Тарихи тұлғалар тағылымы
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Тарихи тұлғалар
Тақырып:
Тарихи тұлғалар тағылымы
27.12.2019
118
0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.1.1 Мәтіндерге қарапайым жоспар құра отырып, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді құрастырып жазу. 6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. |
Бағалау критерийлері | Мәтіндерге қарапайым жоспар құрады, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді құрастырып жазады көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданылатын орындарын біледі; оларды басқа сөздерден ажырата алады. |
Тілдік дағдылар | Сөзуар, қолды болу, қосып айту, ала жібін аттамау. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география |
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10 минут) |

Амандасу, оқушыларды түгендеу. «Сәттілік тілеу» тренингі

Оқушыларды топқа бөлу. Абай, Құрманғазы, Бауыржан. (тұлғалардың суреттерінің қиындысы арқылы топқа бөлу)

Ой қозғау «Тарихи тұлғалар» деп кімдерді айтамыз?

Тыңдалым арқылы оқушыларға ақпарат беру.

Тақтаға тұлғалардың өмірбаяндары қысқаша айтылады. Оқушылар қай тұлғаның өмірі екенін табулары қажет

Слайд

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Сабақтың ортасы (15 минут) |

Топтық жұмыс. 1-тапсырма

Мәтіндерді оқып, жоспар құрыңыз. Көнерген сөздерді қызылмен, эвфемизмдерді көкпен, дисфемизмді жасыл қаламмен астын сызыңыз.

І топ.Сегізінші қара сөзі Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

ІІ топ. Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы Құрманғазы күйшінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді. Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау əдістерін, аспаптың дыбыстық жəне техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады. “Балбырауын”, “Ертең жетем”, “Бұқтым-бұқтым”, “Балқаймақ”, “Боз қаңғыр”, “Не кричи не шуми”, “Айжан-ай”, “Лаушкен” т. б. көптеген күйлері жайлы төменде толық анықтамалар беріледі

ІІІ топ. Шығыс ұлына хат! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы! Мен саған осы хатты немістің блиндажында жазып отырмын. Жанымда бірнеше казак жігіті бар. Осыдан 40 минут бұрын бұл блиндажда немістер отырды. Біз оларды қамауға алып, үстінен басып қалдық. Тек аз тама солдаттары қашып құтылды. Сен біз «дәу қара» деп атайтын Қарағандының забойшигі Бейсенәліні білесің ғой! Ол қазір бізбен бірге. Өзі де дәу қара десең, дәу қара - ау! Бүгінгі ұрыста жұртты тым - ақ сүйсіндірген сол болды. Оның қимылы да қызық. Сонша Ірі денесімен керіліп тұрып немісті найзаға түйреп алып, басынан асыра кейін лақтырады. Жау онымен қарсыласуға беттемей жалт береді. Жана оны командир шақырып алып, арқасынан қағып, алғыс айтты. Жауынгерлер оған Шығыс ұлы деп ат қойып алды. Менің есіме сен түстің сонда. Сондықтан саған хат жазуды дұрыс деп таптым.

слайд

түрлі-түсті қаламдар

Сабақтың ортасы (10 минут) |

2-тапсырма

І топ – Абайдың «Қара сөздері» кітабына жарнама жасау.

ІІ топ- Бауыржан Момышұлына хат жазу.

ІІІ топ- Құрманғазы оркестрінің күй кешіне хабарландыру жазу.

3-тапсырма Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады.

1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

Дескрипторлар

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ажыратып, құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады.

көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданылатын орындарын біледі;

оларды басқа сөздерден ажырата алады.

Бекіту тапсырмасы Тұлғамен кездесу сұхбаты

Кіммен сөйлесемін?

не жайлы сөйлесемін?

қандай сөз тіркестерін қолданамын?

Қандай нәтижеге жетемін?

постер

А3

маркерлер

Сабақтың соңы (5 минут) |

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

Мен ... ақпарат алдым.

Маған ... қызықты болды.

мен ... түсіндім.

Менің ұсынысым..
| Түрлі түсті қағаздар |
Қосымша ақпарат
Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты. Оқушыларға»шын,жалған» әдісі қызықты болды. Және топтық жұмыстарда белсенділік танытты.Оқушыларды бірін-бірі бағалау арқылы бағаладым және оқушылар бір-біріне кері байланыс бере алды.
Пікірлер(0)