Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу.
Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау; 6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:Мәтін атауын болжай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Көтерілген мәселені талқылай алады. Кейбір оқушылар орындай алады:Жаңалық,құттықтау мәтіндерінде көтерілген мәселені талдай алады. |
| Жетістік критерийлері | Тыңдалым мәтінің болжау,көтерілген мәселені талқылау |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар істей алады: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарды меңгереді. Диалог пен жазу үшін қажетті сөздер мен тіркестер: салт-дәстүр,құндылық,әдет-ғұрып. |
| Құндылықтарды дамыту | Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін дәріптеу. |
| Пәнаралық байланыстар | Әдебиет,география |
| Бастапқы білім | Етіс түрлері |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Ұйымдастыр кезеңі. Шеңбердегі алғыс. Қабырғадағы сұрақтар әдісі. Өткен сабақты,ережені пысықтау мақсатында берілетін тапсырмалар 1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырмасын беру арқылы оқушыларға тыңдайтын мәтіннің мазмұнын болжату:жаңа тақырып туралы ойланту.Суретте қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген.Оқушылармен суреттегі салт-дәстүрлер турасында пікір алмасып,олардың қалай,қашан орындалатынын,қандай мақсатты көздейтінін,өздері қандай дәстүрлердің куәсі болғанын т.б. сұрау арқылы салт-дәстүрлер туралы білім қалыптастыра отырып,тыңдалым мазмұнын болжату. |
https://itest.kz/kz/ent/qazaq-tili/morfologiya/lecture/usteu-turleri-emlesi-sojlemdegi-qyzmeti «Суреттер сөйлейді» әдіс/ |
|
Сабақтың ортасы (30 минут) |
2 –тапсырма Тыңдалым . 20- аудиомәтінді мұқият тыңдау А тапсырмасы.Тыңдаған ақпараттар бойынша нақты сұрақтарға жауап беру.Мәтінде кездесетін салт-дәстүр,ұлттық ойын атауларын жарыса атап,олардың қашан,қандай жағдайда жасалатын дәстүр екені,қандай рәсімдер орындалатыны туралы пікір алысу. Ә тапсырмасы. Әлеуметтік-мәдени тақырыпта диалог құрау. Қазақтың дәстүрлі жиын тойларында айтылатын дайын тілдік қолданыстарды мәтінмен байланыстыру арқылы коммуникативтік жағдаятта қолданылуын түсіндіреді. Кері байланыс. Смайликтер арқылы бағалау. |
«Аудиомәтін» тыңдау әдісі
|
|
Сабақтың соңы (3 минут) |
Б тансырмасы. Көтерілген мәселені талқылау. Мәтінде айтылған ер жігіт пен қыз балаға тән қасиеттерді атап,одан да басқа қандай қасиеттердің болу керектігі туралы ой өрбіту. |
|
|
Үйге тапсырма: (2 минут) |
В тапсырмасы. «Ешкімнің ала жібін аттама» тіркесінің мағынасын түсініп,қандай жағдайларда қолданылатынын білу. Оқушылар арасында осы тіркесті шынайы өмірмен байланыстыра отырып,өзара пікір алысады. |
|


Пікірлер(0)