Тақырып 1. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы

Аманғазықызы Мөлдір
Аманғазықызы Мөлдір
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:

Тақырып 1. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы

31.10.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған.
Сабақтың мақсаты: Ғылыми стиль мен стильдің жалпы анықтамасына тоқталу, ғылыми стиль түрлерінің ерекшеліктерін ажырата білу, стильдің тілдік емес ерекшеліктерін анықтау.
Тілдік мақсаттар: "Академиялық жазылым" онлайн курсын оқыту арқылы білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, академиялық жазылым дағдыларын дамыту мақсат етілген.
Күтілетін нәтиже: ғылыми стиль мен стильдің жалпы анықтамасын түсіндіре алу; ғылыми стиль түрлерінің ерекшеліктерін ажырата білу; стильдің тілдік емес ерекшеліктерін айқындай алу.
Бағалау критерийлері: Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.
Құндылықтарды дарыту: Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

((2 мин))

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

((35 мин))

Тақырып 1. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы. Жоспар: 1. Ғылыми стиль мен стильдің жалпы сипаттамасы. 2. Ғылыми стиль түрлері. 3. Стильдің тілдік емес ерекшеліктері. https://youtu.be/ZcHfSz6BUxE?si=LUAuKXq_olFsxlAv

Сабақтың соңы

((2 мин))

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Ғылыми стиль қандай қызмет салаларында қолданылады және оның негізгі функциясы қандай? 2. Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты мен міндеттері қандай? 3. Ертедегі және қазіргі ғылыми туындылардың жанрлық айырмашылықтары қандай? 4. Ғылыми мәтіндердегі компрессия тәсілінің мәні неде? 5. Ғылыми стиль түрлері және оларға тән ерекшеліктерді сипаттаңыз. 6. Ғылыми стильдің тілдік емес ерекшеліктерін атаңыз. 7. Ғылыми мәтінде авторлық эмоция қандай деңгейде беріледі және бұл стильде эмоцияның байқалмауы нені білдіреді? 8. Ғылыми прозаның негізгі түрлері қандай? 9. Қайталама мәтіннің негізгі сипаты қандай? 10. Мәтін бөліктерін өзара байланыстыруда пайдаланылатын арнайы құралдардың қызметтері қандай? Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді.

Рефлексия

((1 мин))

Үй тапсырмасы. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы.

Файлдар:

Файлды ару Тақырып 1. Ғылыми стиль. Стильдің жалпы сипаттамасы
Файлды ару №1 бейнедәріске сілтеме

Пікірлер(0)