Тақырып 9. Зерттеушінің сандық сауаттылығы
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:
Тақырып 9. Зерттеушінің сандық сауаттылығы
01.11.2024
0
4
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған. |
Сабақтың мақсаты: | Зерттеушілердің сандық сауаттылығы туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми ақпарат іздеуде және өңдеуде сандық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. |
Тілдік мақсаттар: | сандық сауаттылықтың академиялық жұмыстағы маңызын сипаттай алады; ғылыми ақпарат көздерін табуда және пайдалануда қолданылатын сандық құралдарды біледі және олардың мүмкіндіктерін талдайды; мәтіндермен жұмыс жасауда және плагиатқа қарсы жүйелерді пайдаланудағы тиімді әдістерді түсіндіреді. |
Күтілетін нәтиже: | сандық сауаттылықтың академиялық жазылымға қалай әсер ететінін меңгереді; ақпарат көздерін іздеу, бағалау және пайдалану үшін қажетті сандық құралдармен жұмыс жасай алады; сандық сауаттылықты қолдану арқылы зерттеушілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыра алады, плагиаттан сақтана отырып, ғылыми этика талаптарын сақтайды. |
Бағалау критерийлері: | Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады. |
Құндылықтарды дарыту: | Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (2 мин.) |
Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. | |
Сабақтың ортасы (35 мин.) |
Тақырып 9. Зерттеушінің сандық сауаттылығы. Жоспар: 1. Зерттеушінің сандық сауаттылық концепциясы. 2. Ғылыми басылымдарға арналған ақысыз іздеу жүйелері (Google Scholar, Academia.edu). | https://youtu.be/TKeovGW10YU |
Сабақтың соңы (2 мин.) |
Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Зерттеушінің сандық сауаттылығы нені қамтиды және ол академиялық жұмыста қандай рөл атқарады? 2. Цифрландыру академиялық мәтіндермен жұмыс істеуде қандай негізгі дағдыларды талап етеді? 3. Ғылыми ақпараттың сенімді дереккөздерін қалай анықтауға болады? 4. Электрондық кітапхана жүйелері мен ақысыз іздеу жүйелерінің қандай артықшылықтары бар? 5. Ғылыми зерттеулерде академиялық әлеуметтік желілерді пайдалану не үшін маңызды? 6. Плагиатқа қарсы жүйелердің академиялық мәтін сапасын бағалаудағы рөлі қандай? 7. Ғылыми басылымдарға арналған ақысыз іздеу жүйелері (Google Scholar, Academia.edu) зерттеушілер үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады? 8. Мәтін құрылымын техникалық тұрғыдан дайындауда мәтіндік процессорлардың қандай мүмкіндіктерін пайдалану керек? 9. Орфография мен лексикалық қателерді болдырмау үшін қандай құралдарды қолдануға болады? 10. Библиографиялық тізімдерді автоматтандыру үшін қандай бағдарламалар мен онлайн қызметтер қолданылады? | Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып жауап береді. |
Рефлексия (1 мин.) |
Үй тапсырмасы. Зерттеушінің сандық сауаттылығы. |
Файлдар:
Файлды ару
Тақырып 9. Зерттеушінің сандық сауаттылығы
Файлды ару
№9 бейнедәріске сілтеме
Пікірлер(0)