"Қызыл кітапқа" енген жануарлар

Аубакирова Толкын Конысбековна
Аубакирова Толкын Конысбековна
Акмолинская
Атбасар
Родионовская ОШ
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
Тақырып:

"Қызыл кітапқа" енген жануарлар

20.03.2020
127
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.1.5.1 — перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;

8.4.4.2 — нақтылық демеуліктерді жазбаша жұмыстарда қолдану  

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннен ақпаратты табу дағдысын дамыту;

Мәтін бойынша ой қорытындысын жасай алу;   

Нақтылық демеуліктерді анықтау;

Оларды сөйлемдерде қолдану.  

Тілдік мақсаттар:

Жойылып кету қаупі,  төлқұжаты, сирек кездесетін түрлер, саны күрт азайып бара жатқан түрлер

Бағалау критерийлері:

Мәтіннен қажетті ақпаратты табады;

Мәтін бойынша ой қорытындысын жасайды;

Нақтылық демеуліктерді табады;

Оларды сөйлемдерде қолданады.   

Құндылықтарды дарыту:

қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу

АКТ-ны қолдану дағдылары:

интерактивтік тақта арқылы бейнематериал тамашалау

Пәнаралық байланыс:

биология, экология, география

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5-7 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау.

Оқушыларға «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі .....» сөйлемді жалғастыру арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Қызығушылықты ояту «4 сурет 1 сөз әдісі».

Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа енген жануарлар».

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру .

Бейнематериал тамашалау






https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y

Сабақтың ортасы

(30 мин)

1- тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Қызыл кітап не үшін керек?

- Қызыл кітапқа енген қандай жануарларды білесіңдер?

- Олар қай жерлерді мекендейді?

- Олар немен қоректенеді?

- Оларды адамдар не үшін аулайды?

- Ауылыңда Қызыл кітапқа енген жануарлар немесе құстар бар ма?

2-тапсырма. «Жүгіртпелі диктант» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жасау.

 Суретпен жұмыс Қызыл кітапқа енген жануарларды көрсету

Мәтін тарату.

3-тапсырма. Мәтінді оқиды. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап,ой тұжырымдайды.

Сергіту сәті. «Пазыл құрастыру»

4-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны арқылы демеуліктерді қолданып, сөйлем құрастырады.   

Сабақтың соңы

(3 мин)

5-тапсырма.  Жер бетінде жануарлар жойылып кетсе, не болады деп ойлайсың?

«Ашық микрафон» деген айдармен өз жазғандарын оқиды. .  

Рефлексия

(2 мин)

Кері байланыс: «Блоб ағашы»

Үй тапсырмасы.   Оқулық, 57-бет, 11-тапсырма  

Оқушылар стикер арқылы өз орындарын белгілейді

Пікірлер(0)