Өзіңді жақсылықпен таразыла
Өзін-өзі тану
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:
Өзіңді жақсылықпен таразыла
26.12.2019
106
1
Өзіңді жақсылықпен таразыла | Сабақ мақсаты: жақсылық көрсете білудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларға сыйластық адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; - Кішіпейіл бола білу қасиеттерін дамыту; - Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу. <br> |
Өзіңді жақсылықпен таразыла | Сабақ мақсаты: жақсылық көрсете білудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларға сыйластық адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; - Кішіпейіл бола білу қасиеттерін дамыту; - Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу. <br> |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Өзіңді жақсылықпен таразыла |
.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Одан соң нұр аяқтарыңызға одан әрі аузыңызға, тіліңізге,құлақтарыңызға, көздеріңізге де жетті. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру: № 9 сабақ Жүре алмайтын бала Василий Сухомлинский • Павлик Василекті қалай қуантты? • Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар? • Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді? • Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімге бөленесіңдер? Сергіту сәті: Балдырған баламыз. (Өзін көрсетеді.) Досты көп табамыз. (Құшақ жаяды.) Қашан да, қайда да, Достар бір-біріне (Бір-біріне қарайды.) Сенімді боламыз. (Қол алысады.) <br> |
Қосымша ақпарат
4. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы. Дәріден де күшті Ә.Амангелдиев Нағима апай бүгін ыстығы көтеріліп, ауырып тұрса да, мектепке келді. Дәрігер шақыртқан жоқ. Балалардың бір күні зая кетеді ғой. Ол оқушылардың үй жұмысын тексерді. Содан соң жаңа тапсырма берді де, басын сүйеп, төмен қарап, үнсіз отырды. Оқушылар мұғалімнің ауырып отырғанын сезді. Тапсырманы орындауға үнсіз кірісті. Апай басын көтерген кезде, алдында тұрған алманы көрді. -Апай, мүмкін алма мен кәмпит жесеңіз, жазылып кетерсіз,-деді балалар. Мұғалім елжіреп кетті. -Сендерге рақмет, балалар. Алма мен кәмпит емес, сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем. Сол күні сабақ соңына дейін болды. Апай да, балалар да үйлеріне көңілді қайтты. -Нағима апайдың неге көңіл-күйі болған жоқ? -Балалар нені сезді? -Мұғалім балалардың қандай әрекетіне риза болды? -Сендер алғыс пен ризашылықты естігенде қандай сезімде боласыңдар? -Алғысты қай кезде айту керек? -Осындай жағдай сендерде болды ма? <br>
Файлдар:
Файлды ару
Өзін-өзі тану
Пікірлер(0)