Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі

Жаңбыршиева Айнұр Бүркітбайқызы
Астана қаласы, №70 мектеп-лицейі
5123
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтиже

– Балаларға жай және тәуелді септеудің жалғауларын, тәуелді зат есімдердің септелу ерекшелігін меңгерту.
– Олардың сөздік қорын, тілін дамыту, сөз құрамын талдауды, жалғау түрлерін ажырата білуін дамыту.
– Оқушыларды тапқырлыққа, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Пайдаланылатын ресурстар

Оқулық, тест сұрақтары, кестелер, таратпа, маркер

vtrntg

http://imektep.kz -тен бейнефильм.

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

– Еркелетіп айтатын әрбір есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те. Бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Өткенді қайталау

Зат есімге:

1) тәуелдік жалғауы жалғанады;

2) септік жалғау жалғанады;

3) көптік жалғауы жалғанады;

4) жіктік жалғауы жалғанады.

Интерактивті тақтадан https://imektep.kz/kz/zat-esimnin-septelui-нен «Зат есімнің септелуі» тақырыбындағы  фильмді көрсету.

Оқушылар фильмді көріп, септіктерді қайталайды.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар жұмысын тексеру.
– Сонымен септіктер туралы не айта аласың?
Атау септіктегі сөздер сөйлемде бастауыш болады. Мысалы: Ақтау теңіз жағасында орналасқан.
Атау септіктегі сөздер басқа септіктегі сөздерге негіз болады.
Атау септіктегі сөздер тәуелдік жалғауына қарай: кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем соңында баяндауыш болады. Мысалы: Айгүл – тәрбиеші.
Ілік септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестігі заңдарын сақтайды. Мысалы, Әйнек+тің.
Ілік септігіндегі жалғаулар кейде жасырын тұрады. Мысалы: Балалар үйі.
Ілік септігіндегі сөздер анықтауыш болады. Мысалы: Алыстан әкемнің даусы шықты.
Барыс септігіндегі сөздер де дыбыс үндестігі мен буын үндестігі заңдарына бағынады. Мысалы: Асқар+ға, береке+ге, ат+қа, ет+ке.
Барыс септігіндегі сөздер толықтауыш болады. Мысалы: Айнұр гүлге су құйды.
Табыс септігіндегі сөздер де толықтауыш болады.
Табыс септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестігі заңдарын сақтайды. Мысалы: Жақсылық+ты, қарыз+ды, жүк+ті.
Жатыс септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңдарына бағынады.
Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы: Менде бір ой бар.
Жатыс септігіндегі сөздер қайда? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Атам ауылда тұрады.
Шығыс септігіндегі сөздер буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы: Кітап+тан, көңіл+ден, аспан+нан.
Кімнен? неден? сұрақтарына жауап берсе, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы: Асан қағаздан гүл жасады.
Қайда? қашан? сұрақтарына жауап беріп, пысықтауыш қызметін атқарады.
Көмектес септігінің жалғаулары кейде дыбыс үндестігіне бағынбайды. Мысалы: тарақ+пен, ағаш+пен.

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 Жаңа сабақты бастамас бұрын мына фильмді тамашалайық. Бүгінгі сабақта немен танысатынымызды өздерің анықтайсыңдар.

Интерактивті тақтадан  https://imektep.kz/kz/zat-esimnin-taueldenui тен «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында фильмді көрсету.

Интерактивті тақтадан тәуелдік жалғаулардың кестесін көрсету.

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын

Жіңішке
буын

Жуан
буын

Жіңішке
буын

1. I жақ

-ым

-ім

2. II жақ

-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау.

2,3-жаттығулар бойынша жеке және өздік жұмысы.

«Кубизм» стратегиясы.
1. Салыстыр. Зат есімнің септелуі мен зат есімнің тәуелденуін.
2. Талқыла. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
3. Ажырат. Cептіктің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тәуелденген, септелген сөздерге мысалдар келтір.
5. Қолдан. Септелген, тәуелденген сөздерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6. Зертте. Тәуелдік жалғаудың ерекшеліктеріне тоқтал.

https://imektep.kz/kz/game#sort_elems-1189  сұрыптау және артығын алып тастау ойынын ойнау.

Ой толғаныс

Тәуелдік жалғаулы зат есімнің септелуі. 

Септіктердің аты

I жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

 

 

 

 

 Осы кесте бойынша бірінші қатар ел, екінші қатар бесік, үшінші қатар тау деген сөздерді талдайды.

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1190 тест сұрақтарына жауап беру

Бекіту

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1477 -тен «Дұрыс» немесе «Бұрыс» (Тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтау).

Үйге тапсырма

6-жаттығу, 19-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

смайл

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Қате туралы хабарландыру