Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Өрнек және теңдік
Смағұлова Гүлім
Астана қаласы, №64 мектеп-лицей
7706
207
Математика
Тақырыбы:
Өрнек және теңдік
Оқу мақсаты | Өрнек пен теңдік құра білу. | ||
Табыс критерийлері | |||
---|---|---|---|
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: | |
а) Өрнекті таңбалардың көмегімен жазуға үйренеді. | а) Өрнек пен теңдік құрай алады. | а) Сан мен өрнекті салыстыра алады. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Ресурстар |
8.00 8.01 8.01 8.03 |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал тудыру. |
Амандасу. Қайырымды жүрекпен, меірімді тілекпен, ізгілікті ниетпен, қамқор болып өсеміз. |
Балаларды бір-бірімен амандастырып, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыру. |
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін көтере отырып, сабаққа дайындықтарын бақылау. «Шаттық шеңберіне» тұрғызады. |
Орындарынан тұрып амандасып, сабаққа дайындықтарын білдіреді. Қайырымды жүрекпен, мейірімді тілекпен, ізгілікті ниетпен, қамқор болып өсеміз. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, барлығы бірге айтады. |
|
8.03 8.05 |
Топтастыру. | Сандардың көмегімен топқа бөлу. | Өткен сандарды есте сақтау. | Сандарды таратып беру. | 1 топ 1 саны және цифры, 2-топ 2 саны және цифры, 3-топ 3 саны және цифры. |
|
8.05 8.08 |
Жаңа сабақ. | http://imektep.kz/ornek-zhane-tendik фильм көру. |
Өрнек және теңдік туралы мәлімет алу. | Өрнек және теңдік туралы оңай түсінуге жағдай жасаймын. | Оқушылар фильмнен түйген ойларын ортаға салады. | Компьютер, Интернет. |
8.08 8.11 |
Алған түсініктерін дамыту. | Бірнеше өрнектер мен теңдіктер беріледі. Соны оқушы ажыратып, теңдікті теңдікке, ал өрнекті өрнекке жабыстырады. | Өрнек пен теңдікті ажырата білу. | Бірнеше өрнектер мен теңдіктер берілді. Мысалы: 2+3, 4+2, 2+1=3 т.б. | http://imektep.kz/ornek-zhane-tendik фильмін көріп, түсінгені арқылы тапсырманы орындап береді. |
2+1 3+1 2+3 2+1=3 |
8-11 8-18 |
Мағынаны тану. | Әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырманы топтасып орындайды. | Оқушының сыни ойлауын дамыту. | Топтардың тапсырмаларын түсіндіру. | 1-топ өрнек құрастыру. 2-топ теңдік құрастыру. 3-топ теңсіздік құрастыру. |
Плакат, маркер, қалам, cөздер қиындысы. |
8.18 8.24 8.24 8.29 |
Дәптермен жұмыс. Кітаппен жұмыс. |
№1, №2, №3 орындау. Суретпен жұмыс. |
Тақырыпты пысықтау. Бірін-бірі оқытуға жағдай туғызу. |
Бақылау, түсіндіру. Қадағалайды. |
Есептерді ретімен орындайды. Сурет бойынша бір-екі оқушы түсіндіреді. |
Жұмыс дәптері, Кітап. |
8.29 8.33 |
Жеке жұмыс. | http://imektep.kz/iw_1109 тест беріледі. |
Әр оқушының тақырыпты қаншалықты түсінгенін бақылау. | Сұрақты оқып тұру. | Дәптерлеріне қай жауап дұрыс деп ойлайды сол жауапты белгілейді. | http://imektep.kz/iw_1109 Компьютер. |
8.33 8.35 |
Рефлексия. | Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс. | Оқушылардың сабақ барысы туралы пікірін білу. | Үлестірмелі қағаздарды таратып беру. | Үлестірмелік қағаздарға, сабақ ұнаса «+», ал ұнамаса «-» таңбасын қойып, не үйренді жазады. | Үлестірмелі қағаздар. |
Сабақтан кейін ойлануға арналған сұрақтар.
Не сәтті болды? | http://imektep.kz/ornek-zhane-tendik фильм көрсетуім сәтті өтті. Себебі фильмде нақты мысалдар көрсетілу арқылы балаларға түсінікті болды. Қайталау арқылы оқушылардың ойына тағы бір салып өттім. |
Не сәтсіз болды? | Дәптермен жұмыс барысында таза жазуға дағдыландыру керек. |
Нені жақсарту керек? | Топтық жұмысқа барлық оқушыны жұмылдыру. |
Мен өзімнің қандай дағдыларымды дамыта алдым? | Оқушылардың тақырыпты өздері түсініп, талдауларына жағдай жасай алдым. |
Қате туралы хабарландыру