Қолғап
Көркем еңбек
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Дені саудың-жаны сау
Тақырып:
Қолғап
26.12.2019
61
1
Қолғап | Есу және жалпақтау тәсілі арқылы қолғапты мүсіндеуді үйрету. Мүсіндеуде саусақ қимыл – қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру. Саусақ ептілігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Қолғап (03.12.2019ж) |
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Жылулық шеңбері Біздің топта балалар, Тату - тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Ғажайып сәт: Топқа Сайқымазақ келеді. Ол қатты тоңғаны соншалықты дірілдеп тұрады. - Сайқымазақ, саған не болды? Сайқымазақ: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Күннің салқынын-ай, мен қатты тоңып қалдым. Әрі бір қолғабымды жоғалтып алдым. Әрі іздедім, бері іздедім. Қайда қойғанымды да білмеймін. Маған көмектесіңіздерші? - Түсінікті. Сайқымазақ сен жылынып ал. ал қолғап туралы ойламасаң да болады. Менің шебер қолды балаларым саған қолғаптың неше түрін жасап береді. солай емес пе, балалар? Сайқымазақ: - Алақай, жақсы болды! Енді менің қолым тоңбайды. - Сайқымазақ балалардың қасына отыра ғой. - Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы. - Бұл суреттерде не бейнеленген? - Балалар қолғапта қай кезде киеміз? - Дұрыс, қолғапты біздер қолымыз тоңбас үшін киеміз. Қолғапты жіптен тоқиды, снымен қатар матадан, былғарыдан да тігеді екен. - Балалар, жұмысты бастамас бұрын сергіп алайық. Сергіту сәті Бала, бала, балақан. Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат Былай-былай ойнат. Топ- топ басайық Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса алтын күн Жаса - жаса жарқын күн. - Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар. - Балалар, сайқымазаққа қолғапты жасап берейік. Қолғапты біздер ермексаздан жасап береміз. Балаларға қажетті құрал - жабдықтар таратылып беріледі. Қолғаптың жасалу жолы түсіндіріледі. - Алдымен ермексазды алақанға салып, жұмсартып аламыз. Ермексазды жалпайтамыз, ермексазды шымшу арқылы қолғаптың бас бармағын шығарамыз. Балаларды қадағалау, кейбір балаларға көмек көрсетіледі. "Сыңарын тап" дидактикалық ойыны. Тақтаға әртүрлі қолғаптар бар сурет ілінеді. Балалар қолғаптардың сыңарын тауып бір -біріне қосу керек. | ермексаз, тақтайша, сүлгілер, қолғапты мүсіндеу үлгісі, су, дидактикалық ойын |
Қосымша ақпарат
<p>- Сәлеметсіз бе! Балалар шеңберге жиналып, жылулық шеңберін қайталап орындайды. Балалар тоңған сайқымазаққа таңдана қарайды. - Сәлеметсіз бе! - Иә, дәл солай Сайқымазақ балалардың арасына келіп отырады. Балалар назарын аударады. - Қолғап - Күн салқында, қыста киеміз. Мұқият тыңдап отырады. Балалар орындарынан тұрып, сергіту сәтін қимылмен орындап көрсетеді. Орындарына отырады. Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісін қарап отырады. Балалар үлгі бойынша жұмыстанады. Балалар ойынды қызыға ойнайды. </p>
Файлдар:
Файлды ару
Көркем еңбек "Мүсіндеу"
Пікірлер(0)