Жер)

– Айды қай кезде көре аламыз? (түнде)

– Ай үнемі Жердің маңында бола ма? (иә)

– Неге? (ол үнемі Жердің маңында айналып жүреді)

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды.

Аспан денелерінің суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

https://imektep.kz/kz/ai

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық 56-бет

Сабақтың ортасы

31 минут

Мағынаны тану. (4 минут)

«Сен білесің бе?» Айды ешқандай құралдардың көмегінсіз көруге, ал телескоппен оның бетін көруге болатынын айту.

 1) Жердің табиғи серігі

табиги серик

2) Айдың Жерді айнала қозғалысы. Айдың арғы беті (45 сек).

3) Жаңа айдың тууы және бірінші ширек фазасы.

4) Толған ай және үшінші ширек фазасы.

5) Ай құрылысы.

6) Ай жайлы қызықты деректер.

1-жаттығу.

1 жаттыгу

2-жаттығу.

2 жаттыгу

3-жаттығу.

3 жаттыгу

 

Өмірмен байланыс:

– Балалар, «ай» сөзін аударып көрейікші. Орысша – луна, ағылшынша – moon (мейн). Осы сөзбен байланысты қандай ойын түрлерін немесе ойын-сауық орталығын білесіңдер?

№103 Луна-Парк 02:00-03:00

лунапарк

Сергіту сәті. (2 минут) «Көңілді күн» әуеніне би қимылдарын жасайды.

конилди кун

2-тапсырма. «Зерттеу».

Зерттеу жұмысы екі кезеңмен жүргізіледі.

1-кезең.

Әр топта оқушылар өзара Жер мен Айдың рөлін бөліп алады. Содан кейін кезекпен ғаламшар мен серігінің қозғалысын көрсетеді.

Жер рөліндегі оқушылар өздері тұрған жерінде жайлап айналады, ал Айдың рөліндегі оқушылар ғаламшар айналасында соған бетімен қарап айналуы керек. Екі оқушы да жіпті тартып жоғары ұстаса, басқа оқушылар бақылап отыруы керек.

2-кезең.

Түтікшені Г әрпі түрінде иіп көру. Егер түтікше жұмсақ болса, онда екі түтікшеден жасауға болады. Түтікшелерді Г әрпі тәрізді етіп бір-біріне желімді таспамен жабыстырыңдар.

Ермексаздан Жер мен Айдың моделін жасаңдар. Жұмыс барысында неге мән беру керек екенін сұрауға болады (мөлшеріне, пішініне, түсіне).

Тапсырманы дұрыс орындау үшін бір-біріне қандай сұрақтар қоюға болады? Әрбір модельді жасау үшін қандай түсті таңдап алу керек? (Жер үшін көгілдір және сарғыш, ал Айды жасауға ақ, сұр түстерді алуға болады). Модельдердің мөлшері қандай? (Жер – үлкен, Ай – кішкентай).

– Жер моделін түтікшелер қиылысатын немесе біріктірілетін, ал Ай моделін қарама-қарсы ұшына бекітіңдер.

– Жер моделін айналдырып көріңдер.

Нәтижесінде оқушылар Айдың белгілі бір қашықтықта тұрып Жерді айналатынын түсінеді.

Топты өзара бағалау. Кері байланыс бутерброды.

Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады.... себебі...

Енді/келесі жолы

Ереже бойынша: бірінші жағымды түсінік беріп, кейін сын айтып, соңынан жақсы пікір айтады.

бутерб Office PowerPoint.jpg

Жұмыс дәптері бойынша жұмыс.

Кел, ойнайық! «Айқыш пен дөңгелек».

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Өз жауаптарын белгілеп шығады: дұрыс тұжырым тұсына айқыш, дұрыс емес тұжырымға дөңгелек белгісін қояды.

жауап

«Айырмашылығы». Жасанды және табиғи жарық көздері туралы оқушылардың естеріне түсіру.

Картинки по запросу табиғи жарық көздері

Жұп болып мысалдар ойлап тауып, олардың айырмашылығын табуды ұсыну. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Картинки по запросу луна Картинки по запросу жердің жасанды серіктері

Жерсеріктерінің де табиғи және жасанды болатынын айту. Бүгінгі таңда бірнеше мыңдаған жасанды серіктер Жерді айналуда. Олар белгілі бір орбитаға зымырандардың көмегімен шығарылған.

Ай – Жердің бірден-бір серігі. Жердің жасанды серігі — аспан кеңістігінде ұшатын ғарыш аппараты.

Өзін-өзі бағалау.

«Термометр» әдісі арқылы барлық тапсырманы орындауда жалпы жинаған ұпай санын тілшеге жазып, термометр көрсеткішіне  қояды.

Ұпай қою шәкілі:

56b808831fd2a2839f37bc58ec74edef.jpg14–12 – «Жалғастыруға дайынмын!» жасыл тілше.

11–9 – «Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес» сары тілше.

8–6 – «Түсінбеймін, қайталап қарау керек» қызыл тілше.

www.bilimland.kz  ресурсы https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-halamshary/lesson/aj-zher-serigi

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/5-minut-obo-vsyom/lesson/103-aue-shungqyry-luna-park-ariilar

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу 1,2,3.

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-halamshary/lesson/aj-zher-serigi

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық 57-бет, жіп, сусын ішетін түтікшелер, ермексаз, желімді таспа

 

 

 

 

№2-слайд

https://www.google.kz/

url?sa=i&rct=j&q=&esrc=

s&source=images&cd=

&cad=rja&uact=8&ved=

0ahUKEwik0NKu8ev

YAhXMhywKHR4

ABicQjRwIBw&url=https

%3A%2F%2Finfourok.ru

%2Ftabii-zhari-kzi-zharatilistanu-1818515.html&psig=

AOvVaw0OhJHs14M5Y3k

TlWZ5mQs&ust=151672

1315080796

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көңілді күн» әуені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ мүшелерінің негізгі ролі жазылған кеспе қағаздар

 

Тартылысты көрсетуге арналған, ұзындығы бірдей жіптер

 

 

 

Ермексаз, сусын ішуге арналған түтікшелер, желімді таспа

 

 

Жұмыс дәптері 38-жұмыс парағы

№3-слайд

 

 

 

 

Кері байланыс бутерброды үлестірмесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

№4, 5, 6, 7, 8, 9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Термометр» суреті

Түрлі түсті тілшелер

 

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. 3 минут. «Шығу билеті» әдісі.

шығу билеті PowerPoint.jpg

Шығу билеті үлестірмесі

 

Ойлау деңгейі

Тапсырма реті

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білу

12

«Ай», «серік» сөздерінің мағынасын түсінеді.

Ай – Жер ғаламшарының серігі екенін біледі.

  • «Ай» сөзінің мағынасын түсінеді.
  • «Серік» сөзінің мағынасын түсінеді;

Түсіну

1-2

Ай Жерді айналатынын түсінеді.

Жасанды және табиғи серіктер туралы біледі, оларды айыра алады.

  • Айдың біздің ғаламшарға тек бір жағымен көрінетінін айта алады;
  • Жасанды серікті адам қолымен жасайтынын және табиғи серік тек Ай екенін айыра алып, әңгімелейді;

Жоғары ойлау деңгейлері

1

Ай мен Жерді салыстырады.

 

  • Айдың массасы біздің ғаламшардан шамамен 81 есе аз екенін біледі;
  • Зерттеу жұмысы іс-әрекеті негізінде сұрақтар құрастырады.

Жоғары ойлау деңгейлері

1

Ай мен Жердің көрінісін, көлемін ескере отырып, ойын жинақтай алады, өмірде қолданады және Айдың белгілі бір қашықтықта тұрып Жерді айналатынын түсінеді.

  • Ай мен Жердің көрінісін (түсін), көлемін ескере отырып бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойын дәлелдейді.

 

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз.

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

А деңгейіндегі оқушыларға «Жалғыз құты» дара диаграмма арқылы Ай мен Жерді сипаттап, қызметін ажыратады және фазаларын топтастырып жазуды ұсынамын.

В деңгейіндегі оқушыларға «Тоғыз маржан» әдісі арқылы Ай мен Жерді салыстыра алады, Айдың Жерді айналу ретінің сағат тілі бойымен бе, әлде қарсы бағыт әрекетін ромбтық жіктелімге толтырып жазуын ұсынамын.

С деңгейіндегі оқушыларға «Пікір күнделігі» әдісі арқылы шығармашылық тапсырманы орындатамын.

Оқушылар бірін-бірі топта марапаттап, қолдау көрсетеді.

Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Оқыту үшін бағалауда «Кері байланыс бутерброды», «Термометр» құралдары қолданылады.

 «Шығу билеті»  әдісі  бойынша бүгінгі сабақтан не үйренгендігі және нені білгісі келетіндігі жөнінде  жөнінде рефлексия жасалады7

Оқушылардың білім алуына ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

«Көңілді күн» әуенінің ырғағымен сергіту сәті өтеді.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе: оқыту мен оқуға қатысты

Сабақта бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді, оқыту мен оқуға қатысты.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу мақсатына негізге алып сабақ жоспарын жасадым. Оқушы критериалды бағалау және балдық тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды.

Қате туралы хабарландыру