Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Қызылорда
Қызылорда
№7 мектеп-лицей
Жаратылыстану
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Ғарыш
Тақырып:

Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

24.08.2020
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу 
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: адамдардың ғарышты қалай зерттегенін әңгімелейді. Көптеген оқушылар: күнтізбедегі 1 айдағы тәулік санын атайды.. Кейбір оқушылар: аспан денелерін зерттеу мерзімін болжайды.  
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: адамдардың ғарышты қалай зерттегенін әңгімелейді. Пәнге тән лексика мен терминология: күнтізбе, рет, жаңалық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Адамдар ең алғаш қандай астрономиялық жаңалықтар ашты? -Адам Ай мен Күнді бақылай отырып, тағы қандай жаңалықтар ашты? -Ежелгі заманда адам күнтізбелерді не үшін пайдаланды?  
Күтілетін нәтиже: Адамдардың ғарышты қалай зерттегенін әңгімелейді, адамдардың ең алғаш қандай астрономиялық жаңалықтар ашқанын анықтайды
Бағалау критерийлері: Адамдардың ғарышты қалай зерттегенін әңгімелейді.
Құндылықтарды дарыту: «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы негізінде оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дамыту.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Слайд, бейнежазба
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, ағылшын тілі, орыс тілі
Бастапқы білім: Ғарыш, оны зерттеу туралы алғашқы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қайталау. - Ғарыш деген не? -Астрономия нені зерттейді? -Шоқжұлдыздар көмегімен нені бағдарлаған жеңіл? -Адамдар ғарышты қалай зерттеді? - Ендеше, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не туралы? -Олай болса, мақсатымызға жету жолында түрлі тапсырмаларды орындап көрейік.  

Сабақтың ортасы

(30 минут)

(Ж) 1-тапсырма «Топтастыр» әдісі қолданылады. Ерте заманнан адамдар аспан әлеміне таң қала қараған. Олар түрлі жорамалдар жасап, кейінірек ғарышты зерттей бастады. Зерттеу барасында олар шоқжұлдыздарды байқаған. -Балалар, ғалымдар қандай жұлдыздарды байқаған болатын? Кейінірек олар жұлдыздарды телескоп арқылы зерттеген екен. Қанекей, біз де телескоп арқылы байқап көрейікші. Алдарыңдағы телескоппен жұлдыздарды көріп алайық. / Оқушылар алдарындағы телескоппен тақтадағы кішкентай айға қарайды. Ал енді түн болды. Барлығымыз көздерімізді жұмайық. / Оқушылар көздерін жұмады, оқытушы кішкентай айды үлкен айға ауыстырады. / Балалар, сендер не байқадыңдар? -Біз телескопдың көмегімен кішкентай айды үлкейтіп көре алады екенбіз. Телескоптар біздің ғаламның кереметтерін көзбен көруге мүмкіндік берді. Алғашқы телескоп өте ерте кезде жасалды. -Балалар, қазір қандай жаңалық ашуға болады? Бүгінгі күні біздер жиырма бірінші ғасырда өмір сүргенімізбен, телескоп бәріне қолжетімді емес. Алайда, қазіргі таңда балаларға арналған 3D көзілдіріктер бар. / Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып, көзілдірікті кигізіп көрсетеді. / Дескриптор: -Шоқжұлдыздар тобының бейне құрайтынын түсінеді. -Телескоптың көмегімен кеңістікті бағдарлауға болатынын біледі. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүреді. Кейбір оқушыға: Қазір қандай 3D жаңалық ашуға болады? ҚБ:«Жұлдыздар» әдісі. Сары жұлдыз – телескоппен жұмыс жасай алса; Сағыш жұлдыз – телескоппен жұмыс жасауда көмек қажет етсе; Қызыл жұлдыз – телескоппен жұмыс жасауға қиналса. Сергіту сәті: «Күн мен түн» ойыны. Мұғалім кезекпен «Күн мен түн» деп айтып тұрады. Егер «күн» десе оқушылр орнынан тұрып ән айтады, «түн» десе орнына отырып ұйықтайды. (ҰЖ) 2-тапсырма «Жас зерттеушілер» әдісі арқылы іске асырылады /ағылшын тілінде/ Балалар космонавт күн жүйесіне жету үшін ракетаға мінуі керек. Қанекей бәріміз ракеталарымызды жабыстырайық. Космонавт ғарышқа ұшқанда скафандр киеді. / Оқушылар скафандр жайлы айтады. /Оқушылар ағылшын тілінде кері санап, ғарышқа ұшады. Оқытушы балалардан ағылшын тілінде ғаламшарлар жайлы сұрақ қояды. Күн жүйесін зерттеп болғаннан соң, оқушылар жерге оралады. -Балалар, адамдардың ашқан тағы да бір жаңалығы – Күн жүйесіндегі тоғыз планета. Сендер не байқадыңдар? Сол тоғыз планетаның айналасында жұлдыздар бар екен. Ендеше сендер тоғыз планета көрсеңдер, галактикаларыңа тоғызжұлдыздарды жабыстырып алыңдар. Бейнеролик Бейнежазбаны тамашалап, оқулықтың 53-бетіндегі мәтінмен таныс. Сұрақтарға жауап беріп, пікірлеріңді дәлелдеңдер. -Ежелгі заманда адам күнтізбелерді не үшін пайдаланды? -Адамдардың ашқан тағы да бір жаңалығы – күнтізбелер. Қазір біз сендермен бірге күнтізбе жасайтын боламыз. (ТЖ) 1 – топ. Жыл мезгілдерін сәйкестендіру. 2 – топ. 12 Айдың атауын ағылшын тілінде жазу. 3 – топ. Ай күндерінің соңғы күндерін табу. 4 – топ. Апта аттарын ретімен жазу. Дескриптор: - Адамдардың күнтізбені қалай пайдаланғанын әңгімелейді. - Күнтізбені өздері құрастырады. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді. Кейбір оқушыларға: -Аспан денелерін зерттеу қанша уақыт алу мүмкін? ҚБ: «Ғаламшарлар» әдісімен алынады. Жер - Адамдардың күнтізбені қалай пайдаланғанын әңгімелей алса; Күн- Адамдардың күнтізбені қалай пайдаланғанын әңгімелеуде қиналса; Ай - Адамдардың күнтізбені қалай пайдаланғанын әңгімелей алмаса. КБ. Ерте замандағы халықтардың жаңалығы – күнтізбе болса, біздің қазіргі жаңалығымыз –Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын Күн батареясы. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау үшін де қолданылады. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды токпен қоректендіру көзі болып табылады. / Оқытушы күн энергиясынан қуат алатын аппаратты оқушыларға көрсетеді. / -Адамдар аспан денелерін қалай зерттеген? Олар не істеген? Неге? Қазақ халқы көшпелі өмір-тіршіліктен тартып бүгінге дейін қоршаған ортаны, табиғаттың қыры мен сырын бақылау арқылы өмір тәжірибелерін толықтап отырған. Соның маңызды бір бөлегі ауа райына қатысты болжамдар. Күннің тұманды мұнардан көтерілуі ауа райының ыстық болуының нышаны. Ал батар күн қызыл шапаққа малынып барып ұясына кірсе, ертеңінде шыжыған ыстық болатынын білдіреді. Қыс айларында көкжиек ашық болып, қызыл шапақ шашса ауа райы жылы болатындығының нышаны. Күн көзі жаз айларында бұлттанып батса жаңбыр болады. Бұл қыс айларында қардың нышаны. Күннің қоралануы қыс айларында қардың қалың болуына бастайды. Ал Айдың қоралануы қыстың қатты болуының нышаны.   http://xage.ru/kak-sdelat-prostejshij-teleskop/

Сабақтың соңы

<p>Астрономиялық жаңалықтар туралы сурет бойынша әңгімелейді.<br></p> http://www.astrogorizont.com/content/read-Telescope

Рефлексия

&nbsp;Оқушылар алдарындағы үлкен жұлдыздарды егер сабақ ұнаса, тақтада ілініп тұрған галактиканың ішіне, егер ұнамаса сыртына жабыстырады. Балалар, аспанда осындай жұлдыздар болса, сендер біздің мектептің жұлдызысыңдар. http://fishki.net/1472472-kak-sdelat-teleskop-refraktor-svoimi-rukami-iz-ochkovyh-stekol.html

Пікірлер(0)