Ж. Аймауытов «Қараторғай»
Сабақтың мақсаты |
Ақын өмірінен түсінік бере отырып, мәтіннің мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, талдай білуге үйрету. Шығармашылық жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын арттыру. Құстарды аялауға тәрбиелеу. |
Қолданылатын ресурстар |
Оқулық «Әдебиеттік оқу» 4-сынып, мазмұнды суреттер, презентация. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері |
Интерактивті оқыту әдісі, тест, сұрақ-жауап. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері. Жаңа тәсілдер. ЖИГСО7 |
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы. |
Күтілетін нәтиже |
- Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді; - Құстарға қамқор болады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Мұғалім тұрып, қағаздан жасалған 2 құсты қолына ұстап билейді. Музыка жүріп тұрады. |
Оқушылар мұғалім жасаған қимылды қайталайды. Құстардың көздерінің түстеріне қарай, топтасып отырады. «Аққу», «Көгершін», «Қарлығаш» топтарын құру. Топ басшыларын сайлайды. (№1 қағазды алып ішінде, бағалау парағы, оқушылардың жауаптарын бағалап отырады). |
Үй тапсырмасын тексеру |
1-кезең «Қайталау-білім айнасы» слайд. (Үй жұмысын тексеру) |
Әр топ ыстық орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды. |
Жаңа тақырыпты меңгерту |
(құстар туралы мағлұмат)
2-кезең «Кітап – досың, ақылшың» слайд. А) Аудиожазбаны тыңдау («Қараторғай»мәтіні). Б) Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Дәптермен жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтар жазу (жұппен)
3-кезең «Сиқырлы шаршы» (кубикті лақтырып, түскен цифр бойынша ашық хатты алады және тапсырмаларға жауап береді) Топпен жұмыс. 1. Мәтін мазмұны бойынша коллаж жасау. 2. Құстардың пайдасы мен зиянын. 3. Қызыл кітапқа енген құстар кластер №2 қағазды ашып, тапсырманы орындайды |
Оқушылар бейне жазбаны көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Топтық жұмысқа қатысады. Тапсырмаларды орындайды. |
Бекіту |
4-кезең «Білгенге маржан» Тест (джойстикпен) Интербелсенді тақтада видео көрсетіледі. |
Балалар неше сұраққа жауап бергендерін тақтадан көреді. |
Қорытынды |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.
Сабақты түсіндім. Сабақты түсінбедім. |
Оқушылар өз ойларын айтады. |
Бағалау |
|
Топ басшысы бағалап, қортынды бағаларын айтады. |
Кері байланыс |
Тақтада көлдің, ағаштың, бұлттың суреттері тұрады. |
Оқушылар құстарды алып, әр құстың мекендейтін орындарына тілек айтып жапсырады. |
Үй тапсырмасы |
Мәтінді түсініп оқу. «Құстар – біздің досымыз» ой толғау. |
Күнделіктеріне түртіп алады. |