Зат есімнің септелуі
Сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
1) Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету. |
||||||||||||||||||||||||||||
Пайдаланылатын ресурстар |
Оқулық, тест сұрақтары, кестелер, таратпа, маркер http://imektep.kz-тен бейнефильм. |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
І. Ұйымдастыру кезеңі |
Шашылған сөздерді таңдап ала отырып 4 топқа бөлінеді (алма, бала, парта, кірпі, сары, тәтті, қара, ақылды, бес, он, он екі, т.б ұшты, жүрді т.б сөздер бойынша). |
||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау |
Балалар топқа қалай бөліндіңдер, өз топтарың туралы не айтасыңдар?
Постер қорғау. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім. Бүгін біз мына жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз:
Жоспар кесте.
|
||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
|
Оқушылар өздерінің аты-жөнін жазып шығады. Жаңа сабақты бастамас бұрын мына фильмді тамашалайық. Бүгінгі сабақта немен танысатынымызды өздерің анықтайсыңдар. Интерактивті тақтадан http://imektep.kz-тен «Зат есімнің септелуі» тақырыбындағы фильмді көрсету. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі». |
||||||||||||||||||||||||||||
ІҮ. Жаңа сабақ |
|||||||||||||||||||||||||||||
1. Жұптық жұмыс |
Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі: Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||
2. Оқулықпен жұмыс
|
17-жаттығу. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазу. Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызып, қай септіктің жалғауы екенін анықтау. |
||||||||||||||||||||||||||||
3. Сауаттылық хаты |
I, II топ. «Қыс». Білім парақшасына бағаларын қояды. |
||||||||||||||||||||||||||||
4. Зерттеу жұмысы |
Жеке орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс
Ү. Сабақты бекіту |
Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.
Сөздерді дұрыс септікке орналастыр. Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның. |
||||||||||||||||||||||||||||
ҮІ. Сабақты қорытындылау |
http://imektep.kz-тен «Дұрыс» немесе «Бұрыс» (Тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтау). |
||||||||||||||||||||||||||||
ҮІІ. Үйге тапсырма |
19-жаттығу. |
||||||||||||||||||||||||||||
ҮІІІ. Бағалау |
Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу. Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. http://imektep.kz-тің материалдары жаңа сабақты түсіндіруге және бекітуге өте тиімді әрі қызықты болды. Сіздерге рақмет! |