Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов
Музыка
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Тақырып:
Қазақ оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы – Ахмет Жұбанов
26.12.2019
114
3
Сабақ мақсаты | 3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру; 3.1.3.4 – музыкалық жанрды анықтау жəне ажырату; |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақ барысы |
Сабақ барысы: Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет Ресурстар Сабақтың басы Ұй тапсырмасын сұрау «Серпілген сауал» ойыны арқылы. Сұрақтар: 1.Күй атасы. 2.Қай жерде дүниеге келді. 3.Құрманғазының күйлерін ата 4. «Жұмыр қылыш», «Қайран нарын» күйлерінін авторы т.б. 1-тапсырма. Əңгімелесу. Композитор Ахмет Жұбанов өмірі мен шығармаларымен таныстыру – осы сабақтың негізгі мақсатының бірі. Ол Қазақ ұлт аспаптары оркестрін алғашқы ұйымдастырушысы ретінде танымал. Мұғалім А.Жұбановтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы таныстырылым дайындап алады. Оқулықта композитордың суреті мен ол жөнінде мəліметтер беріледі. Доп. Сүреттер. Сабақтың ортасы 2-тапсырма. Музыка тыңдау. Сабақта А.Жұбановтың Құрманғазы Атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Би күйінің» бейнежазбасы тыңдатылады. 3-тапсырма. Зерттеу жəне орындау. (МК,Т) Күйді тыңдап талдағаннан кейін, оқушылар оркестр, «партитура» ұғымына қайта оралады. Ұғымдық түсініктер оқулықта берілген. «Оркестр – орындаудың ұжымдық түрі. Музыкалық шығарма əуенінің ноталары əр аспапқа арнайы жазылады. Оны «партитура» деп атайды. Партитура арқылы бір мезгілде барлық аспаптарда орындалып жатқан дыбысты қадағалауға болады». Зерттеу тапсырмасын орындау жалғастырады. Балалар «Би күйінен» қысқа үзінді орындайды. –«Би» күйінің əуенін нотаға қарап орында. «Би күйінен» үзіңді Үлгі: -Берілген əуенді ырғақтық партитураға лайықта. – Əуенді бір топ орындайды, екінші топ ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, ырғақтық сүйемел жасайды. Оқушылар өздерінің ырғақтық сүйемелін өз партитурасын орындағандай сезінуі тиіс. Оркестрдегі аспаптар атауларын «Он сұрақ-ия-жоқ -деген жауап» әдісі арқылы еске түсіріледі Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сурет соз жазылған сөз жазылған стикерді жабыстырады қатысушы сыныпка 10 сұрақ қоя алады,оған жауап не ИӘ,не ЖОҚ деп беріледі. 4-тапсырма. Əн орындау. Оқушылар А. Жұбановтың «Ақ көгершін» əнін үйренеді. Əннің сөздерінің мағыналық жағын мұғалім оқушылармен бірге талдап өтеді. Əнді жай, баяу темпте үйрену қажет. Əннің диапазондық жағымен көп жұмыс жүргізу керек. Үнтаспа А. Жұбанов «Би күйі» Кеспе қағаздар. Аспаптар. Аспаптын сүреттері А. Жұбанов «Ақ көгершін» үнтаспа Сабақтың соңы Мұғалім «Ақ көгершін» əнінің алғашқы əуенінің ноталық жазылымын балалармен бірге орындауына болады. Əн келесі сабақта да үйретіледі ҚБ смайликтермен бағалау Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады. Бақылау; Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша; Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды. Денсаулық сақтау технологиялары Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындық- тары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Пікірлер(0)