Фосфор және оның қосылыстары
Химия
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары
Тақырып:
Фосфор және оның қосылыстары
05.11.2024
0
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 9.2.1.22-фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру 9.4.2.2 -фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау 9.2.1.23-фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Фосфордың химиялық және физикалық қасиеттерін ажырату;Фосфордың қосылыстарының ерекшеліктерімен танысу |
Бағалау критерийлері: | Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстырады;Фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын анықтайды;Фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін сипаттайды. |
Құндылықтарды дарыту: | Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық –өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық –оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (5 минут) |
1.Амандасу Оқушыларды элементтерді таңдау арқылы топқа бөлу. «Тарсия». Топтық жұмыс. 1.Азоттың физикалық қасиеттері – түссіз, иіссіз, дәмсіз газ 2.Аммиак молекуласының пішіні – пирамида 3.Суда жақсы еритін, өткір иісті, түссіз газ –аммиак 4.Аммиактың зертханада алынуы – NH4Cl + NaOH = NH3 + NaCl + H2O 5.Аммиактың өндірісте алынуы – N2 + 3H2 = 2NH3 + 92кДж 6.Аммиак суда ерігенде не түзіледі? аммоний гидроксиді 7.Аммоний ионы қалай түзіледі? донорлы-акцептрлі механизм бойынша 8.Аммиактың оттекте жануы нәтижесінде түзілетін заттар –азот газы және су 9.NH3 + HCl =? аммоний хлориді |
Презентация,қиынды қағаздар

Сабақтың ортасы (30 минут) |
Жаңа тақырыпқа шығу жолы. «Ой қозғау» әдісі Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. «Миға шабуыл»әдісі Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс: 1 топ- Фосфордың құрылысы, Алынуы 2 топ- Табиғатта таралуы, Физикалық қасиеті 3 топ- Химиялық қасиеті 4 топ- Фосфордың қолданылуы интернет ресурсты пайаланып тың ақпарат іздеу. «Галерея әдісі» бойынша 4 топқа 4 түрлі есептер беріледі. Топ бойынша бірігіп есеп шығаруға 4 минут уақыт беріледі. Әр топтан 2 оқушы тақтаға шығады, бір оқушы басқа есептердің дұрыстығын тексереді, екінші оқушы шыққан есепті түсіндіреді. |
ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Ватман, маркерлер. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/fosfor-zhane-onyng-qosylystary?mid=ef27b600-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Сабақтың соңы (5 минут) |
«Боулинг ойыны» https://view.genial.ly/65cf40e72b749c0014db90dd/interactive-content-bowling-quiz | https://view.genial.ly/65cf40e72b749c0014db90dd/interactive-content-bowling-quiz |
Рефлексия (5 минут) |
«Таңдау» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын рефлексиясын оқушылардың таңдаған жауабы арқылы біледі | Оқушылар QR-код арқылы кіріп бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын білдіреді |
Файлдар:
Файлды ару
Фосфор және оның қосылыстары
Пікірлер(0)