Ауа райы және климаттық өзгерістер
Бөлім тақырыбы |
Ауа райы және климаттық өзгерістер |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақ халқының ауа райын болжауы |
|||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.Т/А 1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау; 7.ӘТН 1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу. |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқушылар тыңдалым бойынша мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Көптеген оқушылар: Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады. Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнын бойынша өзінің сыни көзқарасын білдіре алады. |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Тыңдалым бойынша:
ӘТН бойынша:
|
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
|
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
|
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
География, дүниетану. |
|||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Қазақ тілі, 7-сынып оқулығы, тақырыпқа байланысты видео, интернет, интерактивті тақта,
www.bilimland.kz, www.twig-bilim.kz, www.iMektep.kz , www.itest.kz ресурстары |
|||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың бастапқы кезеңі 5 минут
|
Ұйымдастыру жұмысы. Қызығушылықты ояту. Ынталандыру. «Көңілді шеңбер». «Балалар, шеңберде қалай тұру керек?» деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады. Топқа бөлу. Оқушылар ауа райы мен климаттық өзгерістерге байланысты суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. Олар сурет арқылы өтілетін тақырыпқа болжау жасайды. Мысалы:
Суреттер мен бейнежазба арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды. |
Қима қағаздар
https://bilimland.kz/kk/courses/inklyuzivti-kurs/qara-da-ajt/2-qadam/lesson/01-aua-rajy |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
3 минут
Ой толғаныс кезеңі. 5 минут
Кері байланыс 5 минут
|
Сабақтың мақсатын айтып кетемін. Бүгінгі сабақтың кіріспесінде мәтін алды тапсырма беріледі. Оқушылар берілген бейнефильмді көреді. Сабаққа болжам жасайды. «Миға шабуыл» әдісі.
Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып болжам кестесін жасау. «Ассоциограмма» әдісі. Климат сөзіне ассоциативтік сызба жасайды.
«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазбаны тыңдайды. Ж. Тыңдалым тапсырмасы. «Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазба көреді, тыңдайды. Мұғалім оқушыларға бейнефильмдегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжатады. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжату үшін бейнефильмнің бас жағын ғана көрсетіп, ары қарай оқиғаның қандай болатынына болжау жасайды. «Болжау» әдісі Бірақ ауа райы мен климат бір емес. (0:12) Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады. (0:48) Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар. (1:09) Полярлық климаттық аймақ (1.14) Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде (1:39) Жұптық әңгіме құраудың алдында сөйлеу кезінде интонацияға, кіріс мен логикалық екпін туралы теориялық түсінік беріп кету керек.
Екпін түспейтін буындар. 1. Жіктік жалғауына. Мысалы, оқушымыз, барамыз. 2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы, ағашты жарма, сен оған айтпа. 3. Шылау сөздерге. Мысалы, үй де, мал да – бәрі де аман. 4. Көмекші сөздерге. Мысалы, мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім. Екпіннің түрлері. Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі. Ой екпіні – сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді. Тіркес екпіні – бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б. Дыбыс екпіні – сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді. 1-тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы әр топқа бөлек-бөлек бейнежазба беріледі. Олар өздеріне берілген бейнежазбаны мұқият тыңдайды. Топтан бір адам қалып, қалғандары басқа топқа барып, олардың тобына берілген мәтінің мазмұнымен танысады. Қайтып оралып, өз тобында қалған адамға естігенін айтып береді. 1 топ. https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/atmosfera/lesson/aua-rajy-zhane-klimat 2топ. https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/atmosfera/lesson/aua-rajyn-baqylau 3топ. https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/atmosfera/lesson/aua-temperaturasy «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі. Сұрақ: 1. Бейнежазба не туралы айтылған? Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді. 2. Еске сақтап оқу. Тындаған бейнежазба өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту. Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс.
2-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі. Бейнебаян.
3-тапсырма. Көршілер ойындары. Бейнебаян. https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1094 https://imektep.kz/kz/game#quiz-1095 https://imektep.kz/kz/game#true_false-1449 4-тапсырма. Біліміңді сынап көр. Тест. Қалыптастырушы бағалау Кері байланыс.
«БББ» әдісі |
https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/aua-su-kun-rajy/lesson/aua-rajy
https://twig-bilim.kz/kz/film/weather-systems
https://imektep.kz/kz/aua-rayi
https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=366128874
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия. Бүгінгі сабақ барысында толық жауап беріп, сынып ережесін сақтаған оқушыны таңдаңыз және өз көңіл күйіңізді смайликтер арқылы білдіріңіз. Бағдаршам көздерімен. – Толық түсінсем жасыл – Жартылай түсінсем сары – Мүлдем түсінбесем қызыл |
|||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
Саралау Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс; денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі) |
||||||||||||
Топтар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау. Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырма алады. Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді. Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі . |
1. Топ жұмысы критерий бойынша дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тәсілімен бағалаймын. 2.Топ жұмысын топтар бағалау критерийі арқылы бағалайды. 3. Сабақтың соңында «бағдаршам» арқылы әр оқушы өзін бағалайды. |
1. Бейнелеу сабағы, дене шынықтыру, технология пәндерімен байланысты 2. АКТ дағдыларына жаңа сөздердің бейнефильм пайдалану; 3. Интенрактивті тақта 4. Ынтымақтастық, бірлесе жұмыс істеу дағдылары |
||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? |
Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз. Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
Әрине сабақ оқу мақсаттары қолжетімді болды. Оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін түсінді. Сабақта жағымды, белсенді жағдай, ахуал орын алды. Саралау жұмыстары жоспар бойынша өз нәтижесін берді. Сабақ белгіленген уақытқа сай жүрілді, ауытқу болған жоқ. |
||||||||||||||
Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. «Джигсо» әдісі арқылы оқушылардың қысқа баяндап беруі. 2. «Біліміңді сынап көр» әдісі арқылы ойларын жинақтап алуы сабақ нәтижесіне әсерін берді. Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Сабақты іс жүзінде өмірде жасасақ жақсы әсерін берер еді. 2. Оқушыларға алдын ала осы тақырып туралы айтқан болса өте белсенді өтетін сияқты. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданудың маңызы екендігін білдім. 2. Алдыңғы білімі келесі білімнің жалғасы ретінде спиралды түрде даму қажеттігін білдім. |