Тақырып 6. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:
Тақырып 6. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру
01.11.2024
0
4
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған. |
Сабақтың мақсаты: | Академиялық мәтінді макро және микро деңгейде құрылымдауды түсінуін қамтамасыз ету, метамәтіндік элементтерді қолдану дағдыларын дамыту. |
Тілдік мақсаттар: | академиялық мәтіннің макро және микродеңгейдегі құрылымдық элементтерін сипаттай алу; метадискурс маркерлері мен логикалық құрылымды қолданып, мәтіннің түсініктілігін қамтамасыз ету; академиялық мәтінді ұйымдастыруда үш компонентті үлгіні қолдана отырып, мысалдар келтіре алу. |
Күтілетін нәтиже: | академиялық мәтіннің макро және микро деңгейдегі құрылымдық ерекшеліктерін меңгереді; мәтінде метадискурс маркерлері мен логикалық абзацтарды дұрыс қолдана отырып, өз ойларын дәйекті түрде жеткізеді; академиялық мәтіндерді жазу кезінде үш компонентті мәтін үлгісін тиімді пайдаланады. |
Бағалау критерийлері: | Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады. |
Құндылықтарды дарыту: | Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы ((2 мин)) |
Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. | |
Сабақтың ортасы ((35 мин)) |
Тақырып 6. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру. Жоспар: 1. Академиялық мәтіннің негізгі метамәтіндік элементтері. 2. Микро деңгейдегі академиялық мәтін. | https://youtu.be/Rg-v2NmoXW8?si=rHSR7cSffj5FRTh6 |
Сабақтың соңы ((2 мин)) |
Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Академиялық мәтіннің негізгі метамәтіндік элементтері қандай? 2. Үш компонентті мәтін үлгісі дегеніміз не? 3. Академиялық мәтіннің макро және микродеңгейлерінде қандай құрылымдық элементтер сақталуы керек? 4. «Зерттеу сұрақтары → орталық тезис» схемасының рөлі қандай және оның орнына басқа қандай құрылымдық тәсіл қолданылады? 5. Талқылау бөлімінде зерттеу сұрақтарын дәйекті түрде өңдеу үшін қандай әдістер қолданылады? 6. Қорытындының «айна» ұстанымы дегеніміз не және ол «иірім» және «кері иірім» құрылымдарына қалай сәйкес келеді? 7. Мақалада негізгі бөлімді қалай құрылымдауға болады? 8. Қорытынды бөлімнің кіріспемен байланысы қандай? 9. Макроқұрылым мәтіннің бірлігін қалай қамтамасыз етеді? 10. Микродеңгейде мәтіннің құрылымы қандай ұстанымдарға негізделеді? | Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді. |
Рефлексия ((1 мин)) |
Үй тапсырмасы. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру. |
Файлдар:
Файлды ару
Тақырып 6. Макро және микро деңгейде академиялық мәтінді ұйымдастыру
Файлды ару
№6 бейнедәріске сілтеме
Пікірлер(0)