Тақырып 8. Плагиат

Аманғазықызы Мөлдір
Аманғазықызы Мөлдір
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:

Тақырып 8. Плагиат

01.11.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған.
Сабақтың мақсаты: Плагиаттың түрлері мен академиялық адалдықтың маңызын түсіндіру, өз жұмыстарында дәйексөздер мен сілтемелерді дұрыс қолдануды үйрету.
Тілдік мақсаттар: плагиаттың анықтамасын және оның академиялық ортадағы салдарын түсіндіре алады; басқа авторлардың еңбегін қолданудағы үш әдісті (дәйексөз, парафраза, түйіндеу) ажыратып, дұрыс қолдана алады; мәтінде қолданылатын ақпарат көздеріне дұрыс сілтеме жасауды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: академиялық адалдық ұғымын түсінеді және плагиаттан сақтанудың жолдарын меңгереді; өз жұмыстарында дәйексөз, парафраза және түйіндеуді сауатты қолдана алады; әр дереккөзге нақты сілтеме жасай отырып, академиялық талаптарға сәйкес мәтін құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
Бағалау критерийлері: Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.
Құндылықтарды дарыту: Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин.)

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

(35 мин.)

Тақырып 8. Плагиат. Жоспар: 1. Академиялық мәтіннің негізгі мақсаттары. 2. Плагиат туралы түсінік. https://youtu.be/tGVMLPXuAfA

Сабақтың соңы

(2 мин.)

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Академиялық мәтіннің негізгі мақсаттарын атаңыз. 2. Академиялық жазылымда өз ойыңыз бен басқа зерттеушілердің жұмысын пайдалану арасында тепе-теңдікті қалай сақтау қажет? 3. Плагиат дегеніміз не және ол академиялық ортада қандай салдарға әкеп соғуы мүмкін? 4. Халықаралық академиялық конвенциялармен анықталған плагиат түрлерін атаңыз. 5. Сөзбе-сөз дәйексөз алу кезінде қандай ережелерді сақтау қажет және шамадан тыс дәйексөз жұмыстың сапасына қалай әсер етуі мүмкін? 6. Ғылыми мәтінде тікелей дәйексөз, парафраза және түйіндеу әдістерінің айырмашылығы қандай? 7. Интернеттегі материалдармен жұмыс істеу кезінде плагиаттан қалай сақтануға болады? 8. Қандай жағдайларда бастапқы дереккөзге сілтеме бермей ақпарат қолдану плагиат болып саналмайды? 9. Халықаралық академиялық конвенция ұсынымы бойынша басқа біреудің жұмысынан ақпаратты берудің қандай тәсілдері бар? 10. Академиялық мәтінде басқа ғалымдардың еңбегін пайдалану қандай мақсаттарды көздейді? Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып жауап береді.

Рефлексия

(1 мин.)

Үй тапсырмасы. Плагиат.

Файлдар:

Файлды ару Тақырып 8. Плагиат
Файлды ару №8 бейнедәріске сілтеме

Пікірлер(0)