Қобыланды батыр (жырдан үзінді)
Сабақтың тақырыбы |
Қобыланды батыр (жырдан үзінді) |
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсініп оқуға, жырдың негізгі идеясын анықтай білуге, сипаттау мәтінін құруға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге баулу. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, тақырыптары ұқсас шығармаларды салыстыра білу арқылы шығармашылық таным-түсініктерін дамытуға жол ашу. Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. |
|
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық «Жүректен-жүрекке» шеңбері – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Пайдаланылатын ресурстар |
Оқулық, тест сұрақтары. http://imektep.kz -тен бейнефильм. |
|
Қызығушылықты ояту |
Интерактивті тақтадан https://imektep.kz/kz/batirlar-zhiry-тен батырлар жыры туралы фильм көрсету. |
Оқушылар батырлар жыры туралы фильм көреді. |
Жаңа сабақ |
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/6-synyp/xalyq-auyz-adebieti/lesson/1-qobylandy-batyr-zhyry-1-bolim-тен Қобыланды батыр жырын тыңдату. Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры, батырлар жырының қаһарманы. Жырдың негізгі мазмұны — шет ел басқыншыларынан елімізді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма. «Қобыланды батыр» жырының ең көне түрі бізге жетпеген, өйткені жырды жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Бізге жырдың 29 түпнұсқасы жеткен. Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған. «Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Жыр нұсқаларының барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған. Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар. Кейінгі кезге дейін белгісіз болғаны – Дәулетше нұсқасы. |
Көреді, тыңдайды, есте сақтайды. |
Дәптермен жұмыс |
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Сұрақтарға жауап беру. Дәптермен жұмыс Жырды толық оқып беру және түсіндіру. |
Оқулықтағы сұрақтарды оқып, ауызша жауап береді. Дәптермен жұмыс жасайды. |
Ойтолғаныс |
https://imektep.kz/kz/game#select words-650-тен бос орынды толықтыр және сәйкес жалғасын ойындарын ойнау. |
АКТ-дан көрсетілген тапсырмаларды орындайды. |
Бекіту |
Жыр желісі бойынша сурет салдыру. https://imektep.kz/kz/game#quiz-651 тест сұрақтарына жауап беру. https://imektep.kz/kz/game#true_false-1354 -тен «Дұрыс» немесе «Бұрыс» (тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтау). |
Дәптермен жұмыс.
Ауызша әр оқушы жауап береді.
|
Үйге тапсырма |
Қобыланды батыр жырын мазмұндау, Тайбурыл аттың шабысын сурттеген теңеулерді жазу. Берілген тапсырманы түсіндіру. |
Күнделіктеріне жазады. |
Бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |