Тақырып 7. Академиялық жазылымдағы дәлелдемелер мен логикалық қателер
Тақырып 7. Академиялық жазылымдағы дәлелдемелер мен логикалық қателер
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған. |
Сабақтың мақсаты: | Академиялық жазылымдағы дәлелдемелердің құрылымымен және логикалық қателермен таныстыру, аргументтерді құру және логикалық ойлау дағдыларын дамыту. |
Тілдік мақсаттар: | дәлелдеме, тезис және аргумент ұғымдарын түсіндіре алады; әртүрлі дәлелдер түрлерін ажыратып, оларды дәлелдеме құрылымында қолдана алады; логикалық қателерді анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын сипаттай алады. |
Күтілетін нәтиже: | дәлелдемелердің құрылымын және оның академиялық мәтіндегі рөлін түсінеді; аргументтерді құру, тезистерді дәлелдеу және логикалық қателерді болдырмау дағдыларын қалыптастырады; мәтінде дәлелдемелер мен аргументтерді сауатты қолдана отырып, логикалық негізділік пен дәйектілікті қамтамасыз етеді. |
Бағалау критерийлері: | Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады. |
Құндылықтарды дарыту: | Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы ((2 мин)) |
Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. |
|
Сабақтың ортасы ((35 мин)) |
Тақырып 7. Академиялық жазылымдағы дәлелдемелер мен логикалық қателер. Жоспар: 1. Академиялық жазылымдағы дәлелдеме. Дәлелдемедегі тезис. 2. Дәлелдеме құрылымы. |
https://youtu.be/xktI2Zp1Pxs?si=QIkf_iAWlCUn3mOD |
Сабақтың соңы ((2 мин)) |
Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Академиялық жазылымда дәлелдеме дегеніміз не және оның негізгі мақсаттары қандай? 2. Аргумент, тезис және демонстрацияның анықтамаларын беріңіз және олардың өзара қалай байланысты екенін түсіндіріңіз. 3. Дәлелдемелі тезисті басқа мәлімдемелерден қалай ажыратуға болады? 4. Тезистің нақты әрі анық болуы неге маңызды және ол қандай тәсілдермен берілуі мүмкін? 5. Аргументтерге қойылатын негізгі талаптар қандай? 6. Аргументтер бір-біріне қайшы келмеу үшін қандай қағидаларды сақтау қажет? 7. Дәлелдемелер құрылымының негізгі түрлерін атаңыз. 8. Сандық, сапалық және аралас дәлелдер дегеніміз не және олардың шынайылығы қалай расталады? 9. Зерттеудің дәлелдемелік базасына қойылатын негізгі талаптар қандай? 10. Логикалық қателердің қандай түрлері жиі кездеседі? |
Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді. |
Рефлексия ((1 мин)) |
Үй тапсырмасы. Академиялық жазылымдағы дәлелдемелер мен логикалық қателер. |
Пікірлер(0)