Сын есім туралы

Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы, Алғабас шағын орталықты орта мектеп
4994
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Сын есім туралы

Сабақтың  жоспары

Сабақтың мақсаты

 

 

 

Білімділігі:
– Сын есім туралы түсінік беру.
– Мағынасына қарай топтай білуді үйрету, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:
– Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі:
– Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлеп сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру, тест жұмысы, топпен  жұмыс, ойын түрлері, сұрақ-жауап әдісі.

Пайдаланылатын ресурстар, көрнекіліктер

 

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер,  сөзжұмбақ, көкөністердің  суреті, қима қағаздар, тест сұрақтары, бағалау  парағы, сызба, стикер, смайликтер, т.б
мектеп
http://imektep.kz -тен бейнефильм. 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
1. Психологиялық  дайындық.
  r8y
 Күн шуағы
 Қол ұстасып бәріміз,
 Жылылықты сезейік.
 Шуақ шашқан күндей боп,
 Күлімсіреп жүрейік.
– Балалар, көңіл күйлерің  қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету)
– Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау)
– Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру)
2. Топқа бөлу.
Оқушылар шашылған көкөніс суреттерін таңдап ала отырып  3 топқа бөлінеді ( қияр, қызанақ, қауын). Топ басшысын сайлайды. Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
қияр   қызанақ   қауын    
Алтын ереже  
Бір-бірімізді  тыңдай білу.  
Сабаққа белсенді қатысу.  
 Ұйымшыл болу.
Қол көтеру.
Көмек беру.

ІІ Үй  тапсырмасын  сұрау

Ережені сұрау (162 бет, 57-жаттығу)
Берілген етістіктерді үш жақта  жазу.   
 1-топ. Қиярлар  тобы: Оқы.  
 2-топ. Қызанақтар тобы: Көр. 
 3-топ. Қауындар тобы: Ойна.

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық

 

 

 

 

 

ІV Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 1. Сөзжұмбақ шешу.

  сқзжұмбақ

 – Балалар, ерекше төркөзден  қандай  сөз  шықты?  Сын есім

 Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім» деп аталады.

 2. Ой қозғау.

  алма

– Балалар мынау не?
– Алма.
– Иісі қандай?
– Жұпар иісті, жағымды.
– Пішіні қандай ?
– Домалақ.
– Түсі қандай?
– Қызыл.
 Яғни біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
 Ереже шығарайық.
  Заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.  Сын  есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді.
  Интерактивті тақтадан  http://www.imektep.kz/syn-esim «Сын  есім» тақырыбындағы   бейнефильмді  көрсету.

1. Оқулықпен жұмыс

 

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап.  Олардың қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айт.

Негізгі сын есімдер: көк, кең, егемен.
Туынды сын есімдер: атақты, жемісті, шың-құзды, жеңісті, жайдарлы, өрісті.

2. Постер қорғау

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр? (түсін, сапасын, дәмін) 
  
Топтық жұмыс.  Мозайка әдісі
 Берілген суреттер  әр топтың  атына байланысты
Әр топқа қима суреттер беріледі. Сол  суреттерді құрастырып, шыққан сурет бойынша постер жасайды. Берілген суреттер  әр топтың  атына байланысты қияр, қызанақ, қауын суреті.
 Топтан  екі оқушы  жасаған  постерлерін  қорғайды.

 

3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау - тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

Сергіту сәті

Бейнетаспа арқылы әуемен қимыл-қозғалыс жасап сергіту.

5. Шығармашылық жұмыс

 

 

V Жаңа сабақты бекіту

 

 4-жаттығу. Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап.

топтастыру

5-жаттығу. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.

кестеъ

Қауындар тобы  «Артығын алып тастау» ойыны  http://www.imektep.kz/iw_475    

Қисын бойынша артығын тауып, жауаптар қорабына салу   

 1. Ақылды, күшік, қызыл, жұмсақ.  

  2. Мектеп, сары, қара, домалақ.    

 3. Қысқа, ұзын, әже, тәтті.    

 4. Жақсы, ащы, жеңіл, бала.     

 5. Әдемі, қыз, үлкен, ауыр.          жәшік

VІ Сабақты қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тест тапсырмалары  

І нұсқа  http://www.imektep.kz/iw_1427

1. Фильм қай сөз табы туралы?  

а) зат есім   

ә) сан есім    

б) сын есім   

в) етістік     

 2. Негізгі сын есімдерді тап.     

а) білімсіз, ақылды     

ә) қызыл, ауыр   

б) ақ,  қызылдау    

в) көлді, таулы   

3. Дананың күшігі қандай?    

а) құлағы ұзын, құйрығы қысқа, жазда түсі ақ.  

ә) Кішкентай, түсі қызыл, әдемі.    

б)Үлкен, түсі қоңыр.     

в) Кішкентай, ала, жүні жұмсақ, сүйкімді.  

4. Заттың түсін білдіретін сөздерді тап.  

а) қызыл, ақ, сары    

ә) үлкен, кішкентай, аз   

б) жақсы, әдемі, ақылды    

в) домалақ, сүйір, сопақ  

5. Заттың салмағын білдіретін сөздерді тап.  

а) жақын, алыс    

 ә ) ауыр, жеңіл.   

б ) сүйір, сопақ.     

в ) қоңыр, сары.

ІІ  нұсқа    

1. Сын есім дегеніміз не?    

а)  заттың қимылын білдіретін сөздер.   

ә) заттың түсін, көлемін, салмағын, дәмін, пішінін білдіретін сөздер.   

б)  заттың санын білдіретін сөздер.  

в) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.    

2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?  

а)  неге?    

ә) қашан?    

б) қандай? қай?   

в)  кім ? не?     

3. Сын есім қай сөз табымен байланысады?  

а ) зат есіммен   

ә ) сын есіммен    

б)  сан есіммен  

в)  етістікпен   

4. Туынды сын есімдерді тап.    

а)  ұзын, қысқа, жылы    

ә) әдемі, үлкен, көк    

б)  ақылды, білімді, сусыз   

в) сұр, қара, қызыл  

5. Түбір сөзден болған сын есімдер қалай аталады?   

а) туынды   

ә) негізгі     

б) жалпы    

в) жалқы

VІІ Үйге тапсырма

 165-бет, 6-жаттығу

VІІІ Бағалау

Әр топтың топ басшылары бағалайды

Кері  байланыс

 Ойды аяқта

 

кері байланыс

Қате туралы хабарландыру