Тістің құрлысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі
Биология
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Қоректену
Тақырып:
Тістің құрлысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы. Асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі
25.12.2019
117
1
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
8.1.2.2 Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау.

8.1.2.3 Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау

Сабақтың мақсаты |
Тістің құрылысы, типтері мен қызметтері арасындағы байланысты ажырату;

Тісті күту ережелерін ұсыну;

Асқорыту мүшелері құрылысының қызметімен байланысын түсіндіру.

Бағалау критерийлері |
- тіс құрылысын сипаттайды.

- тіс күтімін біледі;

- ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді;

-ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:

тістің құрылысы, қызметі мен түрлерін, асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтерін тиісті терминологияны қолданып ауызша түсіндіре алады.

тіс түрлерінің атқаратын қызметі мен ерекшеліктері және асқорыту мүшелерінің қызметтерін жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Milk teeth, permanent teeth, to bite, canines, dentine, enamel, flossing, incisors, molars, premolars, pulp cavity, set, to emerge, to shed.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және ..... болады. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ... Тістің ішкі қуысы кеуекті ... ұлпасымен толтырылған. Асқорыту жүйесі бөлімдерден ... тұрады. Асқазанда ... процесі жүзеге асады. Астың механикалық өзгерісі ………………………………….өтеді. Химиялық өзгеріске……………………………………….. ұшырайды. Жұтылу...жүреді. Қорытылу асқазанда... жүреді. Абсорбция немесе сіңірілу... жүреді. Су абсорбциясы... жүреді. Қорытылмаған қалдық.. арқылы шығарылады.

Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. |
Пәнаралық байланыс | Тісті күту ережелерін сақтауда тісті жуғыш заттардағы элементтерді айту барысында, ас қорыту жолында жүретін үдерістер арқылы химия пәнімен байланысады |
Алдыңғы білім |
Оқушылар 5-6 сынып материалынан қоректену - тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі екенін біледі.

Алдыңғы білім | 7 сыныптан «Қоректену» бөлімінен өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтардың қоректенуін сипаттай алады. 7 сыныптан органикалық заттардың болуына тағам өнімдерін тестілей алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (0-4 мин) |
Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Неліктен асты қорыту қажет?» сұрағы қойылады. Оқушылардың жауаптарын астың құрамындағы органикалық заттардың қан арқылы дене жасушаларына өтуі үшін қоректік заттарды қарапайым түрге дейін ыдырату маңызды деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн. Ас қорытылмаса оның жасушаға сіңірілуі мүмкін болмай қалады. Жасуша өзіне қажетті затты ала алмаса ағзаға тамақтану туралы сигнал беріледі де адамның қарны аша береді. Астың жасушаға өтетін түрге айналуы үшін асқорыту мүшелері қажет деген қорытынды шығарылуы тиіс. Сонымен бүгінгі сабақ не туралы екен деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Бұл мүшелер туралы нені білу қажет деп ойлайсыздар деген сұрақты талқылай отырып сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтауға болады. Бағалау критерийлері таныстырылады. |
1-2 слайд

https://bilimland.kz

Сабақтың ортасы (5-32 мин) |

Оқушылар 4 оқушыдан бірігіп топтарда жұмыс жасайды. Оқушылар аялдамаларды аралай отырып білім жинақтайды. Мүмкін болған жағдайда ұсынылған видеоматериалдарды ноутбуктерге алдын ала жүктеп ашып дайындап қойып оқушыларға танысуды ұсынуға болады.

Кейбір оқушылар интернет көздерінен қосымша ақпараттар тауып толықтыра алады. 1-аялдама: Оқушыларға тістің түрлерін ажырату үшін адамның жақ сүйегінің моделі ұсынылады. Оқушылардан тістің түрлері мен қызметін және құрылысындағы айырмашылығын анықтау сұралады. Оқушыларға тістерді салыстыру үшін критерийлер ұсынылады.

- Тістің пішіні қандай? - Қанша түбірлі? - Әр түрдегі тістердің саны қанша? - Қандай қызмет атқаруы мүмкін? Оқушылар салыстыру нәтижелерін жазып алады. Саралау үшін кейбір көмек қажет ететін топтарға тіс құрылысы мен қызметі туралы қосымша материалдар ұсынылады.

2-аялдама: Тістің құрылысы көрсетілген суретте немесе тіс моделінде тістің құрылысымен танысады. Осы жұмыс барысында оқушылар тістің құрылысын сызбаға салып алады.

3-аялдама: Тіске зиянды әсер ететін факторларды атау сұралады. Оқушылар топта талдайды. Талдаудан кейін тістің күтімі туралы видеоматериалдың көмегімен жауаптарын толықтыру сұралады. Оқушылар өздерінің қорытындыларымен бөліседі.

4-аялдама: Асқорыту жүйесінің құрылысын талдайды. Оқушыларға адамның асқорыту жүйесінің суретін таратылады. Асқорыту жүйесінің мүшелерін дұрыс ретімен орналастыру сұралады. Оқушылар жұмыс нәтижелерін салыстырып өзара бағалағаннан соң тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіледі.

5-аялдама: Кезекте оқушылардан әр мүшенің атқаратын қызметтерін жазу сұралады. Өз жұмыстарын толықтыру үшін оқушыларға асқорыту жүйесінің жұмысы туралы «Ас қалай қорытылады» видеоматериалы немесе ақпарат парақшасы ұсынылады. Оқушылар асқорыту жүйесінің әрбір мүшесінде жүретін процесстерді жазып алады.

6-аялдама: Асқорыту бездерімен танысады.

1, 2 - қосымша

3-10 слайдтар

https://bilimland.kz

Сабақты бекіту (33-38 мин) |

Тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін оқушыларға асқорыту жүйесінің барлық бөлімдерін және қызметі жазылған карточкалардың көмегімен әр мүшенің қызметін сәйкестендіре орналастыру сұралады.

Саралау тапсырмасы ретінде кейбір оқушыларға адам денесінің моделінде асқорыту мүшелерін көрсетіп, әрқайсысының қызметін атау тапсырмасы ұсынылады.

3-қосымша

https://bilimland.kz

Сабақтың соңы (39-40 мин) |

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтың:

• ең тәтті тұсы...

• ең ащы тұсы...

• келесі сабақтағы тапсырыс ...

Кері байланыс сабақтың мазмұнына қатысты жүргізіледі.

Үй тапсырмасы:

асқорыту мүшелерінің жұмысы туралы комикс кітапшасын жасау.
| Кері байланыс парақшалары |
Қосымша ақпарат

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға: Сабақ бойында күрделі сұрақтарға жауап беру. Қабілеті орташа оқушыларға: Өз ойын мұғалімнен сұрап, талдау жасай алады Жұмыс барысы бойынша қолдау көрсету Мұғалімнің қолдауы көрсетіледі. Деңгейлік тапсырмалар ұсынуға болады. Тақырып мазмұнын әртүрлі аялдамаларды аралай жүріп өзінің қалауы бойынша зерттеу арқылы меңгеруі.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Кіріспе бөлімінің сұрақтары, түрткі сұрақтарға жауапты мұғалімнің бағалауы. Ынталандыру, қолдау көрсету. Топтық талқылау жұмысына оқушылардың өзара баға беруі Таратпа материалдармен жұмыс жасай білуі Ұсынылған тапсырмаларды орындауы Бекіту тапсырмасының нәтижесі бойынша

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Аялдамаларды аралау кезінде тәртіп сақтап, міндетті түрде топпен қозғалу ескертіледі. Аялдамаларды аралау кезінде оқушылар белсенді қимыл-қозғалыста болады.

Пікірлер(0)