Периодтық кестенің құрылымы

Мустафина Гулжанат Калкамановна
Мустафина Гулжанат Калкамановна
ЗКО
Уральск
"№ 19 орта жалпы білім беретін мектебі" ММ
Химия
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Химиялық элементтердің периодтық кестесі
Тақырып:

Периодтық кестенің құрылымы

25.12.2019
803
PDF жүктеу WORD жүктеу
Периодтық кестенің құрылымы • Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды; • Периодтық кестеден топтар мен периодтарды ажыратады   

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5-7 мин)

Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Лотерея билеті» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Топтың атаулары жаңа сабақта кездесетін термин сөздермен жазылады. 1топ «Период» 2топ «Сілтілік металдар» 3топ «Галогендер» 4топ «Ауыспалы металдар» Ширату мақсатында «Сұрақ менен, жауап сенен» «Доп лақтыру» әдісі арқылы допты жеке-жеке оқушыларға лақтыра отырып, «Мотивациялық сұрақтар» қою арқылы жаңа сабаққа көшемін. -Металдар мен бейметалдардың қандай айырмашылығы бар? -Периодтық заңды алғаш ұсынған ғалым? -Қазіргі таңда неше химиялық элемент белгілі? -Неліктен Ньюлендстің октавалар заңы периодтық жүйені құруда дәл болмады? -Триада дегеніміз не? Оны қай ғалым ұсынды? Оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырамын. ҚБ. Оқушыларды «қол шапалақтау » әдісі арқылы бағалаймын.   Үстелдерге топ аттары жазылған ақ қағаздар, доп, лоторея салынған табақша

Сабақтың ортасы

(30-33 мин)

Оқушыларға тақырыпқа қатысты оқулықтан тыс мәтін беріледі. Сол мәтінді пайдана отырып БББ кестесін толтырады. Білемін Білгім келеді Білдім Кестені пайдаланып оқушыларға нені білемін? не білгім келеді? бөлімін талқылатып, топпен жұмыстануға тапсырма беріледі. ТЖ : Оқулықпен жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы жұмыстанады. Топтың ішінде оқушылар А В С Д Е деп бөлісіп әрбір оқушы мұғалім рөліне еніп, басқа топ мүшелеріне берілген тапсырмаларын түсіндіреді. Барлығы түсіндіріп, орындарына қайтіп келіп, өзара талқылайды. Кері байланыс орнату. 1) Топта жұмыс істеу ұнады ма? 2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен? Б. Топтар бір-бірін «смайликтер» арқылы бағалайды. Әрбір оқушының қолында смайликтердің түрлері болады. Бағалау критерийі: -өте жақсы тапсырма нақты жүйелі түсіндірілсе; -жақсы тапсырма жүйелі бірақ толықтыруды қажет етеді -орташа әліде жұмыстануды қажет етеді Барлық оқушыларға: Тапсырма №1 С. Сәйкестендір: Элементтер Қасиеттері Натрий Хлор Бром Гелий Темір Сутек сынап Металл Инертті газ Жеңіл газ Сұйық металл Сұйық бейметалл Галоген Сілтілік металл Дескриптор -Элементтердің қасиеттерін сипаттап ажыратады; ҚБ «Бағдаршам» әдісі Бағалау критерийі :Берілген суреттерді қасиеттеріне қарай жіктейді. Жауаптарын (іс-әрекеттерін) нақтылайды. Орташа жақсы өте жақсы Дайын үлгі жауап арқылы ұжымның өзара кретириалды бағалауы жүзеге асырылады. Ж. Тапсырма№2 Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Элементтер қатарында Si →P → S → Cl A) бейметалдық қасиет артады B) атомдағы протон саны төмендейді C) атомдарда электрон қабатының саны артады D) атомдардың жоғары оксидтерінің тотығу дәрежелері төмендейді 2. Металдық қасиет мына қатарда өседі: A) Ca – Mg – Be B) Ca – Sr – Rb C) Al – Mg – Be D) Ba – Na – Li Дескриптор Білім алушы − кіші периодтарда ядро зарядының мәні артқан сайын қай белгінің артатынын көрсетеді; − металдық қасиет өскен элементтер қатарын анықтайды; Тапсырма №3 Оқушылардың басым бөлігіне және кейбір оқушыларға: Периодтық жүйенің берілген сұлбасына: а) период және топ нөмірлерін; ә) сутек, оттек, гелий, азот, фтор, хлор, аргон, неон, криптон, ксенон және радон газдарын түзетін элементтерді; б) сынап және бром сұйықтықтарын түзетін эле мент- терді; в) темір, мыс, хром, вольфрам қатты заттарын түзетін элементтерді көрсетіңдер. г) элементтердің адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар. Дескриптор -период және топ нөмірлерін анықтап орналастырады; -қасиеттеріне байланысты газ, сұйық, қатты заттарды түзетін элементтерді ажыратады; Элементтердің адам өміріндегі маңызын сипаттайды. Сабақтың соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып кері байланыс жазылады.   Периодтық кестенің сызба-нұсқасы

Сабақтың соңы

(5 мин)

Кері байланыс. БББ кестесіне оқушылар не білдім? бөлімін талқылап, топтар өзара пікірлерімен бөлісіп, кестені толтырады. Оқушылардың жеке пікірі тыңдалады. Кері байланыс барысында оқушылардан рефлексияда алынады. БББ кестесі

Қосымша ақпарат

Алдыңғы оқу бойынша ауызша сұрақтар беріледі. Оқушылардың дұрыс жауабы ауызша мадақтау арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың топтық жұмыс жасауын бақылаймын. Сабақтың әр кезеңінде берілген критерийлерге сәйкес формативті бағалауды жүзеге асырамын, соның ішінде топтық бағалау. Топтық жұмыстан соң топтар өзара бірін бірі «Смайликтер» арқылы бағалайды. Жеке және жұптық жұмыстарда оқушылардың нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексеріледі. Және оқушылардың жұмыс дәптеріне мұғалім кері байланыс жазып отырады. Сабақ басында БББ кестесі арқылы бүгінгі сабақта Нені білетінін? Нені білгісі келетінін? Нені білгенін анықтау мақсатында рефлексия жасатылады. Осы жерде бір мезгілде кері байланыс алынады.  

Файлдар:

Файлды ару Периодтық кестенің құрылымы

Пікірлер(0)